Саясат

Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін Ақордаға шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлгінов президенттің елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, президенттің елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндады.

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін Ақордаға шақырды - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Сонымен қатар қала әкімі мемлекет басшысына қаланы абаттандыру және жылыту маусымы жайында ақпарат берді.

Тағы оқыңыз: Көлгінов Тоқаевтың алдында маңызды мәселені көтерді

Президент әкімге жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларды қолдау, үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымдық дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы  және уақытылы орындау керектігін атап айтты.

Жаңалықтар
0