Тоқаев Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді

Тоқаев Ақордаға әкімдерді жинады - олардан не талап етті?

1569
(Жаңартылды 18:19 24.01.2020)
Президент әкімдерге бірнеше тапсырма берді, ал кеңестен кейін кейбір басшылармен жекелей кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

Президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына өңірлерді дамытудың өзекті мәселелерін жедел шешу жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

"Ел экономикасын дамытудың негізгі міндеті – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және ішкі тұрақтылықты сақтау. Сондықтан бәріміз мемлекет мүддесі жолында еңбек етуге тиіспіз", – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті биылғы жыл қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болатынын атап өтті. Оның пікірінше, мерейтойларға арналған іс-шараның барлығы іскерлік және атаулы сипат алуы тиіс.

"Бұл әдеттегі аста-төк мерекенің бірі емес, қайта идеологиялық тұрғыдан ілгерілеуге және қазақстандықтарды біріктіруге бағытталған прагматикалық шаралар кешені болуы керек. Президент әкімшілігі өңірлерге шаралардың идеологиялық мақсат-міндетіне қатысты нақты нұсқау береді", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев волонтер жылын сапалы өткізудің маңыздылығына назар аударып, әкімдерге мұның министрліктің немесе үкімет деңгейінде өткізілетін кезекті бір акция емес, еліміздің бүкіл аймақтарындағы азаматтардың басым бөлігін қамтитын жүйелі жұмыс екенін ескертті. Бұл істе атқарушы органдар шешуші рөл атқаруы тиіс.

Сонымен қатар мемлекет басшысы әкімдерге тұрғындар тарапынан түсетін өтініштер мен талап-тілектер бойынша атқарылатын жұмысты күшейтуді, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті беру кезінде мақсатты топтарға тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді тапсырды. Президент халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау және оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырып, төтенше жағдайлардан сақтанудың маңыздылығын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты тапсырма берді

Қазақстан президенті сөзінің соңында өңірлерді дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу әкімдерге жүктелген маңызды міндет екенін айтты.

Кеңестен кейін мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың бірқатар әкімдерімен жекелей кездесті.

1569
Кілт сөздер:
әкімдер, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорда
Тақырып бойынша
Тоқаев қымбат көліктерге мораторий жариялауды ұсынды
"Рұқсат етілмейді": Тоқаев Назарбаев құрған Ұлттық қор туралы айтты
Көктемде кейбір шенеуніктер қызметінен алынуы мүмкін – Тоқаев себебін түсіндірді
Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысына қатысты өз ойын білдірді
Тоқаев Алматыдағы ұшақ апаты жайлы: маған зардап шеккендер хат жазып жатыр
Тоқаев облыс әкіміне ақшаны оңды-солды шашпауға кеңес берді
парламент мәжілісінің ғимараты

Парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды - Тоқаев жарлыққа қол қойды

443
(Жаңартылды 09:39 21.10.2020)
Мемлекет басшысының жарлығымен парламент мәжілісінің сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді деп белгіленді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда парламенттің төменгі палатасының кезекті сайлауын өткізу күнін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен бекітті.

Парламент сайлауын тағайындау регламенті

Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады.

Мәжілістің бұған дейінгі сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында, бірінші сессиясы 2016 жылдың 25 наурызында өтті. Дәл осы күннен бастап палатаның қазіргі құрамының өкілеттігі басталды.

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Осылайша, мәжілістің қазіргі шақырылымының өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің қазіргі шақырылымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталатын парламенттің төменгі палатасының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі қажет.

"Қазақстандағы сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан президенті кезекті сайлауды мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес ай бұрын тағайындайды.

Қазір мәжіліс депутаттары 2020 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған алтыншы шақырылымның алтыншы сессиясы аясында жұмыс істеп жатыр.

Қазақстанда қанша мәжіліс сайлауы өтті

Қазіргі Қазақстан тарихында парламент мәжілісіне сайлау алты рет - 1995, 1999, 2004, 2007, 2012 және 2016 жылдары өтті.

Олардың ішінде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы үш рет  – 2007, 2012 және 2016 жылдары (мәжілістің үшінші, төртінші және бесінші шақырылымы) тағайындалды.

Мәжіліс құрамы

Қазақстан Конституциясына сәйкес, мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Тоғыз депутат Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланады. Қалған 98 депутат бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізім негізінде сайланады. Яғни, сайлаушылар өз дауысын саяси партияларға береді, ал олар өз кезегінде кандидат тізімін қалыптастырып, оны орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Партиялар мәжіліске өтуі үшін 7 проценттік шекті еңсеруі қажет.

Мәжілістегі орындар партияның сайлаушылардың қанша процент дауысына ие болғанына байланысты бөлінеді.

Жаңа заңға сәйкес, (2020 жылдың мамырында қабылданды) саяси партияларды құру үшін тіркеу шегі партияның 40 мың мүшесінен 20 мыңға дейін төмендеді. Сондай-ақ, партиядан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу үшін тізімге енгізілген адамдардың жалпы санынан жастар (29 жасқа толмаған адамдар) мен әйелдер үшін кемінде 30% мөлшерінде квота белгіленді.

443
Кілт сөздер:
Мәжіліс, сайлау
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

1446
Әңгіме барысында қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету мәселесі де сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі. 

Әңгіме барысында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян жуырда Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының нәтижелеріне назар аударды.

Оқи отырыңыз: 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді

Сапар аясында Қазақстанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы және фармацевтика сияқты салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын.

Сондай-ақ тараптар қазіргі уақытта қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету тақырыбына тоқталды.

Соңында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдейтініне және кеңейе түсетініне сенім білдірді.

 

1446
Кілт сөздер:
Назарбаев, Елбасы
Депутаттың жұмыс үстелі

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

22
2016 жылы алтыншы сайланған мәжіліс депутаты атанған Глеб Щегельский экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды. Депутаттар әріптесі Глеб Щегельскийді еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экология және табиғатты пайдалану комитетін басқарған Глеб Щегельскийдің мезгілсіз қазасына байланысты палата өкілдері мен отырысқа қатысқан үкімет мүшелерінің атынан тағы да көңіл айтып, қайғыға ортақтасатынын жеткізі. 

"Глеб Анатольевич өзінің бар күш-жігерін мен тәжірибесін ел игілігіне жұмсады. Ол үкіметпен тығыз жұмыс істеді, нағыз патриот болды. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз", – деді Нығматулин. 

Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский 2020 жылдың 17 қазанында 51 жасында кенеттен қайтыс болды.

Глеб Щегельский туралы

Ол 1969 жылы Целиноград облысының Степногорск қаласында туған. Мәскеудің С.Орджоникидзе атындағы Авиация институтын бітірген.

Еңбек жолын Ақтөбе ферроқорытпалар зауытында балқытушы, инженер болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары, "Рика ТВ" ЖШС директорының орынбасары, индустрия және сауда министрлігінің Ақтөбе техникалық реттеу және метрология департаментінің директоры болып еңбек еткен.

Глеб Щегельский
Глеб Щегельский

2012 жылдан бесінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты. Мәжілістің қаржы және бюджет комитеті мен "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі. 2016 жылы алтыншы сайланған мәжіліс депутаты атанған ол экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болды.

Астанаға 10 жыл, "Нұр Отан", Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медальдерімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.

Төрт баласы бар.

22
Кілт сөздер:
депутат, еске алу шарасы, мәжіліс отырысы
Тақырып бойынша
Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды
Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды
Министр Абаев еден жуған жылдарын еске алды  
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды
Бір минут үнсіздік: Тоқаев пандемия құрбандарын еске алды – видео