Назарбаев Центр. Библиотека первого президента Казахстана

Назарбаев қорғаныс министрі мен Ресейдегі елшіні қабылдады

767
(Жаңартылды 15:04 01.02.2020)
Елбасы еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту мен технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, сондай-ақ Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаевпен кездесті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Қорғаныс министрімен әңгіме барысында Елбасы Қарулы Күштердің мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев армияның жауынгерлік дайындығын сақтау, еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту мен технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

"Сіздің жұмысыңыз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Халық Қарулы Күштердің мүмкіндіктеріне сенімді болуы керек. Біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы осыған байланысты", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

 Ал Көшербаевпен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Елбасы Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы қызметіне қатысты мәселелерді сапалы зерттеу және қарастыру қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

Естеріңізге сала кетейік, Ермек Көшербаев Иманғали Тасмағамбетов зейнетке шыққаннан кейін, 29 қаңтар күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалған еді.

767
Кілт сөздер:
Нұрлан Ермекбаев, қорғаныс министрі, Назарбаев
Тақырып бойынша
"Жағдай өзгеріп жатыр": Назарбаев Донақовты қабылдады
Назарбаев Әсет Исекешевке бірқатар тапсырма берді
"Рұқсат етілмейді": Тоқаев Назарбаев құрған Ұлттық қор туралы айтты
Есімов Назарбаевқа сыртқы қарыз 5,1 миллиард долларға азайғанын хабарлады
Назарбаев Nur Otan партиясының кеңейтілген отырысын өткізеді
Нұржан Әлтаев

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр депутат Әлтаев

433
(Жаңартылды 15:45 27.11.2020)
Нұржан Әлтаевқа жаңа партияның басқарушы органына кіру ұсынылды. Қазіргі уақытта ол Nur Otan партиясының мүшесі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы жаңа саяси партия құрылатынын жариялады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев хабарлады.

"Менің білуімше, олар (El Tiregi – Sputnik) әділет департаментіне тіркеуге өтініш беріп үлгерген", - деп атап өтті Әлтаев.

Толығырақ 27 қарашада "El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының 7 бастамасын ашық талқылау" атты алғашқы халықтық ой-талқының отырысында хабарланады.  

Sputnik Қазақстан тілшісі Әлтаевтан Nur Otan партиясында қалуды жоспарлап отырған жоқсыз ба деп сұрады.

"Маған осы бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіру туралы ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын", - деді Әлтаев.  

Сонымен бірге, депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты еске түсірді. Егер ол орындалмаса, Әлтаев одан шығуы мүмкін.

"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда мен бұл партиядан шығуға тура келеді", - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды 

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

2020 жылдың 5 қарашасында Орталық сайлау комиссиясы 6 саяси партияға сайлауға қатысуға рұқсат берді, жаңадан құрылған саяси партия 2021 жылғы науқанға қатыса алмайды.

27 қарашада ЖСДП партиясы съезд  өткізіп, сайлауға бойкот жариялау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Қазақстанның бес саяси партиясы – Nur Otan, "Ақ жол", "Ауыл" "Адал" (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстанның халық партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады.  

433
Кілт сөздер:
Нұржан Әлтаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады
ЖСДП жетекшісі Асхат Рақымжанов

Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады

898
(Жаңартылды 13:00 27.11.2020)
Партия төрағасының мұндай ұсынысы түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бірақ басым көпшілігі бойкотты қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) мүшелерінің көпшілігі өздерінің көшбасшысы Асхат Рақымжановтың алда өтетін мәжіліс пен мәслихат сайлауына бойкот жариялау туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Партияның сайлау алдындағы съезі 27 қарашада өтті. Асхат Рақымжанов өз серіктестерін елдегі кез-келген сайлауды елеусіз қалдыруға шақырды.

"Билік оппозицияны дәстүрлі түрде сайлауға қосымша дауыс беру есебі ретінде қатысады және сайлауға қатысушылардың қосымша пайызын ғана алады деп санайды", - деді Рақымжанов.

ЖСДП төрағасы өз партиясының үкіметтік жобаға айналмауы керектігін баса айтты. Оның мұндай ұсынысы түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бірақ басым көпшілігі – 32 партия мүшесі – бойкотты қолдады, үшеуі – қарсы, бесеуі – қалыс қалды.

"Мұндай шешім шынымен де қиын. Бірақ мен уақыт өте келе біздің шешіміміз дұрыс болғанын тарих өзі көрсетеді деген сенімдемін. Менің ойымша, бұған барлығы да көз жеткізеді. Парламенттің сайланбайтынына, оның тек басқарылатынына көз жеткізесіздер әлі", - деді Рақымжанов дауыс беру қорытындыларын шығарғаннан кейін.

Сонымен бірге, ол алдағы уақытта партияның жұмысын жалғастыра беру керектігін баса айтты.

"Өмір бұл бойкотпен тоқталмайтыны анық, әлі де сайлау болады. Біз партия құруды жалғастыруымыз керек. Уақыт өте жылдам. Біз биыл көп нәрсе жасауға тырыстық, бірақ объективті факторлар бізге кедергі болды", - деді ол.

Рақымжанов келесі жылы жақсы әрі жаңа мүмкіндіктер болады деп санайды. Сонымен бірге партияның келесі саяси кеңесінің жаңа бағдарламасын жасау туралы шешім қабылданды.

"Біз жаңару бағытын жариялауымыз керек. Партияның жаңаруы маңдайшадағы жазуды ауыстыру сияқты болмауы керек. Біз жұмыс әдісін өзгертуді де қолға алуымыз керек. Саяси кеңестің келесі отырысына партияның жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет", - деді Рақымжанов.

Рақымжановтың айтуынша, президенттік сайлауға қатыспаған ЖСДП-ның парламенттік сайлауға бойкот жариялауы партияға ешқандай қауіп төндірмейді.

"Партиямыздың жабылуы үшін біз қатарынан екі парламенттік сайлауды өткізіп жіберуіміз керек", - деп түсіндірді ЖСДП жетекшісі.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды

Айта кету керек, 18 қыркүйекте ЖСДП төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев партия келесі парламенттік сайлауға бойкот жарияламайды деп мәлімдеген болатын.

Ал енді Қазақстанның бес саяси партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады. Олар : Nur Otan, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Ауыл" ауылшаруашылық партиясы мен Adal (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстан коммунистік халық партиясы.

898
Кілт сөздер:
партия, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Adal партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Мәжіліс сайлауы: Қазақстанда кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

8
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

8