Ақорда

Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді

66
(Жаңартылды 20:14 24.02.2020)
Кездесу барысында екі ел арасында сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.

Глава государства принял вновь назначенного посла Казахстана в Украине Дархана Калетаева
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады

"Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді", - деп жазды Ақорда.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Дархан Кәлетаев туралы не білеміз?

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Приозерное ауылында туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1995 жылы министрлер кабинеті жанындағы тіл комитетінің бірінші санаттағы маманы, жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары президент әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры, сенат депутаты, дін істері және азаматтық қоғам министрі, қоғамдық даму министрі, премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 25 наурызынан 18 желтоқсанына дейін Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

66
Кілт сөздер:
Украина, елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев "Air Astana" басшылығымен кездесуде қандай мәселе көтерді?
Тоқаев: Кардиохирургия орталығы – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба
Тоқаев интернетті қымбаттатпауды тапсырды
Тоқаев министр Абаевқа қандай тапсырма берді?
Тоқаев Жүрсіновке жаңа жұмыс тауып берді
Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз керемет - Тоқаев
ҰҚШҰ елдерінің тулары

Президент ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

631
Мемлекет басшысы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын әрі қарай дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Жиын видеоконференция форматында өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы бүгін сағат 15.00-де өтеді.

"Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды. Алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады.

Айта кетейік, 2019 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы Бішкек қаласында өтті.

631
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев

Өзбекстан президенті Тоқаевқа қоңырау шалды

48
(Жаңартылды 20:36 01.12.2020)
Қос президент күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді.

"Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделілік танытты", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады.

Қазақстандағы Тұңғыш президент күні

Жыл сайын 1 желтоқсанда қазақстандықтар ұлттық мереке – Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Бұл күн мереке ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ – 1991 жылы 1 желтоқсанда алғашқы жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7% дауысқа ие болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның абыройын асырған Қарақат Башанова туралы жазды

Он күннен кейін елдің бірінші президенті Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойды. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес республиканың тәуелсіздігін жариялады. Қазақстандықтар бұл күнді 2012 жылдан бері атап өтіп келеді.

48
Кілт сөздер:
Шавкат Мирзиёев, Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Тақырып бойынша
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
"Кінәлілер жауапқа тартылады": Тоқаев Алматыдағы оқиғаға қатысты тапсырма берді
Тоқаев пен Мясникович ЕАЭО саммитінің күн тәртібін талқылады
Тоқаев арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтты
Маржықпаев Көкшетауда Тоқаев пен Путиннің қатысуымен форум қашан өтетінін айтты
Морозная погода

Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

0
Желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болады, айдың ортасында аяз болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Желтоқсан айының ортасында Қазақстанда отыз градус аяз болады. Сынап бағанасы республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде төмендейді, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, желтоқсанның бірінші онкүндігінің басында және соңында республиканың солтүстік жартысында, орталығында және шығысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады.

"Ауа температурасы түнде -23-28°С, күндіз -12-20°С болады. Онкүндіктің соңында аяз түнде -13-23°С дейін, күндіз -5-13°С дейін әлсірейді", - делінген хабарламада.

Еліміздің батысында ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -15-25°С, күндіз -7-15°С шамасында болады. Бірінші онкүндіктің соңында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -9-15°С, күндіз 0, -5°С дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында түнде -2-10°С тан -8-16°С дейін, күндіз -2+3°С тан -3-8°С-қа дейін температура ауытқиды деп болжанып отыр.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында онкүндіктің басында және соңында жауын-шашын жауады, онкүндіктің басында тау және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, көбінесе қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді. Ауа температурасы түнде -5-13°С-тан  -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+5°С-тан -8-13°С-қа дейін төмендейді.

Қазақстанда аяз болады

Қазгидромет республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсан айының ортасында термометр бағанасы түнгі сағаттарда -22-30°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін төмендейтінін хабарлады.

Қазақстанның батысында екінші онкүндіктің басында және соңында ауа температурасы түнде -10-18°С, күндіз -5-13°С-қа дейін айтарлықтай төмендейді.

Елдің оңтүстік бөлігінде екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді.

Айдың соңында Қазақстанның барлық аумағында аяздың беті қайтады.

Сонымен, Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы норма шамасында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында нормадан 1°С төмен болады деп болжануда.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады.  

Солтүстік Қазақстан облысында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Ақмола облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп, Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батыс жартысында нормадан аз болады.

Казгидромет бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керектігін ескертті. Ол кейіннен онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

0