Саясат

"Қолжаулыққа айналдыруды доғару керек": депутат үкіметке шүйлікті

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат осы мәселеде жауапсыздық танытқан тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жауапқа тартуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов бір жапырақ қағазды жиырма екі ай бойы дайындаған үкіметтің жұмысын сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін сенаттың жалпы отырысында Қырғызстанның ЕАЭО туралы шартқа қосылуына байланысты хаттамаға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы қаралды. Бұл құжат Қырғызстанның үшінші мемлекеттермен шекарадан өткізу пунктерін талапқа сай келтіруге мүмкіндік береді. Өткізу бекеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру жұмысын көрші ел екі жыл ішінде, 2015 жылдың 12 тамызы мен  2017 жылдың 12 тамызы аралығында аяқтауы тиіс еді. Алайда  қырғыз тарапы мерзімді ұзарту туралы бастама жасады. 

Осылайша, одаққа мүше мемлекет басшылары 2018 жылы 14 мамырда Қырғызстанға тағы екі жыл уақыт берді. Бұл мерзім 2019 жылдың 12 тамызында аяқталды.

"Қарап отырсақ, мемлекет басшылары қол қойған сәттен бері күні бүгінге дейін 1 жыл 10 ай немесе 22 ай өткен. Хаттамада көрсетілген мерзім 2019 жылы 12 тамызда аяқталды. Яғни, мерзімі өткен уақыттан бері он ай өтті. Шын мәнінде бүгін қаралып отырған құжаттың мағынасы, мәні жойылды. Себебі  2019 жылы мемлекет басшылары бұл мәселені тағы қарап, екінші хаттама қабылдап, Қырғызстанға 2021 жылға дейін уақыт берді. Ал ол  хаттама әлі күнге дейін жоқ. Менің түсінбейтінім: екі баптан тұратын жарты бет хаттаманы жиырма екі ай бойы созудың қандай қажеттілігі болды?, деп ашуланды депутат. 

Тағы оқыңыз: "Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады

Еңсегенов үкімет пен құзырлы органның жұмысын сынады.  

"Шын мәнінде осы заңды мақұлдаған мәжіліс, сенат техникалық рәсімдеуші ғана болып отыр. Құрметті премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Асханұлы (Смайылов), жалпы үкіметтің тарапынан парламентті қолжаулыққа айналдыру тәжірибесін тоқтату керек деп есептеймін. Сіздер бізді тығырыққа тіреп отырсыздар, жол қалдырмай отырсыздар", деді сенатор. 

Депутат осы мәселеде жауапсыздық танытқан тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жауапқа тартуды ұсынды.

Жаңалықтар
0