Саясат

Тоқаев таяуда ғана облыс әкімінің орынбасары болған шенеунікті жаңа қызметке тағайындады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Серік Сүлейменовті Байқоңырдағы арнаулы өкіл қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Серік Сүлейменов Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған Ақорданың ақпаратында.

Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Бақытжан Намаев арнаулы өкіл қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз: Гүлшара Әбдіқалықова Серік Сүлейменовті орынбасары етіп тағайындады 

Айта кетейік, Серік Сүлейменов осы жылдың 6 сәуірінде ғана Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Серік Сүлейменовтің өмірбаяны

Серік Жүсіпұлы 1966 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Математика" және "Заңтану" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінде, премьер-министр кеңсесінде және квазимемлекеттік секторларда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы лауазымын иеленген. Осы жылдың 6 сәуірінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.  

Жаңалықтар
0