Марат Тәжин

Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады

460
(Жаңартылды 08:48 29.04.2020)
Марат Тәжин мемлекеттік қызметтегі және елдер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы ерекше еңбегі үшін Тоқаевтың жарлығымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Чехиядағы төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин III дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елші марапатты мемлекеттік қызметтегі және елдер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы ерекше еңбегі үшін алғаны аталы

Марат Тажин награжден орденом Барыс III степени
© Photo : МИД Казахстана
Марат Тәжин III дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

Еске сала кетейік, "Барыс" ордені 1999 жылы құрылды. Ол елдің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде; бейбітшілікті, қоғамның бірігуін және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуде; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми қызметте ерекше еңбек сіңіргендерге табысталады.  

Марат Тәжин туралы не білеміз?

Марат Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1981 жылы Алматыдағы халық шаруашылық институтын "экономист" мамандығы бойынша бітірді. Ұлыбританиядағы Лондон университетінде тәжірибе алған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Марат Тәжинге жаңа жұмыс тауып берді 

Әртүрлі жылдары Қазақстан президентінің мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшы, Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 26 қарашасында Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды.  

460
Кілт сөздер:
орден, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Лавровты "Барыс" орденімен марапаттады
Тоқаев Тасмағамбетовтың кіші қызын марапаттады
Тоқаев Игорь Крутойды марапаттады
Мемлекет басшысы қаза болған "Охотзоопром" инспекторын марапаттады
Әнші, жазушы және шопан: Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады
Тоқаев Sputnik Қазақстан тілшісіне алғысын білдірді
ҰҚШҰ елдерінің тулары

Президент ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

606
Мемлекет басшысы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын әрі қарай дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Жиын видеоконференция форматында өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы бүгін сағат 15.00-де өтеді.

"Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды. Алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады.

Айта кетейік, 2019 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы Бішкек қаласында өтті.

606
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев

Өзбекстан президенті Тоқаевқа қоңырау шалды

48
(Жаңартылды 20:36 01.12.2020)
Қос президент күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді.

"Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделілік танытты", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады.

Қазақстандағы Тұңғыш президент күні

Жыл сайын 1 желтоқсанда қазақстандықтар ұлттық мереке – Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Бұл күн мереке ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ – 1991 жылы 1 желтоқсанда алғашқы жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7% дауысқа ие болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның абыройын асырған Қарақат Башанова туралы жазды

Он күннен кейін елдің бірінші президенті Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойды. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес республиканың тәуелсіздігін жариялады. Қазақстандықтар бұл күнді 2012 жылдан бері атап өтіп келеді.

48
Кілт сөздер:
Шавкат Мирзиёев, Қасым-Жомарт Тоқаев, президент
Тақырып бойынша
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
"Кінәлілер жауапқа тартылады": Тоқаев Алматыдағы оқиғаға қатысты тапсырма берді
Тоқаев пен Мясникович ЕАЭО саммитінің күн тәртібін талқылады
Тоқаев арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтты
Маржықпаев Көкшетауда Тоқаев пен Путиннің қатысуымен форум қашан өтетінін айтты
(NaN:NaN / NaNMb / )

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы - трансляция

0
(Жаңартылды 15:31 02.12.2020)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясы видеоконференция форматында өтіп жатыр

Отырысқа Ресей президенті Владимир Путин төрағалық етуде. 

 

0