Саясат

Бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғани Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Мауберлинова президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін ол ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.

Ғани Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Нұргүл Мауберлинова туралы не білеміз

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және ҚазТұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетінде білім алған.

Мәдениет және ақпарат министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде, орталық коммуникациялар қызметінде істеген.

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Мауберлинова
Бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Мауберлинова

2018 жылдың сәуірінен бастап ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Бұған дейін Дәурен Абаев ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылып, президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Жаңалықтар
0