Ақорда ғимараты

Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

241
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ресейдің президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты телефон арқылы құттықтағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Ресейлік әріптесі мемлекет басшысын телефон арқылы құттықтады, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сондай-ақ, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады.

Тағы оқыңыз: Полиглот, дипломат және президент: Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 67 жасқа толды. Жексенбі күні ол үйде жұмыс істеп жатыр.

Президент әкімшілігі қызметкерлеріне құттықтау мен сыйлық табыстаудан бас тарту ұсынылды.

241
Кілт сөздер:
туған күн, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин
Тақырып бойынша
Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы қызықты деректер
Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
Белгілі жазушы Тоқаевтың ерекше қасиеті туралы айтып берді
Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты
Президент Тоқаев туған күнін қалай атап өтеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев халықаралық форумда бейне үндеу жасады

174
(Жаңартылды 09:53 30.10.2020)
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастық ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделген, деп атап өтті мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 халықаралық форумында бейне үндеу жасады, деп хабарлады Ақорда.

"COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі" тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген "Жаңа Солтүстік саясат" стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады.

Қазақстан президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз тегеуріндеріне тап болған кезде саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделгенін айта келе, елімізде өмір сүріп жатқан, достықтың "алтын көпірі" саналатын жүз мың корей қауымдастығының екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қосқан үлесін атап өтті.

"Кореяның Қазақстан экономикасына жасаған инвестициясы 7 миллиард доллардан асты. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, екіжақты тауар айналымы артты. Орталық Азияның барлық бес елінің ортақ жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Корей мемлекеті жетекші инвесторлардың арасындағы 10-орынға ие. Бұл ретте, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың әлі де пайдаланылмаған үлкен әлеуеті бар", – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің елімізге жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды. Сапар аясында қол қойылған "Самал жел" бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Самал жел" бағдарламасы мен "Жаңа Солтүстік саясат" стратегиясы "Цифрлы Қазақстан", "Нұрлы жол" секілді ұлттық бағдарламаларда белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкес келетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңге аударылады 

Мемлекет басшысы әлемдегі ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін әртараптандырылған және тұрақты экономика құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

"Осыған байланысты мен Жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады", –  деді президент.

Мемлекет басшысы ағылшын құқығы бойынша қызмет көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін де сөз етті. Президент бұл орталықтың шетелдік бизнеске арналған экожүйесінің бірегейлігін ерекше атап өтті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына жұмыстың табысты, ал Оңтүстік Корея президенті мен үкіметінің игі бастамаларының сәтті болуына тілектестік білдірді.

174
Кілт сөздер:
үндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев
Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысы

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің екінші отырысы желтоқсанда өтеді

26
Реформалар жөніндегі жоғары кеңес 14 қыркүйекте құрылған болатын. 21 қазанда өткен кеңестің бірінші отырысында президент алты жұмыс тобын құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады.

"Кездесу барысында желтоқсан айына жоспарланған Реформа жөніндегі жоғары кеңестің екінші отырысына дайындық барысы және кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды", - деп хабарлады Ақорда.

Еске сала кетсек, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес 14 қыркүйекте құрылған болатын. Мақсаты - елдің тұрақты дамуын жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды қарап, бекіту.

21 қазанда өткен кеңестің бірінші отырысында президент алты жұмыс тобын құруды ұсынды. Олар реформалардың алты бағытын қамтиды.

Жұмыс тобына Жоғары кеңес мүшелерінен бөлек лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйым өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар ене алады.

26
Тақырып бойынша
Құдайбергеновтің президент кеңесшісі қызметінен неге босатылғаны белгілі болды
Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады
Тоқаевқа қарайтын жоғары кеңестің құрамы жарияланды 
Жоғары кеңестің алғашқы отырысы: Тоқаев алты бағытты айқындады
Тоқаев тағы бір кеңесшісін қызметінен босатты
Қоңыр аю

Аю 50 жастағы әйелге тап берді видео

0
Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.  

Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.

Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

0
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, аю