Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуПрилет президента Казахстана К.-Ж. Токаева
Прилет президента Казахстана  К.-Ж. Токаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

"Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады", - деді Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды.

Уәли президенттің бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп отырғанын айтты.

Жаңалықтар
0