Елжан Біртанов

Денсаулық министрі Біртанов қызметінен босатылды

1478
(Жаңартылды 18:42 25.06.2020)
Ақорда тиісті жарлықты жариялады. Біртановтың орнына министр міндетін уақытша атқарып жүрген Алексей Цой келгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды", -деп жазылған Ақорда сайтында.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан бері басқарды.

Біртановтың орнына жуырда ғана денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған Алексей Цой келді.

Еске сала кетсек, Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған болатын. Қазір экс-басшы астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирустан емделіп жатыр. Оған "пневмония" диагнозы қойылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы қалыпты.

Тағы оқыңыз: Жаңа денсаулық министрі Цой туралы не білеміз?

25 маусымда премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырғаны белгілі болды.

Мамин коронавирус пандемиясымен күрес жағдайында халықтың денсаулығын қорғау бойынша денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған шешімдердің маңыздылығын атап өтті.

primeminister.kz ақпаратынша, экс-министр Елжан Біртанов денсаулығына байланысты қызметінен кету туралы өтініш берген. Ол ауруына және одан әрі емделуіне байланысты денсаулық сақтау саласын басқару қиынға соғатынын жеткізген.

1478
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі Біртановтың жағдайына қатысты ақпарат шықты
Денсаулық сақтау министрлігі карантинді күшейтудің жаңа талаптарын жариялады
Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғаларын жариялады  
Асқар Мамин жаңа ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті таныстырды

Үкімет басшысы жаңа министрлердің алдына маңызды міндеттер қойды

18
Асқар Мамин тағайындалған министрлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа саясатын іске асыратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық экономика, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды. 

Үкімет басшысы ұлттық экономика, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ұжымдарына жаңа тағайындалған министрлер – Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкеновті таныстырды.  

Мамин бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке, сондай-ақ бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев үкіметтің жаңа мүшелерін тағайындады 

Жаңа ұлттық экономика министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Әсет Ерғалиевтің жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігін атап өтті. Түрлі жылдары ол Еуропа қайта құру және даму банкінде аймақтық бас сарапшы, премьер-министрдің кеңесшісі, ұлттық экономика вице-министрі, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары  болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Серік Шәпкеновтің Батыс Қазақстан және Атырау облыстары әкімдерінің бірінші орынбасары ретіндегі үлкен тәжірибесін атап өтті. Осы уақытқа дейін Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа саясатын іске асыру бойынша алдымызға маңызды міндеттер қойды. Олар экономикалық даму сапасын арттыруға, экономиканың өзіндік жеткіліктілігіне, салық саясатын жетілдіруге, инвестициялар тартуға және экспортты дамытуға бағытталған құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтиды", — деді Мамин.

Сондай-ақ премьер-министр әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша маңызды міндеттер іске асырылатынын атап өтті.

18
Тақырып бойынша
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз
"Үкімет мұны түсінген жоқ": депутаттар Маминді қолдамады
Қазақстанның премьер-министрі тағайындалды
Мамин халық табысын қалай арттыруға болатынын айтты
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Үкіметтің жаңа құрамы: ең жас министр
Серік Шәпкенов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз

42
(Жаңартылды 21:02 18.01.2021)
Серік Жамбылұлы 2020 жылдың маусым айынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарып келген

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Президент жарлығымен Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

Экономист-математик

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғарғы кәсіби білімді экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған. Содан бастап өзі бітірген университетте оқытушылық қызметке кірісті. Ал бір жылдан кейін Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2002 жылдың маусымынан бастап 2006 жылдың қаңтарына дейін – Батыс Қазақстан қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы. Одан кейін БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы болды.

Ал 2006 жылдың наурызында БҚО ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2007 жылдың басында ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, қазан айында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2009 жылы қыркүйек айында басқарма бастығына дейін көтерілді.

  • 2014 жылы – президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі;
  • 2018-2020 – Атырау облысы әкімінің орынбасары;
  • 2020 жылдың маусым айынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарып келген.
42
Кілт сөздер:
үкімет мүшелері, үкімет
Тақырып бойынша
"Халыққа жеңілдік беруді сұраймыз": депутаттар үкімет басшысына сауал жолдады
Коронавирустың "қызыл зонасына" екі облыс кірді – үкімет басшысы тапсырма берді
Үкімет отставкаға кетуі керек – Тоқаев
Үкімет басына кім келеді – саясаттанушы үш адамның атын атады
"Үкімет мұны түсінген жоқ": депутаттар Маминді қолдамады