Сенат сайлауы

Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі

405
Бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларын таныстыру үшін кандидаттарға тең қаражат бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттығына кандидаттардың бюджет есебінен және өз ақшасынан өтелетін шығыстарын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комиссия хатшысы Сәбиля Мұстафинаның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларын таныстыру үшін кандидаттарға тең қаражат бөлінеді. Атап айтқанда, ол ақшаға теледидарда (15 минут), радиода (10 минут), мерзімді басылымдарда немесе желілік басылымдарда (0,1 баспа табақтан аспайтын 2 мақала) сөз сөз сөйлеп, бағдарламаны таныстыруға болады.

Сондай-ақ, республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлауалды іс-шараларын өткізуге, үгіт-насихат материалдарын шығаруға және көлікпен жүруге кететін шығыстар белгілеген мөлшерде өтеледі.

"Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен парламент сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарын 450 000 теңге көлемінде белгіледі", - деді Мұстафина бүгінгі отырыста.

Шығыстардың көлемі:

  • теледидар мен радиодан сөз сөйлеуге, сондай-ақ, мерзімді басылымдарда 2 мақала жариялауға  - 300 000 теңге;
  • сайлауалды көпшілік іс-шараларын өткізуге және үгіт-насихат материалдарын шығаруға  - 70 000 теңге;
  • көлік шығындары  - 80 000 теңге.

Ал кандидаттың сайлау қоры 8 500 000 теңгеден аспауы шарт. Қазақстан азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары 21 250 000 теңге көлемінде бекітілді.

"Белгіленген мөлшерден тыс түскен ақшалай қаражат сайлау қорына есептелуге жатпайды және оларды енгізген азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгізген азаматтар мен ұйымдардың есебінен жабылады. Жасырын қайырмалдықтар республикалық бюджет кірісіне айналады. Сайлау қорларына тек заңды жолмен алынған қаражат қана жіберілуі тиіс", - деп атап көрсетті Мұстафина.

405
Кілт сөздер:
үміткерлер, ақша, сайлау, Сенат
Тақырып бойынша
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды": депутат жалақы аз деп ашынды
"833 мың жетпейді": сенат төрағасы қандастарды мазалайтын үш мәселені атады
Сенат сайлауы: үміткерлердің саны көбейіп келеді
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин на заседании правительства

Мамин халық табысын қалай арттыруға болатынын айтты

145
(Жаңартылды 18:23 15.01.2021)
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артттыру, инвестицияларды тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқа бағыттар бойынша тиімді шаралар іске асырылады, деді Мамин

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин президент жүктеген міндеттерді қалай орындайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін парламенттің бірлескен отырысында депутаттардың басым бөлігі премьер-министр қызметіне ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады. Осыдан кейін мәжіліс төрағасы мінберге үкімет басшысын шақырды. Асқар Мамин өзіне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, алда маңызды әрі үлкен мақсат-міндеттердің тұрағанын ерекше атап өтті. 

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамуының басымды бағыттарын жариялады. Соның ішінде ең бастысы - халықтың өмір сүру сапасын және әл-ауқатын жақсарту, халықтың табысын арттыру. Бұл міндеттерді экономиканы қарқынды дамыту арқылы орындауға болады", - деді Мамин. 

Премьер-министрдің айтуынша, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артттыру, инвестицияларды тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқа бағыттар бойынша тиімді шаралар іске асырылады. 

"Осы стратегиялық міндеттерді іске асыруда үкімет парламентпен бірге үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс жасайтын болады", - деп атап көрсетті Мамин.

Отырысқа қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрді құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. 

"Асқар Ұзақбайұлы шын жүректен құттықтаймын. Үлкен лауазым, үлкен жауапкершілік. Сондықтын жұмысыңыз мардымды, табысты, жемісті бола берсін", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. 99 депутаттың 78-і қолдап дауыс берді, 21 адам қалыс қалды.

145
Здание правительства РК в Астане

Қазақстанның премьер-министрі тағайындалды

5815
(Жаңартылды 17:33 15.01.2021)
Асқар Мамин 2019 жылдың ақпанында премьер-министр болып тағайындалған болатын. Мамин үкіметі парламент сайлауынан кейін отставкаға кетті

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Маминге парламент мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан 99 депутаттың 78-і қолдап дауыс берді, 21 адам қалыс қалды.

Айта кетейік, жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымына Асқар Маминді ұсынды. Мәжіліс отырысында президент үкіметтің пандемия кезінде дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде қабылдағанын айтты.

"Қазір еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Бүкіл әлем соңғы жылдарда ешкім күтпеген дағдарысқа тап болды. Оның салдары Қазақстанға да әсерін тигізді. Біз Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуетімізді арттырып, қиындықтарды еңсеру үшін мол қор жинадық. Соның арқасында үкімет дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде қабылдады. Олар бұрын-соңды болмаған ауқымда жүзеге асырылды", - деді мемлекет басшысы мәжіліс отырысында.

Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарын сайлау өтті. Парламентке үш партия келді:

Nur Otan партиясы (71,09%)

"Ақ жол"Қазақстанның демократиялық партиясы (10,95%)

Қазақстан халық партиясы (9,10%).

Үкіметтің отставкаға кетуі

Конституциялық заңға сәйкес, мәжіліс құрамы қайта сайланғаннан кейін үкімет өз өкілетін тоқтатады. Осыған байланысты Мамин үкіметі парламент сайлауынан кейін отставкаға кеткен. Енді Асқар Мамин премьер-министр қызметіне қайта сайланып отыр.

 

 

5815
Газ құбыры

"Солтүстік ағын - 2" жобасы құрылысының кестесі нақтыланды

0
"Солтүстік ағын – 2" жобасына қатысқан даниялық Ramboll компаниясы Вашингтонның санкцияларынан сескенді, деп хабарлады БАҚ. Расында да, 1 қаңтардан бастап Америка құрама штаттары жобамен байланыстыларға қарсы шараларды күшейтті

Еуропада шиеленіс артып жатыр: немістер санкциялардан қорғайтын қор дайындап жатса, ағылшындар америкалықтардан үлгі алып жатыр, ал шведтер "газ соғысы" басталады деп секемденіп отыр. Газ құбырының тағдыры не болмақ?

"Солтүстік ағын -2" құбырының шетелдегі құрлықтағы бөлігінің құрылысы сәтті аяқталды. Қазір Германия суларында құбырлар төселуде. Одан кейін Даниядағы суларда салынады. Жоба аяқталуға бет бұрды. 1 қаңтардан бастап қорғаныс бюджеті туралы жаңа заң күшіне енді. Ол құжатта Ресейдің газ құбырына қарсы қосымша санкциялар қарастырылған.

Негізінен, мұнда мәселе тестілеу, инспекция немесе сертификаттау қызметтерін ұсынатын ұйымдарға қатысты болып отыр. Норвегиялық DNV GL компаниясы қазірдің өзінде газ құбырын тексеру бойынша барлық әрекеттерді тоқтататынын және оны сертификаттай алмайтынын мәлімдеді.

АҚШ Сенатындағы республикашылардың көшбасшысы Митч Макконнелл бұған дейін қорғаныс бюджеті туралы заң мемлекет қауіпсіздігінде және "Қытай мен Ресей сияқты қарсылас державалардың жолын кесуде" шешуші мәнге ие екенін мәлімдеді. Бұл құжат АҚШ-тың "теңіздегі, құрлықтағы, әуедегі, киберкеңістіктегі және ғарыштағы басымдылығын" бекітеді. 

"Газпром" енді шамамен 150 километр құбыр салуы керек (120 – Данияда және 30-дан астам Германияда). Газ құбыры 94%-ке дайын. 

11 қаңтарда Германияның аймақтық суларындағы жұмыс бір жылдық үзілістен кейін қайта жанданды. 15 қаңтардан бастап Дания жағалауында құбыр тқсеу басталады. 

"Фортуна" құбыр төсейтін кемеге "Мурман" және Ресейдің теңіздегі құтқару қызметінің "Балтийский исследователь" кемелері және тағы басқа қамсыздандыру кемелері көмектеседі. Теңізде құбыр төселетін аймақтың екі жағынан ені 200 метр уақытша шектеу орны құрылады. 

"Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова теңіздегі учаскенің құрылысын аяқтау көпи жағдайға, соның ішінде, ауа райына байланысты болатынын мәлімдеді. 

Ал АҚШ СА-2 құрылысына қол ұшын беріп жатқан компанияларды қорытып-үркітуін тоқтатар емес. 

"Біз тәуекелдер жайлы хабардар етіп, кеш болмай тұрғанда серіктестіктен бас тартуға шақырып отырмыз", - деді Мемлекеттік департаменттегілер. Reuters агенттігінің ақапараты бойынша, алдағы күндері Ақ үй "тиімсіз компаниялар" тізімін жариялайды. 

Ресей СІМ "газпромның" шет елдердегі серіктестеріне АҚШ қанша қысым көрсетсе де, бұл жоба сәтті аяқталатынына Ресей еш күмән келтірмейтінін айтты. Германия "Солтүстік ағын -2" жобасын экономикалық жоба ретінде қарастыруды жалғастыруда және АҚШ-тың экстерриториялық санкцияларына қарсы. Германия парламенті " MV климатын және қоршаған ортасын қорғау" атты экологиялық қор құру туралы шешім қабылдады. 

Бұл қор америкалық санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік береді. Мекеме жоба аясындағы қажетті жабдықтарды сатып алуға құқылы және ол ең алдымен газ құбырын экология үшін маңызды деп шешім шығарады. Санкциялар қупі төнген компаниялар осы кәсіпорын ұсынатын экономикалық құралдар арқылы ресейлік тараппен өзара әрекеттесе алады. 

Айта кету керек, немістер санкциялардан қорғанып үлгеретіні жөнінде сарапшылар екіұдай пікір білдіруде. Себебі, бір жағынан, қор Вашингтонның барлық күш салуын жоққа шығаруға жеткілікті инвестициялар мен құзыретке ие болды. Ал, екінші жағынан бұл қорды құру идеясы "жасыл экономиканы" жақтаушылардың наразылығын тудырды. Соондықтан, СА-2 жақтаушылары қоршаған орта үшін қауіпті жобаны "жасыл" деп жіктеуге қарсылық білдіргендермен келісімге келуі керек. 

Өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов қалай болғанда да Германия Вашингтонның жетегінде кетпейді. 

"Әрине, қор санкцияларға ұшырайды, бірақ олардың әсері болмайды. Оның мердігерлеріне қарсы олар жаңа заң жобасын дайындап, оны Конгресс арқылы қабылдауы және президенттің қол қоюын күтуі керек болады. Бұл процесс алты айға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде "Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысы аяқталып үлгереді", - деп санайды сарапшы. 

Британдық парламентші консерватор Дэниел Кочинскидің айтуынша, британдықтар Еуроодаққа мүше болмағандықтан, "америкалық достарының ізінен еріп, "Солтүстік ағын – 2" жобасына тартылған барлық компанияларға қарсы санкциялар енгізу керек". 

Ал, Швециядағылар Джо Байденнің президент болуы газ құбыры үшін елге жақын маңда "газ соғысының" басталуына ықпал етеді ме деп қорқуда. Жергілікті басылым, америкалық демократтың Дональд Трампқа қарағанда әлдеқайда қатал екенін атап көрсетті.

0