Үкімет үйі

"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты

2687
(Жаңартылды 15:26 10.07.2020)
Президент кез келген дағдарыс әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалып жүргенде маған кейбір өңірлердің, ведомстволардың бірінші басшыларын жұмыстан шығаруға, тіпті бүкіл үкіметті отставкаға жіберуге кеңес берді. Мұндай шешімді қоғам жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Бірақ, маған ұпай мүлде керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және құлақ асуға дайынмын, бірақ көпшілік алдында ойнамаймын. Бұған жасым да, лауазымым да сай емес", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Ол кейбір әкімдер сөгіс пен ескерту алғанын еске салды. 

"Жалпы мұндай жазаға басқа облыстардың немесе министрліктердің басшылары лайық шығар. Бірақ біз қазір әлеуметтік-экономикалық дамудың қатерлі кезеңінде тұрмыз. Одан әрі ушыға беретін дағдарыстан шығу үшін үкімет пен әкімдер батыл әрі жанкешті іс-қимыл жасауы қажет. Бұл әлемдік экономикаға қатысты болжам, ал Қазақстан оның бір бөлігі", - деді мемлекет басшысы. 

Ол мемлекеттік органдардың барлық шешімі халыққа және ұлттық экономикаға арналуы тиіс екенін атап өтті. Орындаушылардың қателіктері, қағазбастылыққа жол беруі қарапайым адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығына зиян келтіреді.

"Кез келген дағдарыс – әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ. Осыны есте сақтаңыздар", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, 10 шілдеде президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.

 

2687
Кілт сөздер:
отставка, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады
Президент халықты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды
Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар
Президент екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты
Ақорда

Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

17
Шайх-Хасан Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев сыртқы істер саласында ауыс-түйіс жасады

Сондай-ақ, Тоқаевтың өкімімен Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

17
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, кадрлық тағайындаулар
Ақорда

Тоқаев Иран президентіне жеделхат жолдады

223
(Жаңартылды 18:25 20.06.2021)
Тоқаев Иранды ислам әлеміндегі еліміздің сенімді серіктесінің бірі ретінде санайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді Иран Ислам Республикасының президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – отаныңыздың дамуын баянды, іргесін берік, мерейін үстем етуге бағытталған саяси бағытыңыз бен бағдарламаларыңызды қолдаудың, сондай-ақ, ирандықтардың болашаққа ұмтылысын өзіңізбен байланыстырып отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста, Иран Ислам Республикасы мен оның халқының игілігі мен кемел келешегін асыл мақсат тұтқан бастамаларыңыз бен қолға алған істеріңізге сәттілік серік болуына тілектестігімді білдіремін", -делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Иранды Каспий өңіріндегі тату көрші және ислам әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде санайтынын айтты.

Оқи отырыңыз: Министр Димашқа Тоқаевтың хатын тапсырды

Сонымен қатар президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында қалыптасқан ынтымақтастықты сақтап қана қоймай, оған тың серпін, жаңа мән беретініне сенім білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтардағы тығыз ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін Иран президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт, ал достас Иран халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

223
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Иран, жеделхат