Қазақстан мен Қырғызстан тулары

Қаралы күн: Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

18636
(Жаңартылды 11:47 30.07.2020)
Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданып жатқан шаралар мен қырғызстандықтардың бірлігі алдағы уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына мүмкіндік жасайды деген сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке коронавирустан қайтыс болғандарды еске алуға арналған ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Қырғызстан президентінің ресми сайты.

"Қазақстан халқының және өзімнің атымнан коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алуға арналған ұлттық аза тұту күні бауырлас Қырғызстан азаматтарына қолдау білдіріп, қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамын. Қиын сәтте індетпен күресіп жатқандардың бәріне сауығып кетуді тілеймін", - деді Тоқаев жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданып жатқан шаралар мен қырғызстандықтардың бірлігі алдағы уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына мүмкіндік жасайтынына сенім білдірді. Ол Қазақстан бауырлас Қырғызстан халқына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, Қырғызстанда 30 шілде коронавирустан қайтыс болғандарды еске алуға арналған ұлттық аза тұту күні деп жарияланған болатын. Бұл елде індетті 34 592 адам вирус жұқтырып, 1 347 адам көз жұмды.

Қазақстандағы ұлттық аза тұту күні

2020 жылдың 13 шілдесі мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандарды жалпыұлттық аза тұту күні болды.

Соңғы мәліметке сәйкес, індеттен 793 адам көз жұмды.

18636
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2434)
Тақырып бойынша
Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Аза тұту күні дәрігерлерді көшеге шығару бастамасын кім көтергені белгілі болды
Тәуелсіздік жылдарындағы қайғылы оқиғалар – 9 рет аза тұту күні жарияланды
Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды
Ақорда

Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

7
Шайх-Хасан Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев сыртқы істер саласында ауыс-түйіс жасады

Сондай-ақ, Тоқаевтың өкімімен Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

7
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, кадрлық тағайындаулар
Ақорда

Тоқаев Иран президентіне жеделхат жолдады

223
(Жаңартылды 18:25 20.06.2021)
Тоқаев Иранды ислам әлеміндегі еліміздің сенімді серіктесінің бірі ретінде санайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді Иран Ислам Республикасының президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – отаныңыздың дамуын баянды, іргесін берік, мерейін үстем етуге бағытталған саяси бағытыңыз бен бағдарламаларыңызды қолдаудың, сондай-ақ, ирандықтардың болашаққа ұмтылысын өзіңізбен байланыстырып отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста, Иран Ислам Республикасы мен оның халқының игілігі мен кемел келешегін асыл мақсат тұтқан бастамаларыңыз бен қолға алған істеріңізге сәттілік серік болуына тілектестігімді білдіремін", -делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Иранды Каспий өңіріндегі тату көрші және ислам әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде санайтынын айтты.

Оқи отырыңыз: Министр Димашқа Тоқаевтың хатын тапсырды

Сонымен қатар президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында қалыптасқан ынтымақтастықты сақтап қана қоймай, оған тың серпін, жаңа мән беретініне сенім білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтардағы тығыз ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін Иран президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт, ал достас Иран халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

223
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Иран, жеделхат