Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Ресей басшысына жеделхат жолдап, делегация жіберетінін хабарлады

6122
(Жаңартылды 15:53 12.08.2020)
Тамыз айының екінші жартысында үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады? 

Тоқаев бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түскенін, сондай-ақ елдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсеткенін атап өтті.

"Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз", – делінген мемлекет басшысының жеделхатында.

Қазақстан президенті ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесіне де тоқталды.

"Тамыз айының екінші жартысында үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады", – деп түйіндеді Тоқаев.

Ресейлік вакцина

10 тамызда Ресей президенті Владимир Путин COVID-19 індетіне қарсы алғашқы вакцинаның тіркелгенін жариялады. Путиннің қызы да коронавирусқа қарсы екпе салдыртып алды.

Гамалея орталығында жасалған ресейлік вакцинаның клиникалық сынақтары 18 маусымда басталды. 38 еріктінің қатысуымен алғашқы сынақтар вакцинаның қауіпсіз екенін растады, барлығында инфекцияға иммунитет қалыптасты.

Орталық директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцина бәріне бірдей сәйкес келе бермейтінін атап өтті. Кез келген дәріден асқыну пайда болуы мүмкін, сондықтан созылмалы ауруы бар адамдар вакцина салдырмас бұрын мамандармен кеңесуі қажет.

Айта кетейік, мамандар препараттың тиімділігін популяциялық иммунитет қалыптасқан кезде бағалай алады.

6122
Кілт сөздер:
жеделхат, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Коронавирусқа қарсы вакцинаның құны қанша болады?
Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш

Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады

2178
(Жаңартылды 11:26 24.10.2020)
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Бүгінде барлық ұлт өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адам, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты 

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын", – деді Қазақстан президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

2178
Кілт сөздер:
жеделхат, БҰҰ
Тақырып бойынша
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

104
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

104
Таразы, архивтегі сурет

134 кг болған: жас жігіт 60 келі артық салмақтан арылды видео

11
Бір жыл бұрын бұл жігіттің салмағы 134 келі болған. Алайда ол бар болғаны бір жыл ішінде алпыс келіге арықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қырғызстандық Орозбек Мейманбек уулуның салмағы бір жыл бұрын 134 келі болған. Ол өзі артық салмақтан арылып, өзгелерге үлгі болып жүр.

Жігіт жас кезінде арық болған, алайда 5-сыныпта салмақ қоса бастады. 16 жасында 93 келі, бірер жылдан соң салмағы 134 келіге жетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Орозбектің айтуынша, артық салмақ салдарынан тыныс алу қиындаған. Қозғалып, дұрыс ұйықтаудың өзі арманға айналған. Сол кезде жігіт спортзалға барамын деп шешті. 

"Бәрі дұрыс тамақтанбау салдарынан туындады деп ойлаймын. Мен фастфудты көп жедім... Бастапқыда жаттығу қиын болды, сүйектерім ауырды. Кейін дәрумендер іше бастадым. Алғашқы айда 13 келіге арықтадым, бірден өзіме деген сенім пайда болды", - дейді Орозбек.

Жігітке пауэрлифтингтен Қырғызстанның абсолютті чемпионы - кәсіби бапкер, бодибилдингтен Азия чемпионы Келдибек Атайбек уулу көмектесіп жүр.

Чемпион жаттықтырған адамдар ішінде арықтау көрсеткіші бойынша Орозбек рекорд орнатты. Жаттықтырушының айтуынша, жігіт өзі ғана артық салмақтан арылып қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүр.

"Мен арықтаған кезде анам қатты қуанды. Туыстарым мен достарым өте таңғалды. Жастардың көп уақыты телефон мен компьютерге кетеді. Күніне бір сағатты жаттығуға арнасаңыз тиімділігі мен пайдасы көп болады", -  деді Орозбек.

Енді ол тағы біршама арықтап, әскерге бармақ. Бұдан соң Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

11
Кілт сөздер:
жас жігіт, видео, артық салмақ
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты