Саясат

Президент Сауат Мыңбаевты неге шақырды?

© Photo : пресс-служба АО НК "КТЖ"Председатель правления АО "НК "Қазақстан темір жолы" Сауат Мынбаев
Председатель правления АО НК Қазақстан темір жолы Сауат Мынбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақстан темір жолының" басшысы пандемия салдарынан жолаушылар тасымалының көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайғанын атап өтті  

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өсті. Бұл жайында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарлады, деп жазды Ақорда сайты.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артқан.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады 

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өскен. Соған сәйкес мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады.

Сауат Мыңбаев пандемияның жолаушылар тасымалына әсер еткенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі екі есеге азайған. Соған қарамастан компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізіп, жолаушылар вагондарының паркін жаңартып жатыр.

Кездесу соңында президент басқарма төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0