Саясат

Беларусьте болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстан позициясы қандай

© AP Photo / Dmitri LovetskyРаботники Минского тракторного завода на митинге против результатов выборов
Работники Минского тракторного завода на митинге против результатов выборов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Беларусь басшысының ҰҚШҰ күштерін тарту туралы үндеуіне қатысты әлі шешім қабылдаған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) күштерін тарту туралы үндеуіне қатысты елдің позициясы қандай деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Журналистер Ашықбаевтан Беларусь басшысы Александр Лукашенконың ҰҚШҰ күштерін тарту туралы сөздеріне қатысты Қазақстанның позициясы қандай екенін сұрады. 

"Барлығы біздің міндеттемелер аясында болады. Тиісті деңгейде қаралады. Егер бұл біздің мүдделерімізге сай келсе, онда Қазақстанның ұлттық мүддесіне сәйкес шешім қабылданады", - деді министрдің орынбасары сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатынан соң. 

Ашықбаев Қазақстан Беларуьстегі жағдайды бақылап, талдап, тиісті шешім қабылдайтынын айтты.

Еске салсақ, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтті. Минск қаласында сайлау учаскелері жабылғаннан кейін наразылық акциялары басталды, құқық қорғау органдары көшеге шыққандарды қамауға алды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері наразылық білдірушілерді жарық-шулы граната мен суатқыш қолдана отырып таратуға тырысты.

Бұдан кейін БАҚ беттерінде Беларусь елге сыртқы қауіп-қатер төнген жағдайда ҰҚШҰ-ға көмекке жүгінуі мүмкін екені хабарланған болатын.

ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан елдері кіреді.

Жаңалықтар
0