Саясат

Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндетін уақытша кім атқарады

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ардақ Әшімбекұлының басқа жұмысқа ауысқаны хабарланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Батырбек Байбосыновқа жүктелді, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Бұған дейін Байбосынов Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы болған.

Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған Ардақ Әшімбекұлының орнына уақытша келді.

Әшімбекұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысының бірқатар жарлығы жарияланды. Қорғаныс министрінің орынбасары Мүслім Алтынбаев та қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0