Саясат

Тоқаев Трамп пен әйеліне сауығып кетуді тіледі

© Photo : сайт АкордыҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ президенті Дональд Трамп өзі және әйелінің коронавирус жұқтырғанын Twitter-де хабарлады, қазір олар оқшауланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйеліне коронавирустан жазылып кетуді тіледі.

Бұл туралы Қазақстан президенті әлеуметтік желіде жазды.

"Президент Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне шын көңілден тілектестік білдіремін", - деді Тоқаев Twitter-де.

2 қазан күні Дональд Трамп өзі және әйелі Мелания коронавирус жұқтырғанын хабарлады. АҚШ президенті жұбайымен бірге оқшауланып, карантинге кетті.

Соңғы деректер бойынша АҚШ-та 7 миллионнан астам адам індетке шалдыққан. 208 мың науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0