Саясат

Тоқаев Кувейт мемлекетінің әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты қызметіне мол табыс, ал достас Кувейт халқына құт-береке тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Сізді таққа отырғызу туралы шешімді Кувейттің өркендеуіне және мүддесін қамтамасыз етуге ұзақ жылдан бері сіңіріп келе жатқан риясыз қызметіңізге әулетіңіз бен отандастарыңыздың берген жоғары бағасы әрі еліңіздің игілігі жолындағы болашақ жеңістеріңізге деген нық сенімінің айғағы деп білемін", – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Кувейт халқына көңіл айтты 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Кувейт іргесі берік, экономикасы әлеуетті, халқының әл-ауқаты жылдан жылға артып отырған ел екенін атап өтті.

"Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен Кувейт мемлекетінің дамуы баянды болып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін", – деп толықтырды президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Кувейт халықтарының игілігі үшін екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген әртүрлі саладағы ынтымақтастықты өрістетуге, бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады.

Ол шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты қызметіне мол табыс, ал достас Кувейт халқына құт-береке тіледі.

Жаңалықтар
0