Әзербайжанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов

Бізге Қазақстанның көмегі керек: Әзербайжан елшісі мәлімдеме жасады

3711
Дипломат Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа килікпеуі тиіс, өйткені республика өз аумағында азат ету операциясын жүргізіп жатыр деп мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Әзербайжанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Мамедов Қазақстанды Армениямен қарулы қақтығыста Әзербайжанға көмектесуге шақырды.  

Елші барлық халықаралық келісімге сәйкес, Таулы Қарабақтың аумағы Әзербайжанның құрамына кіретінін, сондықтан азат ету соғысы жүріп жатқанын еске салды.

Рашад Мамедов Қазақстан Таулы Қарабақтың Әзербайжаннан бөлінуін ресми түрде мойындамағанын және республиканың тұтастығын жақтайтынын баса айтты. Сонымен бірге, Қазақстанда Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қақтығыс туралы жалған ақпарат тарап жатыр.

"Қазір Армения тарапынан жалған ақпарат таратылып жатыр. Әзербайжан Армениямен шекарада әскери іс-қимыл жүргізіп жатқан жоқ, әскери іс-қимыл Әзербайжан Республикасының ортасында жүріп жатыр. Біз өз аумағымызды азат етіп жатырмыз. Біз соғысты қаламадық. Бұл туралы барлық мінберден айттық, енді біздің әскер шегінбейді, кеше сегіз елді мекен азат етілді", - деп мәлімдеді елші.  

Рашад Мамедов Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше екенін, оның құрамына Қазақстан да кіретін еске алды. Дәл осы себептен, дипломаттың айтуынша, қақтығысқа үшінші елдерді тарту үшін ақпараттық шабуыл жасалып жатыр.

Оқи отырыңыз: БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады 

"Біз Қазақстаннан ЕАЭО және ҰҚШҰ аясында Арменияны тоқтатуын сұрадық. Бізге 130-дан астам халық бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін Қазақстаннан, бауырларымыздан көмек керек. Халықаралық құқықтарға сәйкес Қазақстанның моральдық және саяси қолдауы қажет. Қақтығыс БҰҰ-ның қауіпсіздік қарарына және басқа да халықаралық құжаттарға сәйкес бейбіт жолмен шешілуі тиіс. Біз ешкімнің Қазақстандағы бейбітшілікті бұзуын қаламаймыз. Егер Қазақстан бауырлас халқымыз десек, онда бұл елдегі бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғауымыз керек", - деді Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі.

Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты

27 қыркүйекте Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения қарулы күштері Қарабақта түйісу шебіндегі елді мекендерге оқ жаудырғанын хабарлады. Қаза тапқандар бар. Ал Армения қорғаныс министрлігі Қарабақ Әзербайжан тарапынан "әуе және зымыран шабуылдарына ұшырады" деп мәлімдеді.

Ресми мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Араик Арутюнян әскери жағдай енгізді. Арменияда да әскери жағдай енгізілді.

Қазақстан жанжалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, тараптарды келіссөз жүргізуге шақырды.  

3711
Кілт сөздер:
соғыс, Армения, Әзербайжан
Тақырып бойынша
Назарбаев Таулы Қарабақтағы қақтығыс туралы айтты
Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді
Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салып, Әзербайжанда интернет шектелді
Қарабақ шиеленісі Ақтау мен Баку арасындағы теңіз тасымалына қалай әсер етті
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Шекара пункті

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны демаркациялау жұмысы қалай жүріп жатыр

51
Қазақстан мен Ресей 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындысын шығарды. Комиссияның келесі отырысы қарашада Ресейде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Алматыда 26-30 қазан аралығында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 103-ші отырысы өтті.

"Тараптар 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындысын шығарып, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді жалғастырды", - деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен.

Делегациялар комиссияның жұмыс жоспарын, сондай-ақ, 2021 жылдағы далалық және камералдық демаркациялық жұмыстарды талқылады.

Келіссөздер достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың қараша айында Ресейде өтеді.

2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Ресей шекарасын (ұзындығы – 7,5 мың шақырымнан астам) делимитациялау процесі аяқталғаны хабарланған еді. Ресей президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі шекараны шегендеу, яғни демаркациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, бүкіл мемлекеттік шекараның 86,7%-ы белгіленгенін нақтылады.

51
Кілт сөздер:
шекара, Ресей
Тақырып бойынша
Мемлекеттік шекараны кімдер кесіп өте алады
Қазақстан мемлекеттік шекараны дронмен күзетуі мүмкін
Қазақстан Ресей және Өзбекстанмен шекараны демаркациялап жатыр   
Ақорда

Ақордадағы кездесу: Қырғыз министрінің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

644
Екіжақты кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара іс-қимылдар деңгейін жоғары бағалады.

"Қазақстан мен Қырғызстан ең жақын мемлекеттер. Бізді бөліп тұрған ештеңе жоқ, керісінше елдерімізді біріктіруші факторлар өте көп. Қазақстан үшін Қырғызстан – сенімді одақтас, маңызды стратегиялық серіктес және бауырлас ел", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларды Қазақстанның мұқият бақылап отырғанын, оны қырғыз елінің ішкі мәселесі деп қарайтынын атап өтті.

"Бауырлас қырғыз елінің болашағына алаңдаймыз. Сондықтан Қырғызстанға көмек көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз. Бұған дейінгі келісімдер негізінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыра береміз", – деді мемлекет басшысы.

Руслан Қазақбаев өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны және Қырғызстандағы күрделі кезеңде қолдау білдіргені, коронавирус пандемиясы кезінде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Менің сапарымның басты мақсаты – елімізде болып жатқан ішкі саяси өзгерістерге қарамастан бауырлас қазақ еліне қатысты сыртқы саяси бағдарымыздың өзгермейтінін айқындау. Қырғыз Республикасы бауырлас қазақ елімен арадағы жақсы қарым-қатынастарды қашан да құрмет тұтады және солай қала береді. Еліміздің жаңа басшылығы бауырлас екі елдің түпкі мүдделеріне сай келетін барлық бағыттар бойынша қырғыз-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтып, арттыруға ниетті", – деді Қырғыстанның сыртқы істер министрі.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды

Президент министрмен кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

644
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды
Енді қазақ-қырғыз шекарасында балалардың туу туралы куәлігі сұралмайды
Сайлау нәтижесі жойыла ма: қырғыз президенті мен қауіпсіздік қызметкерлері не айтты
Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты шешім қабылданды
Қырғыз ақыны президенттің алдында елді жемқорлық жайлағанын айтты – видео
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

0
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

0
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды