Саясат

Ақорда Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚырғызстанда парламент сайлауының нәтижесіне қарсы наразылық
Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесіне қарсы наразылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру елдің Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстан көрші қырғыз елі қазіргі күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп санайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды", - делінген желіде жарияланған жазбада.

Айта кетсек, 5 қазанда Қырғызстанда наразылық білдірушілер парламенттік сайлаудың нәтижесін әділ емес және заңсыз деп санайтынын білдіріп, қақтығысты. Нәтижесінде, олар Ақ үйді басып алып, бұрынғы президент Атамбаевты босатты.

Жаңалықтар
0