Қырғызстандағы қарсылық шеруі

Сайлау нәтижесі жойыла ма: қырғыз президенті мен қауіпсіздік қызметкерлері не айтты

993
(Жаңартылды 13:31 06.10.2020)
Өзін бас прокурордың міндетін атқарушы деп атаған Алмамбет Шықмаматов сайлау нәтижесі жойылатынын және сайлауда жаппай алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қырғызстандағы митингтің бірінші күнінде-ақ бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев пен экс-премьер-министр Сапар Исаков түрмеден босатылып қана қоймай, кейбір наразылық білдірушілер жоғары лауазымдарға ие бола бастады. Бір қызығы қазір болып жатқан жағдай қай тараптан, қалай бақыланып жатқаны беймәлім.

Мәселен, Қырғызстан бас прокуратурасының сайтында Өткүрбек Джмашитов ведомство басшысы ретінде көрсетілген. Алайда, "Бир бола" партиясынан (сайлауда жеңіліп қалған) депутаттыққа үміткер Алмамбет Шықмаматовқа өзін аталған ведомствоның жаңа басшы ретінде, ал қазірше елдің бас прокурорының міндетін атқарушы деп жариялауына ешқандай кедергі жоқ.

Оның тағайындалғаны туралы ресми хабарламалар да жоқ. Дегенмен, ол бас прокуратураның атынан "тәртіпсіздіктер мен талан-тараждың және жағдайдың нашарлауының алдын алуға" тырысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды knews.kg сайты.

"Біз мүмкіндігінше тезірек заңды арнаға түсіп, үйлесімді әрекет етуіміз керек", – деген Алмамбет Шықмаматов Жоғарғы Кенеш депутаттарының сайлауын жаппай бұрмалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын атап өтті.

Оның қаншалықты дәрежеде мұндай мәлімдеме жасауға құқығы бар және бас прокуратура оған бағына ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Атамбаевтың президент кезінде Шықмаматов бірнеше жыл әділет министрі лауазымын атқарған.

Сондай-ақ, "Бутун Қырғызстан" партиясынан (ол да сайлауда жеңілген) Жогорку Кенештің депутаттығына кандидат, генерал-лейтенант Өмірбек Суваналиевтің жаңа лауазымы туралы ақпарат пайда болды. Кейбір дереккөздерде оның мемлекеттегі ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы болғаны айтылады. Ал енді басқа бір ақпаратта оны өзі де растап, "қайтадан Қырғызстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне кіріскені" және елдегі тәртіпсіздіктер тоқтағанға дейін қауіпсіздік күштерін үйлестіретіні жарияланған.

Оқи отырыңыз: Бішкекте не болып жатыр - дронмен түсірілген видео жарияланды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі маңызды қызметтерге жаңа тағайындаулар туралы әзірге түсініктеме берген жоқ. Бірақ сайлау нәтижелерінің күшін жою мүмкіндігін мойындады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева хабарлады.

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысы орталық сайлау комиссиясына заң бұзушылықтарға қатысты материалдарды, парламенттік сайлау нәтижелерінің күшін жойғанға дейін мұқият зерделеуді ұсынады", – деді Стамалиева РИА Новостиге берген түсініктемесінде.

Бішкектегі митинг

Наразылықтар 5 қазанда парламенттік сайлаудан кейін басталды – 7 пайыздық тосқауылдан өте алмаған партиялар нәтижелермен келіспеді. Дауыс беру қорытындысы бойынша 16 үміткер партияның тек төртеуі ғана парламентке кірді.

993
Кілт сөздер:
Сооронбай Жээнбеков, сайлау, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды
Қырғызстан COVID-19 құрбандарын еске алуға арналған аза тұту күнін жариялады
Қырғызстан президенті Мәскеуге ұшып барғанымен Жеңіс парадына қатысқан жоқ
Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын ашқан жоқ – ҰҚК
Қырғызстан Қазақстанмен шекарада бақылауды күшейтті
сенат сайлауы, архив

Мәжіліс сайлауына қатысуға кім дайын - саяси партиялар жауап берді

35
(Жаңартылды 17:34 21.10.2020)
Қазақстанда алты саяси партия тіркелген, оның үшеуі қазіргі уақытта парламент мәжілісінің құрамында бар

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан - Sputnik. Алты партияның төртеуі қазіргі уақытта сайлауға қатысуға ниет білдірді. Қалғандары не партияның съезін күтуде, не ресми мәлімдеме әзірлеуде.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің төменгі палатасына сайлауды келесі жылдың 10 қаңтарына белгіледі. Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Олардың үшеуі– Nur Otan партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы (ҚХКП) мен "Ақ жол" партиясының фракциялары қазіргі кезде мәжілістің құрамында жұмыс істеуде.

Парламенттік сайлауға қатысатынын растау үшін партиялар съезд өткізуі керек. Мәжіліс сайлауына қай қазақстандық партия қатысуды көздеп отыр, кім съездің күнін белгіледі? Sputnik Қазақстан сұрап білді.

Nur Otan партиясы

Nur Otan партиясының баспасөз қызметі барлық шешім партияның съезінде қабылданатынын жеткізді.

Съездің нақты күні әлі белгісіз. Бұл туралы қосымша хабарланады, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Өздеріңіз білетіндей, қазан айының басында Nur Otan партиясы партиялық ішкі праймериз өткізді. Оған 11 мыңға жуық үміткер қатысты.

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы

Партия төрағасы Азат Перуашев "Ақ жол" президенттің мәслихаттар мен мәжіліс депутаттарының сайлауын өткізу туралы шешімін құптайтынын және қолдайтынын мәлімдеді.

"Ақ жол" демократиялық партиясы Қазақстанның жетекші саяси ұйымдарының бірі ретінде осы сайлауға қатысатынын мәлімдейді. Біз құрылған кезден бастап барлық парламенттік сайлауға қатыстық. 2004 жылы "Ақ жол" партиялық тізім бойынша 12% дауысқа ие болды, ал 2012 жылдан бастап мәжілісте үнемі парламенттік фракция құрып келеді", - делінген мәлімдемеде. 

"Ақ жол" мәслихат пен мәжіліс депутаттарының сайлауы конституциялық мерзімде өтетінін, саяси партиялардың депутаттыққа ұсынатын кандидаттар тізімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес жасалатынын атап өтті. Яғни, тізімге жастар мен әйелдерді қосу бойынша 30% мөлшеріндегі квота сақталады.

"Мәжіліс мен мәслихат депутаттарының сайлауын бір мезгілде өткізу мемлекеттің ұйымдастырушылық және қаржылық ресурсын оңтайландыруға мүмкіндік береді, бұл қазіргі экономикалық жағдайда айрықша маңызға ие", - деп есептейді Перуашев.

Сондай-ақ, партия пандемия қаупінің әлі де сақталуына және басқа да сыртқы сын-қатерлерге байланысты туындаған қиындықтарды атап өтті. Ол сайлау органдарын, басқа партиялардағы әріптестері мен сайлаушыларды сайлау науқаны кезінде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға, сондай-ақ әділ және ашық сайлау өткізуге шақырады.

Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Азат Перуашев дауыс беру күніне бір ай қалғанда сайлауалды үгіттеу шарасы басталатынын, бұл уақытқа дейін партияның съезі өтетінін айтты.

Алдағы сайлауда партия қанша орынға үміттеніп отыр деген сауалға Перуашев "партияны күшейту жоспарланып отыр, бірақ барлығын сайлаушылар шешеді" деп жауап берді.

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы (ҚХКП)

ҚХКП да алдағы сайлауға қатысатынын мәлімдеді.

"Бізде тең күрес жүргізу үшін барлық қажетті ресурс бар және біз жеңіске жетуге деген сенімділікпен сайлау науқанына кірісуге дайынбыз", - делінген партияның мәлімдемесінде.

ҚХКП-ның баспасөз қызметі партияның саяси бюросының отырысы 23 қазанда өтетінін хабарлады.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 21 қазан, сәрсенбіде шешім қабылдайды. Ол партияның сайтында жарияланады.

"Ауыл" партиясының саяси кеңесінің төралқасы Тоқаевтың шешімін құптап, сайлау туралы мәлімдеме жасады.

"Бұл дұрыс қадам, ол коронавирус пандемиясына қарамастан, біздің елдің барлық азаматына конституциялық таңдау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сайлау - кез келген мемлекеттің демократиялық дамуының ажырамас бөлігі саналады", - делінген хабарламада.

Алдағы сайлау конституциялық мерзімде және белгілі бір жаңашылдықтармен өткізіледі, мысалы, әйелдер мен жастарға арналған 30%-тік квота, парламенттік оппозиция институтын енгізу, сондай-ақ партиялық тізім бойынша мәслихаттарды сайлау.

"Біз халықтың көп бөлігінің мүддесін білдіретін партия ретінде бұл шара халықтың саяси партиялар институтына деген сенімін күшейтеді деген сеніміміз бар. Алдағы сайлау халықтың жаңару талабына жауап беретін көппартиялы парламенттің қалыптасуына ықпал етуі қажет деген сенімдеміз", - деп есептейді "Ауыл".

Партия көппартиялы парламент уақыт талабы екенін, бұл Қазақстанның саяси жүйесін модернизациялаудың жаңа кезеңі саналатынын атап өтті.

"Біз барлық саяси партия арасындағы әділ және бәсекелі күрес, сайлау процесі мен дауыстарды санаудың ашықтығы ғана Қазақстанның одан әрі дамуына кепілдік береді деп есептейміз", - деп қорытындылады Ауыл.

"Бiрлiк" саяси партиясы

"Бірлік" саяси партиясы мемлекет басшысының мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу туралы үндеуін қолдайтынын және оған қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

"Біздің партия сайлауды Конституцияда белгіленген мерзімде өткізуді қолдайды. Мүлдем жаңа жағдайларда, пандемияның таралуы, өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер, жаңа экономикалық сын-қатерлер туындаған кезде сайлауды заңмен бекітілген мерзімде өткізу маңызды болып отыр. Бұл барлық партияға дайындық жүргізуге мүміндік беруде", - делінген партияның мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, партия бәсекеге толы науқанға қатысу үшін өзінің қолдаушылары, көзқарасы және инфрақұрылымы бар екенін мәлімдеді.

"Мен "Бірлік" партиясының төрағасы ретінде партиямыздың алдағы сайлауға қатысуға дайын екендігін ресми түрде мәлімдеймін. Сондықтан жақын уақытта өтетін съезде тиісті шешім қабылдап, қазіргі сайлау науқанына қатысу үшін ең белсенді мүшелер ішінен партиялық тізімді бекітеміз", - деді партия лидері Серік Сұлтанғали.

"Бірлік" алдағы уақытта өтетін съездің күнін әлі айтқан жоқ.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауға қатысуға ниет білдіріп отырғанын растады. Партия төрағасы Асхат Рахымжанов мәлімдеме дайындап жатыр.

35
Кілт сөздер:
партия, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
парламент палаталарының бірлескен отырысы

Қазақстанда қандай партиялар тіркелген?

69
Қазақстанда парламенттік сайлау 2021 жылдың қаңтарында өтеді, оған алты саяси партия қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан - Sputnik. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне сәйкес, 2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әділет министрлігі хабарлады.

Саяси партиялардың тізімі

  • Nur Otan партиясы
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы
  • Қазақстан халықтық коммунистік партиясы
  • "Ауыл" ұлттық-демократиялық партиясы
  • "Бiрлік" саяси партиясы
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)

Қазіргі таңда Қазақстан парламентінде саяси партиялардың үш фракциясы бар: "Нұр Отан", "Халықтық коммунистер" және "Ақ жол".

2021 жылы мәжіліс сайлауы өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.

Қазақстанда парламент екі палаталы, ол мәжілістен - төменгі палатадан және сенаттан - жоғарғы палатадан тұрады.

Мәжіліс сайлауының тарихы
© Sputnik /
Мәжіліс сайлауының тарихы
69
Кілт сөздер:
Мәжіліс, партия
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 141 адам коронавируспен ауырды

14
(Жаңартылды 08:10 22.10.2020)
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне ұшыраған адамдардың саны 109 907 науқасқа жетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 141 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронаврус індетін жұқтырғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан (21) облысында анықталды. Одан кейін Қарағанды облысы (16) мен Нұр-Сұлтан (15) қаласында тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 15
  • Алматы қаласы - 11
  • Шымкент қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 9
  • Ақтөбе облысы - 5
  • Алматы облысы - 11
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 21
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 6
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 5
  • Қызылорда облысы - 1
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 12
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы – 1.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны 109 907 науқасқа жетті.

14
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты