Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі сурет

Атамбаев 11 қарашаға дейін үйқамаққа алынды

333
Бұрынғы президенттің адвокаты Бішкектің Первомай аудандық сотының жаңа қаулысын жариялады. Құжатта Атамбаев пен басқа шенеуніктердің мәртебесі сотталған емес, айыпталушы деп көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан - Sputnik. Қырғызстанның экс-президентінің адвокаты Facebook-тегі парақшасында Бішкектің Первомай аудандық сотының Атамбаевқа қатысты шығарған, қолы қойылып, мөрі басылған қаулысын жариялады. Онда Алмазбек Атамбаевтың бірнеше бап бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталғаны, бірақ бұрын сотталмағандықтан тергеу абақтысында емес, үйқамағына алынуы мүмкін екені, Қырғызстаннан қашып кетуге ниетінің жоқтығы және тұрғылықты жері бар екені жазылған.

Фрагмент постановления о выходе Атамбаева из СИЗО под домашний арест
© Photo : Замир Жоошев
Атамбаевты тергеу абақтысынан босатып, үйқамағына алу туралы қаулының үзіндісі

Бұл ретте сот Атамбаев пен қаулыда көрсетілген бірқатар шенеуніктің жай айыпталушы ғана емес, ұзақ мерзімге сотталған сотталушы екенін ескергісі келмей отыр. 2020 жылдың маусым айында Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Егер Бішкек сотының жаңа шешімі заңды болып, өз күшіне енсе, онда Атамбаев 2020 жылдың 11 қарашасына дейін үйқамақта отыруға міндетті.  Соттың басқа шешімдері шыққанға дейін ол сөз сөйлеп, мәлімдеме жасай алмайды, митингтерге қатысып, сұқбат бере алмайды.

Тағы оқыңыз: Бішкекте не болып жатыр - дронмен түсірілген видео жарияланды

Адвокаттың жазбасының астына көп пікір жазылған. Кейбіреулер "Атамбаев пен оның серіктері "саяси тұтқын", сондықтан абақтыда отырмауы керек" деп есептейді. Ал енді біреулер "алдағы уақытта ұйымдасқан қылмыстық топтардың сот қаулысымен түрмеден босап шығуына ешнәрсе кедергі болмай қалады" деп санайды. Бұл ретте, олар мұндай сот отырыстарының түнде де өтіп жатқанын алға тартты.

Атамбаев не үшін түрмеге қамалды?

Қырғызстанның экс-басшысы Алмазбек Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуына қатысы бар болғаны үшін сотталды.

Батукаев 2006 жылы 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 2013 жылы ол "ауыр сырқатына" байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, Қырғызстаннан кетіп қалған еді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір Батукаев қаруды заңсыз сақтағаны үшін Шешен Республикасында жазасын өтеп жатыр.

Ішкі істер министрлігі "Батукаев Атамбаевтың тікелей бұйрығымен жалған диагноз қою арқылы босатылды" деп мәлімдеді. Атамбаев ішкі істер министрлігіне үш рет куәгер ретінде жауап алуға шақырылды. Бірақ экс-президент министрлікке сол күйі бас сұқпады. Сондықтан Атамбаевты күштеп әкелу туралы шешім қабылданды. ҰҚК қызметкерлері Қой-Таш ауылына барып, онда қарсылыққа тап болды.

333
Кілт сөздер:
Қырғызстан, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Қырғызстанның ОСК парламент сайлауының қорытындысын жарамсыз деп таныды
Қырғызстан президенті Жээнбеков мәлімдеме жасады – видео
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында не болып жатыр – ресми түсініктеме
Ақорда Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Электрондық вакцинация паспорты

Тоқаев: ШЫҰ елдері COVID-ке қарсы вакциналау паспортын өзара мойындауы қажет

37
(Жаңартылды 17:29 17.09.2021)
Қазақстан президенті коронавирусқа қарсы күрес халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек — Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің вакциналау паспорттарын өзара мойындау рәсімін жеделдету қажет, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде вакциналау паспорттарын өзара мойындау рәсімінің жеделдетілуі және олардың көпжақты жүйеге біріктірілуі елдеріміз бастан өткеріп отырған қиындықтарды еңсеруге септігін тигізетініне сенімдімін", - деді Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдердің президенттері бас қосқан отырыста.

Ол коронавирусқа қарсы күрес халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып қала беретінін айтты. Қазақстан президенті ШЫҰ бойынша серіктестері пандемияның ең ауыр кезеңінде өзара гуманитарлық көмек көрсете отырып, шын мәнінде, ізгіліктің үлгісін көрсеткенін атап өтті.

"Халықтың жаппай иммунитетін арттыру арқылы ғана пандемияны еңсеру мүмкін болады. Сондықтан БҰҰ терминологиясын қолдана отырып, біз "кейбіреулерді артта қалдыруға" жол бере алмаймыз. Бұл ретте Қазақстан алғашқы сынақтан өткен өзінің QazVac вакцинасын ұсынады. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз аталған препаратты көрші елдерге гуманитарлық көмек ретінде тасымалдай бастадық", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Қазақстанның Naruvax-C19 және Naruvax-C19/Nano әзірлемелері COVID-19 індетіне қарсы үміткер вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне енгізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде вакциналау паспорттарын өзара тану рәсімінің жеделдетілуі және олардың көпжақты жүйеге біріктірілуі елдеріміз бастан өткеріп отырған қиындықтарды еңсеруге септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

 

 

37
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті

Қазақстан болашақ Ауғанстанды бейбіт өмір сүретін ел болады деп санайды Тоқаев

78
(Жаңартылды 15:30 17.09.2021)
Президент Ауғанстанға  халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынды  

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның болашағын қалай көретінін айтты.  

"Қазақстан болашақ Ауғанстанды өз ішінде және көршілес елдермен, шын мәнінде, бейбіт өмір сүретін тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет болады деп санайды", - деді ол Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде.

"Тағдырдың тәлкегіне түскен осындай тарихи сәтте көпұлтты Ауғанстан халқы шектен тыс қиыншылықтармен бетпе-бет қалмауға тиіс. Ықпалы зор ШЫҰ бұл елде бейбітшілік пен келісімнің үстемдік құруы үшін  белсенді рөл атқара алады және атқаруы қажет деп санаймын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана қазіргі қауіпке қарсы күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан өз тарапынан деструктивті идеология ағынының, есірткі тасымалының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшудің жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімізбен арадағы ықпалдастықты кеңейтеді, – деп атап өтті президент.

"Бізге үлкен ойындар қажет емес": Тоқаев ШЫҰ саммитінде маңызды мәселе көтерді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

"Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға  халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынамыз. Бұл қадам аймақтағы өткір мәселелерді шешу ісіндегі біздің Ұйымның рөлін арттыруға, сондай-ақ, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметіне үйлесімді түрде атсалысуға ықпал ететініне сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.

78

Cары-Шағанда зымыранға қарсы жаңа жүйе сынақтан өткізілді видео

0
Ресейдің әуе-ғарыш күштері зымыранға қарсы жаңа жүйені Сары-Шаған полигонында сынақтан өткізді

Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі 2017-2021 жылдары Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы жаңа жүйенің он рет сынақтан өткізілгенін хабарлаған еді.

Қазақстандағы Сары-Шаған полигонын Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі жалға алып отыр. Полигонда сынақ базасының объектілері бар, бұл жерде зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін толыққанды сынап көруге мүмкіндік жасалған.

0