Кәрім Мәсімов

Қырғызстандағы ахуал: Мәсімов Суваналиевпен жағдайды талқылады

190
(Жаңартылды 08:57 09.10.2020)
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Өмірбек Суваналиевпен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары – Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Өмірбек Суваналиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Тараптар Қырғызстанда қалыптасқан жағдайды талқылнды. Мәсімов жағдайдың тез қалпына келетініне сенім білдірді. 

"Әрекеттегі уағдаластықтар аясында екі ведомствоның ынтымақтастығын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді", - делінген ақпаратта.

Қырғызстандағы жағдай

5 қазанда Ала-Тоо алаңында оппозицияның наразылық акциясы өтті. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысымен келіспейтіндер жиналды. Олар "Ақ үйге" кірмек болғанда, халық пен милиция арасында қақтығыс басталды. Митингіге шыққандар түнде президент аппараты мен "Жогорку Кенеш" парламенті отыратын "Ақ үйге" басып алды. 

Артынан наразылыққа шыққандардың бір бөлігі Алмазбек Атамбаевты босату үшін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне аттанды. Оны босатып, Ала-Тоо алаңына жеткізді. Бұдан бөлек, митингке шыққандар бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков пен Жанторо Сатыбалдиевті, экс-депутаттар Садыр Жапаров пен Равшан Жээнбековті босатып алды. 

6 қазанда таңертең наразылық акциясына шыққан халық Бішкек мэриясын басып алды. 

Қақтығыс салдарынан мыңдаған адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды. Қырғызстан премьері  Қубатбек Боронов  отставкаға кетті. Сооронбай Жээнбековтің баспасөз хатшысы президент Бішкек қаласында барлық саяси күштермен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Ол оппозиционерлерді бірнеше мәрте диалогқа шақырды, алайда ресми келіссөз әлі болған жоқ.

190
Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан президенті Жээнбеков мәлімдеме жасады – видео
Тоқаев пен Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті
Сандарды "сөйлеткен" Құралай Бақытқызы Қырғызстандағы тұрақсыздықтың себебін болжады
Қырғызстанда неліктен банкоматтар жұмыс істемей жатқаны анықталды
Қырғызстандағы дүрбелең: президент Жээнбековтің қайда екені белгілі болды
парламент палаталарының бірлескен отырысы

Қазақстанда қандай партиялар тіркелген?

47
Қазақстанда парламенттік сайлау 2021 жылдың қаңтарында өтеді, оған алты саяси партия қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан - Sputnik. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне сәйкес, 2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әділет министрлігі хабарлады.

Саяси партиялардың тізімі

  • Nur Otan партиясы
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы
  • Қазақстан халықтық коммунистік партиясы
  • "Ауыл" ұлттық-демократиялық партиясы
  • "Бiрлік" саяси партиясы
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)

Қазіргі таңда Қазақстан парламентінде саяси партиялардың үш фракциясы бар: "Нұр Отан", "Халықтық коммунистер" және "Ақ жол".

2021 жылы мәжіліс сайлауы өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.

Қазақстанда парламент екі палаталы, ол мәжілістен - төменгі палатадан және сенаттан - жоғарғы палатадан тұрады.

Мәжіліс сайлауының тарихы
© Sputnik /
Мәжіліс сайлауының тарихы
47
Кілт сөздер:
Мәжіліс, партия
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Нұрлан Нығматулин

"Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты

58
(Жаңартылды 11:47 21.10.2020)
Парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді, дейді мәжіліс төрағасы

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Әрине, парламент сайлауы еліміз үшін, соның ішінде халқымыз үшін өте маңызды қадам. Себебі парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді", - деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда мәжіліс спикері алдағы сайлау демократияның нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

"Партиялар бәсекелестік күресте халық сенімінің мандатын ала алады. Тәуелсіздік жылдарында болған парламент сайлауы болсын, президент сайлауы болсын, қазақстандықтар үнемі жоғары саяси мәдениетті көрсетіп келеді. Алдағы сайлау да қоғамдық диалогқа, әріптестікке және еліміздегі көппартиялы демократияның дамуына жағдай жасайды деп білемін", - деп атап көрсетті Нығматулин.

Айта кетсек, парламенттің төменгі палатасының кезекті сайлауын өткізу күнін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен бекітті.

Сонымен, мәжілісі сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан парламентке өтетін депутаттардың сайлауы 11 қаңтарға белгіленді. 

58
Кілт сөздер:
Мәжіліс, сайлау, Нұрлан Нығматулин
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Кісен, архивтегі сурет

Шығыс Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

3
Шығыс Қазақстан облысының полициясы жыл басынан бері түрлі қылмыс жасағаны үшін Ресейдің құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 18 қылмыскерді анықтады

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында сегіз айдан бері халықарылық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

Ер адам ұзақ уақыт бойы Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынған. ТМД елдері арасындағы шекара маңы ынтымақтастығын іске асыру жоспары аясында ШҚО полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері қылмыскерді анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

"Ер адам құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзған. Соның кесірінінен бірнеше адам қайтыс болған. Соған байланысты мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қазір Ресей Федерациясындағы әріптестерімізге күдіктінің қай жерде екені хабарланды", – деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының полициясы жыл басынан бері түрлі қылмыс жасағаны үшін Ресейдің құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 18 қылмыскерді анықтады.

3
Кілт сөздер:
қылмыскер, халықаралық іздеу, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
"Өзіме қол салуға мәжбүрмін" Сот үкімін тыңдаған қылмыскер қиғылық салды
Түрмедегі "Қазақ аруы": ең сұлу қылмыскер әйел анықталды - фото
Алматыда сегіз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды - видео
Шымкенттегі қанды оқиға: қылмыскер 4 адамды қалай өлтіргенін айтып берді 
Халықаралық іздеуде болған қылмыскер Қазақстанда ұсталды