Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон

Тоқаев Эмомали Рахмонды құттықтады

43
(Жаңартылды 15:31 12.10.2020)
Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті болып қайта сайланған Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Эмомали Рахмонмен сөйлесіп, Тәжікстан президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қазақстан басшысы әріптесі Эмомали Рахмонды Тәжікстан президенті болып қайта сайлануымен шын жүректен құттықтап, оған ізгі тілектерін білдірді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт көшбасшысының Тәжікстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және оның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті", - делінген Тәжікстан басшысы баспасөз қызметінің ақпаратында.

Сонымен қатар телефон арқылы сөйлесу барысына Орталық Азиядағы екі республиканың басшысы елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту және тереңдету жөніндегі бірлескен қадамдардың одан әрі маңыздылығын атап өтті.

Тоқаев Рахмонды ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтады 

Айта кетейік, Тәжікстанда президент сайлауы 11 қазанда өтті. Елдің қазіргі президенті Эмомали Рахмон сайлауда тағы да жеңіске жетті. Республикалық орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Рахмонға сайлаушылардың 90,92%-ті дауыс берген.

43
Кілт сөздер:
құттықтау, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, екі есе көп астық жиналды – Тоқаев
Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото
Назарбаев Путинді туған күнімен құттықтады
Тоқаев Кувейт мемлекетінің әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қазақстан туы

Тоқаев 2021 жылда қандай мәселелерді шешуге басымдық берілетінін айтты

108
(Жаңартылды 20:43 22.10.2020)
Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады.

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешімімді айттым. Бұл өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Ол мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтетінін хабарлады.

"Біз оқу сауаттылығы деңгейін арттыруға баса мән беруіміз қажет. Бұл бағытта жаңғыртуды және цифрландыруды қажет ететін кітапханалар маңызды рөл атқарады", - деді президент.

Бұған дейін мемлекет басшысы мерейтойды сан алуан салтанатты жиындармен атап өтетін уақыт емес екенін айтқан болатын. Бұл дата саяси және экономикалық реформалар, цифрландыру, адам құқықтарын қорғау, білім мен денсаулық саласын дамыту, экологияны қорғау сияқты шаралармен есте қалуы керек. Сондықтан біз қысқа уақыттың ішінде нақты нәтижеге жетуіміз керек, деді президент.

108
Кілт сөздер:
тәуелсіздік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Асыра сілтеу болмасын": Тоқаев ел үшін аса маңызды мәселе туралы айтты
"Сатылмайды": Тоқаев жұрттың көкейінде жүрген күдікті сейілтті
Жоғары кеңестің алғашқы отырысы: Тоқаев алты бағытты айқындады
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын нақты істермен қарсы алуымыз керек – Тоқаев
Тоқаев шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтар туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин

Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі

399
(Жаңартылды 18:25 22.10.2020)
Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы қарашада Көкшетауда өтеді деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Қазақстан мен Ресей президенттері қараша айында өңіраралық ынтымақтастық форумында кездеседі. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр", - деді сыртқы істер министрлігінде.

Бұған дейін он жетінші Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы Көкшетауда өтетіні хабарланған болатын. 2020 жылы форум экология мәселесіне арналады. Тақырыпты Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасының сайтында шара 12-13 қарашада өтетіні жазылған.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Ресейдің Омбы қаласында өтті. Сол кезден бастап шекаралас өңірлерде кездесу дәстүрге айналды.

Ақмола облысы форумды өткізетін Ресеймен шекаралас емес алғашқы аймақ. 

399
Кілт сөздер:
Көкшетау, Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Сот, архив

Тоқаев судьялар үшін тағы бір талап енгізуді ұсынды

0
Соттарға экономика мен құқықтың өзекті мәселелерін жақсы түсінетін мамандарды тарту қажет, деп есептейді президент

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Дамыған елдерде бұрын азғантай теріс қылығы болған адамды судья қызметіне алмай қояды, осы тәжірибені қолға алу қажет. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Соңғы жылдары судья қызметіне кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтілді. Іріктеу тәртібі де өзгерді. Бүгінде мықты заңгерлер, көрнекті ғалымдар және практик құқықтанушылар сот саласында тәжірибесі болмаса да, судья бола алады. Соттарға экономика мен құқықтың өзекті мәселелерін жақсы түсінетін мамандарды тарту қажет", - деді Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде.

Осы орайда мемлекет басшысы шет елдердің тәжірибесі негізінде судьяларға қатысты тағы бір талапты қолға алу қажет деп санайды.

"Судьяның репутациясы мінсіз болуы шарт. Ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жариялы түрде өтуі керек. Дамыған мемлекеттердің көбісі судьяларға өте жоғары талап қояды, тіпті бұрын болған азғантай теріс қылығы үшін осы қызметті бермей қояды. Бұл тәжірибені Қазақстанда қолға алу қажет деп санаймын", - дейді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Жоғарғы сот кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі осы құрылым судьяларды іріктеу шараларына жауап береді. Ал Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясына біраз шаруа атқару қажет. Себебі 60 түлектің ішінде 7-уі ғана судьяның жолын таңдайды. Ал олардың дайындығына бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Тағылымдамадан өткен мамандар еңбекақының 70 процентін алып тұрады.

0
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев