Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков

Тоқаев: Жээнбеков Қырғызстанның легитимді президенті

88
Қазақстан басшысы бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқанын атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қырғыз әріптесі Сооронбай Жээнбековке қолдау білдірді.

"Президент Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Президент Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды екенін атап өтті.

"Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күшті қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық", - деп түйіндеді Тоқаев.

Еске сала кетейік, 5 қазан күні Бішкекте Жогорку Кенеш сайлауының нәтижелеріне қарсы митинг өтті. Кешке таман наразылық білдіргендер мен милиция арасында қақтығыс басталып, мыңдаған адам зардап шекті, біреуі көз жұмды. Түнде митингіге шыққандар парламент ғимаратын басып алды, кейін Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарын, Садыр Жапаров пен түрмеде отырған басқа да саясаткерлерді босатты. 

Оқи отырыңыз: Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін қайтадан енгізуге мәжбүр болды 

Келесі күні Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының нәтижелерін жарамсыз деп таныды. Сол күні кешке депутаттардың бір бөлігі премьер-министр қызметіне Жапаровтың кандидатурасын мақұлдады. Алайда парламент оның кандидатурасы бойынша әлі ортақ шешімге келмеді.

10 қазанда Алмазбек Атамбаев пен босатылғандардың бір бөлігі қайта ұсталды.   

88
Кілт сөздер:
президент, Сооронбай Жээнбеков, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Қырғызстандағы оқиға жөнінде сөйлесті
Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Алмазбек Атамбаевтың ұсталуына қатысты тың дерек шықты
Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Шекара пункті

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны демаркациялау жұмысы қалай жүріп жатыр

51
Қазақстан мен Ресей 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындысын шығарды. Комиссияның келесі отырысы қарашада Ресейде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Алматыда 26-30 қазан аралығында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 103-ші отырысы өтті.

"Тараптар 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындысын шығарып, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді жалғастырды", - деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен.

Делегациялар комиссияның жұмыс жоспарын, сондай-ақ, 2021 жылдағы далалық және камералдық демаркациялық жұмыстарды талқылады.

Келіссөздер достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың қараша айында Ресейде өтеді.

2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Ресей шекарасын (ұзындығы – 7,5 мың шақырымнан астам) делимитациялау процесі аяқталғаны хабарланған еді. Ресей президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі шекараны шегендеу, яғни демаркациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, бүкіл мемлекеттік шекараның 86,7%-ы белгіленгенін нақтылады.

51
Кілт сөздер:
шекара, Ресей
Тақырып бойынша
Мемлекеттік шекараны кімдер кесіп өте алады
Қазақстан мемлекеттік шекараны дронмен күзетуі мүмкін
Қазақстан Ресей және Өзбекстанмен шекараны демаркациялап жатыр   
Ақорда

Ақордадағы кездесу: Қырғыз министрінің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

642
Екіжақты кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара іс-қимылдар деңгейін жоғары бағалады.

"Қазақстан мен Қырғызстан ең жақын мемлекеттер. Бізді бөліп тұрған ештеңе жоқ, керісінше елдерімізді біріктіруші факторлар өте көп. Қазақстан үшін Қырғызстан – сенімді одақтас, маңызды стратегиялық серіктес және бауырлас ел", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларды Қазақстанның мұқият бақылап отырғанын, оны қырғыз елінің ішкі мәселесі деп қарайтынын атап өтті.

"Бауырлас қырғыз елінің болашағына алаңдаймыз. Сондықтан Қырғызстанға көмек көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз. Бұған дейінгі келісімдер негізінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыра береміз", – деді мемлекет басшысы.

Руслан Қазақбаев өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны және Қырғызстандағы күрделі кезеңде қолдау білдіргені, коронавирус пандемиясы кезінде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Менің сапарымның басты мақсаты – елімізде болып жатқан ішкі саяси өзгерістерге қарамастан бауырлас қазақ еліне қатысты сыртқы саяси бағдарымыздың өзгермейтінін айқындау. Қырғыз Республикасы бауырлас қазақ елімен арадағы жақсы қарым-қатынастарды қашан да құрмет тұтады және солай қала береді. Еліміздің жаңа басшылығы бауырлас екі елдің түпкі мүдделеріне сай келетін барлық бағыттар бойынша қырғыз-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтып, арттыруға ниетті", – деді Қырғыстанның сыртқы істер министрі.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды

Президент министрмен кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

642
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды
Енді қазақ-қырғыз шекарасында балалардың туу туралы куәлігі сұралмайды
Сайлау нәтижесі жойыла ма: қырғыз президенті мен қауіпсіздік қызметкерлері не айтты
Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты шешім қабылданды
Қырғыз ақыны президенттің алдында елді жемқорлық жайлағанын айтты – видео
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

0
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

0
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды