Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Әлиев пен Пашинянның сұқбаты: Қарабақтағы соғысты тоқтатуға бола ма?

69
(Жаңартылды 17:58 16.10.2020)
Әзербайжан мен Армения басшылары Қарабақтағы соғыс туралы не ойлайтыны, басқа шиеленістерден бұл қақтығыстың немен ерекшеленетіні және қантөгісті тоқтату үшін мәселені қалай шешу қажеттігі туралы сауалдарға жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан - Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақта қақтығыстың ушығу мәселесі төңірегінде "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке сұқбат берді.

Осы орайда екі елдің басшыларының негізгі тезистерін ұсынамыз. Оларға бірдей сауалдар қойылды, екеуі де бұл сұрақтарға бірдей уақыт ішінде жауап беруі тиіс болды.

Қарабақтағы соғыстың Армения мен Әзербайжан үшін орны қандай?

Никол Пашинян

"Қазіргі уақытта Таулы Қарабақтың өзін-өзі қорғау армиясы қорғанысты мықтап ұстап тұр. Шынтуайтына келгенде, Түркия мен Әзербайжанның Таулы Қарабақты қысқа мерзім ішінде бақылауға алуға қатысты жоспары дәл қазір сәтсіздікке ұшырады деуге болады", - деді Пашинян.

Бұған дейін Әлиев басқа арнаға берген сұқбатында Қарабақта ұрыс қимылдары басталғаннан бері Әзербайжан армиясы 40 елді мекенді бақылауға алғанын айтқан еді.

Пашинянның айтуынша, "ХХІ ғасырда ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған соғыс жүріп жатыр". Оған қарудың барлық түрі: танктер, дрондар, ұшақтар мен тікұшақтар, бронды машиналар, артиллерия, зымырандық артиллерия қатысып, "көп сарбаз бен әскер" тартылып отыр.

Ильхам Әлиев

"Білесіз бе, кез-келген соғыс – ол қатыгездік, құрбандардың болуы, адамдардың азап шегуі, жақындарыңнан айырылу. Бірақ  мұндағы айырмашылық - әзербайжан халқы үшін бұл азат ету соғысы, ал Армения үшін бұл басқыншылық соғысы", - деді Ильхам Әлиев.

Оның айтуынша, Таулы Қарабақтың өз армиясы бар деуге келмейді, Таулы Қарабақ үшін 90% Армения азаматтары күрес жүргізіп жатыр.

"Олар онда не істеп жүр? Әзербайжанның халықаралық деңгейде мойындалған аумағында армяндардың басқыншылық әрекеті жүріп жатыр. Өз ата-бабасының жеріне әзербайжандардың кіруіне жол бермеу саясатын  армяндардың 30 жыл бойы ұстанып келуі ақылға сыймайтын дүние", - деп толықтырды өз сөзін президент.

Қарабақта басқа елдерден келген жалдамалы содырлар бар ма?

Яғни, қақтығысқа қатысушылардың арасында Әзербайжан немесе Армениядан өзге елдерден келген азаматтар бар ма? Бұған дейін Сирия президенті Башар Асад Түркияны қақтығыстарға белсенді қатысты және Сирияда соғысқан содырларды Қарабаққа жіберіп жатыр деп айыптаған болатын.

Ильхам Әлиев

"Бізге ешкім қазіргі таңда Әзербайжан аумағында жүріп жатқан қақтығыстарға басқа шетелдік қарулы құрылымдардың қатысып жатқандығы туралы айғақты ұсынған емес. Біздің ресми ұстанымымыз мынадай - бізде шетелдік жалдамалылар жоқ", - деді Ильхам Әлиев сұқбатында.

Оның айтуынша, Әзербайжан армиясы 100 мыңнан астам сарбаздан тұрады және қажет болған жағдайда бұл көрсеткішті бірнеше есе арттыруға мүмкіндік бар.

Ол сондай-ақ "бірде-бір жалдамалының біліктілігі және техникалық мүмкіндігі жоқ екендігін" айтты.

"Біз тек ұшқышсыз соққы беру аппараттарының көмегімен қарсыластың құны 1 миллиард доллардан асатын әскери техникасын жойдық", - деді ол.

Ол Әзербайжан аумағына немесе оған көршілес жатқан елдерге қауіп төндіруі мүмкін террористік ұйымдардың өз елінде "ұя салуына" ешқашан жол бермейтінін мәлімдеді.

Никол Пашинян

"Қазір бұл туралы бүкіл әлем айтып жатыр. Бұл өте маңызды нюанс, сонымен қатар ол кімнің қандай себептермен ұрыс қимылдарын бастағанын түсінуге көмектесетінімен маңызды. Әрине, Сириядан келген террорист-содырлардың Таулы Қарабақтағы соғысқа қатысып жатқандығы туралы нақты дәлелдер бар.  Бұл бейне дәлелдер әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Ол бүкіл әлемде дәлелденді", - деді Никол Пашинян.

Ол "Түркия - бұл соғыстың басты демеушісі" деп мәлімдеді, бұл ел оның айтуынша, Қарабаққа террористер жалдаған, сонымен қатар өзінің арнайы күш құрылымдарымен қамтамасыз еткен. Қарабақта Пәкістанның арнайы күш құрылымдары да бар, деп есептейді Пашинян.

Оның пікірінше, "Әзербайжан армиясы Таулы Қарабақтың армиясына қарсы жалғыз күресуге қабілетті емес. Сондықтан Түркия террористерді тарту туралы шешім қабылдады", - деп толықтырды  ол сөзін.

Пашинянның  айтуынша, жақында орыстар Солтүстік Кавказда, яғни, өз аумағында жойған содырлар, ол жерде Сириядан террористерді жібергеннен кейін пайда болған.   

Құрбандар

Ильхам Әлиев

"Бүгінге дейін бізде 43 бейбіт тұрғын қаза тапты және 200-ден астам жаралы бар, байланыс аймағына іргелес жатқан ауылдар мен қалалардағы 2 мыңға жуық үй толығымен қирады немесе зардап шекті", - деді Әлиев.

Ал әскерилер арасындағы шығындарға келсек, Әлиевтің айтуынша, "армян тарапының шығыны Әзербайжанмен салыстырғанда әлдеқайда көп".

Әлиев өз армиясындағы шығын көлемі туралы сауалға қақтығыстың шарықтау шегі аяқталғаннан кейін жауап беруге уәде берді.   

Никол Пашинян

Екі жақта да құрбандар саны жетерлік, жағдай қиын, деп атап өтті Армения премьер-министрі. Өлгендер мен тұтқындар саны туралы қойылған сауалға ол қазіргі таңда ауқымды және кескілескен шайқас жүріп жатқанын айтты. 

Ымыраға келу: атысты тоқтатуға бола ма?

Никол Пашинян

"Біз Таулы Қарабақ мәселесін шешу үшін мұндай қадамға баруға дайынбыз. Біз Әзербайжан тарапы дайын болса, ымыраға келуге әзірміз", - деді Пашинян.

Алайда, Армения кері шегінуге дайын емес сызық бар.

"Бұл жерде бір мәселе бар, ол  - Таулы Қарабақ халқы өз тағдырын өзі шешуі тиіс. Әр уақытта және әрқашан Армения мұндай ымыраға келуге дайын болған", - деді Пашинян Әзербайжан мен Армения лидерлерінің Sputnikке қатар берген сұқбаты барысында.

Ильхам Әлиев

"Егер "қызыл сызықтарға" келетін болсақ, біз мұны өте айқын түрде мәлімдедік және мұны Минск тобының тең төрағалары да жақсы біледі: ешқандай жағдайда Әзербайжанның аумақтық тұтастығы бұзылмайды, Әзербайжан Таулы Қарабақтың тәуелсіздігіне ешқандай жағдайда келісім бермейді", - деп мәлімдеді Ильхам Әлиев.

Сонымен қатар, Әзербайжанның ұсынысы армян және әзербайжан қауымдастығының Таулы Қарабақ аумағында бейбіт қатар өмір сүруі қажет дегенге негізделген, деді президент.

"Әзербайжанның басқа елді мекендерінде, соның ішінде мыңдаған армян қауымдастығы бар Бакуде, Ресейде, Грузияда және басқа елдерде дәл осындай жағдай қалыптасып отыр. Неге бізде де дәл осыған қол жеткізбеске? Бірақ, әрине, этникалық тазартудың салдарын жою керек және біздің иммигранттарымыз үйлеріне оралуы қажет", - деді Әлиев.

Тұлғаның тарихтағы рөлі туралы

Пашинян мен Әлиев осы соғыс тарихында кім болып қалғысы келеді?

Никол Пашинян

"Бұл жеке амбицияның мәселесі емес. Мен Қарабақтағы қақтығыс ымыраға келу арқылы түпкілікті түрде шешілгенін қалаймын. Ол үшін Армения, Әзербайжан және Қарабақ үшін қолайлы болатындай шешім табуымыз қажет".

Ильхам Әлиев

"Мен бұл туралы бұрын-соңды ойлаған емеспін, қазір тіпті ойламаймын. Менің міндетім - әзербайжан халқының сенімін ақтау және елді даму жолымен алып жүру, оның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету".

Қарабақтағы шиеленіс

Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс 27 қыркүйекте басталды. Армения мен Әзербайжан соғыс қимылдарын бастады деп  бірін-бірі деп айыптап отыр. Армения әскери жағдай енгізіп, алғаш рет жалпы мобилизация жариялады. Армения Анкара Бакуге белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр деп мәлімдеді. Әзербайжанда ішінара мобилизация жарияланды және кейбір жерлерде әскери жағдай енгізілді.

69
Садыр Жапаров

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды

1150
Саясаткер президент сайлауына қатысу үшін отставкаға кетпекші. Егер сайлауда жеңілсе, қатардағы азамат болып қала беретінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Сооронбай Жээнбековтің отставкасынан кейін Қырғызстан президентінің міндетін атқарып жүрген премьер-министр Садыр Жапаров отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Мен ел қатарлы сайлауға түсемін. Егер жеңсем, президент боламын. Жеңілсем, сіздердің араларыңызда қатардағы азамат болып жүре беремін", - деді Жапаров Нарын облысы халқының алдында сөз сөйлегенде.

Сооронбай Жээнбековтің отставкасынан кейін өткелі жатқан мерзімінен бұрын президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Конституция бойынша президенттің міндетін атқарушы мемлекет басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсына алмайды.

Бұған дейін Жапаров егер мүмкіндік жасалса, сайлауға қатысатынын айтқан еді. Алайда қырғызстандықтар саясаткер үшін Конституцияны қайта қарауға дайын емес.

Жапаров кім

Садыр Жапаров 1968 жылы 6 желтоқсанда Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Кен-Суу ауылында дүниеге келді. Үйленген. Төрт баланың әкесі.

Еңбек жолын Қырғызстанның Шу ауданы "Санташ" ұжымшарында қарапайым жұмысшы болып бастады.

2005 жылға дейін бірқатар кәсіпорынды басқарды. Саяси мансабын 2005 жылы Қызғалдақ төңкерісінен кейін бастады. 2005-2007 және 2010-2013 жылдары Жогорку Кенеш депутаты болып сайланды.

Тағы оқыңыз: Қырғызстан премьері президент міндетін атқаратын болды

2007-2009 жылдар аралығында Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиевтің кеңесшісі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық агенттіктің комиссары болды. 2009-2010 жылдары Қырғызстан мемлекеттік кадр қызметі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу агенттігін басқарды.

2012 жылдың күзінде Жапаров "Құмторды" мемлекет меншігіне алуды талап еткен азаматтармен бірге митингке шығып, Ақ үйді басып алмақ болды.

2013 жылдың наурызында сот оны кінәлі деп тауып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда маусымның ортасында саясаткер ақталып, сот залынан босап шықты.

2013 жылы маусымның соңында Қаракөлде "Құмторға" қарсы митинг өтіп, наразылық білдіргендер облыс губернаторы Эмилбек Каптагаевты кепілге алмақ болды. Үкімет бұған Садыр Жапаров пен Кубанычбек Кадыровты айыптады.

Наразылық лидерлері ұсталды, бірақ Садыр Жапаров еш қатысы жоқ екенін айтып, елден кетті. Саясаткер 2017 жылға дейін Кипрде тұрды.

2017 жылы 25 наурызда елге оралмақ болғанда қырғыз-қазақ шекарасында ұсталды.

Осыдан кейін сот Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Садыр Жапаровты облыс губернаторын кепілге алғаны үшін 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

2020 жылы 5-нен 6 қазанға қараған түні Жапаровты жақтастары түрмеден босатып алды.

1150
Кілт сөздер:
президент сайлауы, премьер-министр, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Қырғызстандағы дүрбелең басталған бір аптада қандай оқиғалар болды?
Қазақстан сыртқы істер министрі Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді
Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді

Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді 

1360
(Жаңартылды 12:19 26.10.2020)
Күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазақстанға ресми сапармен Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар келді. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен өтетін кездесу кезінде аймақтық қауіпсіздік мәселелері де талқыланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Бұдан бөлек, күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар. 

"Қазақстан Түркиямен арадағы көп жоспарлы стратегиялық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мән береді. Ал екі мемлекет көшбасшылары арасындағы өзара түсіністік пен достық атмосферасы екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюінде негізгі рөл атқарады", - делінген қорғаныс ведомствосының ресми хабарламасында.

Осы орайда қорғаныс министрлігі Қазақстанның қарулы күштерінің құрылуы мен дамуының алғашқы кезеңінде Түркияның қарулы күштері мен Бас штабының бірінші болып қолдау көрсеткенін де еске салды. Атап айтқанда, Түркия 1990-2000 жылдары қайтарымсыз негізде Қазақстанға әскери мүлік жеткізіп отырған. Соның ішінде кеңсе техникасы, картографиялық құрал-жабдықтар, байланыс құрылғылары және жол талғамайтын көліктер бар. 

Уақыт өте келе, тараптар көпмақсатты жеңіл брондалған көліктер мен оптикалық-электронды құралдар өндірісі саласында өзара тиімді байланыстарға көшті. Ал әскери білім саласында курсанттар Түркияның жетекші әскери училищелерінде өз дайындықтарын шыңдайды. Қазақстанның әскерилері де сан алуан оқыту орталықтарына барып тұрады. 

2018 жылы қыркүйек  айында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барған. Сол кезде Анкара қаласында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде әскери ынтымақтастық туралы келісім де бар.

1360
Кілт сөздер:
қорғаныс министрі, Қазақстан, Түркия
Тақырып бойынша
"Қамығып отырмыз": Түркиядағы қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады
Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі – таңғажайып суреттер
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Қашықтан оқу

Ақтөбе облыстық білім басқармасының былығы ашылды

0
Ақтөбе облысының білім басқармасы 5 000 ноутбуктың әрбіреуін 250 000 теңгеге сатып алған. Алайда ол кезде оның нарықтық бағасы 149 000 теңге болған  

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбе облыстық білім басқармасының жұмысын тексерген арнайы бақылау тобы оқушыларға арналған ноутбуктерді жоғары бағамен сатып алу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, осыдан екі жыл бұрын облыстық білім басқармасы мен жекеменшік компания арасында компьютерлік техниканың 5 000 данасын жеткізу туралы келісімшарт рәсімделген. Сол кезде әрбір компьютердің бағасы 149 мың теңге болған.

"Алайда білім басқармасы әрбір компьютерді  250 мың теңгеден қабылдапты. Барлық лот бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 1 миллиард 250 миллион теңгеден асып кеткен. Компьютерлердің конфигурациясы әлсіз болған. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетілмеген. Ал пандемия кезінде ондай қызметтің болғаны маңызды", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды 

Сонымен қатар, техникалық сипаттама бойынша барлық компьютерде үш жылдық сервистік қызмет көрсетуге кепілдік болған. Соған қарамастан, білім басқармасы қажет болған жағдайда техникаға қызмет көрсету үшін тағы бюджеттен ақша бөлген.   

0
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, білім күні
Тақырып бойынша
Әжетханаға камера орнатқан: Павлодар білім басқармасының басшысы өз әрекетін түсіндірді
Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады