Саясат

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысын өткізеді

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в заседании Нацсовета общественного доверия
Касым-Жомарт Токаев принял участие в заседании Нацсовета общественного доверия  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы 22 қазанда өтеді

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл жайында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Отырыс 22 қазанда сағат 11.00-де басталады.

"Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және басқа да мәселелер қаралады", - деп жазды Уәли.

Отырыс президенттің баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі AkordaPress парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылдың 12 маусымында құрылды. Кеңестің бірінші отырысы 2019 жылдың 6 қыркүйегінде өтті.

Ұлттық кеңестің құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, сарапшылар кіреді.

Бұған дейін ұлттық кеңес құрамынан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев, қоғам қайраткерлері Мұхтар Тайжан, Сейдахмет Құттықадам және Жәнібек Қожық шығарылды.

Орнына кеңес құрамына "Дос" тәуелсіз өмір орталығы" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енгізілді.

Жаңалықтар
0