Саясат

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны демаркациялау жұмысы қалай жүріп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинШекара пункті
Шекара пункті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындысын шығарды. Комиссияның келесі отырысы қарашада Ресейде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Алматыда 26-30 қазан аралығында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 103-ші отырысы өтті.

"Тараптар 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындысын шығарып, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді жалғастырды", - деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен.

Делегациялар комиссияның жұмыс жоспарын, сондай-ақ, 2021 жылдағы далалық және камералдық демаркациялық жұмыстарды талқылады.

Келіссөздер достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың қараша айында Ресейде өтеді.

2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Ресей шекарасын (ұзындығы – 7,5 мың шақырымнан астам) делимитациялау процесі аяқталғаны хабарланған еді. Ресей президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі шекараны шегендеу, яғни демаркациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, бүкіл мемлекеттік шекараның 86,7%-ы белгіленгенін нақтылады.

Жаңалықтар
0