Таулы Қарабақтағы жағдай ушықты

Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  

3049
(Жаңартылды 19:09 08.11.2020)
Салалық министрлік әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та жарияланған Бакуге әскери көмек берілгені туралы хабарламаны жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ жеткізуге ниет білдірмеген. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

StopFake.kz порталының мәліметінше, кейбір интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Әзербайжанға қару-жарақ жеткізе бастағаны туралы ақпарат жарияланған.  

"Бұл мәлімдеме – жалған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарламаны ресми түрде жоққа шығарды. Қазақстан елдің әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндеттемесін сақтайды және басқа елдерге қару-жарақ жеткізуге ниетті емес. Мақалада көрсетілген мәлімет шындыққа жанаспайды және ешқандай негізі жоқ", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бізге Қазақстанның көмегі керек: Әзербайжан елшісі мәлімдеме жасады 

Министрлік сонымен қатар 2020 жылдың 2-3 қарашасы аралығында Silk Way West Airlines әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Баку арасындағы рейстерді жасамағанын атап өтті.  

Индустрия министрлігі Қазақстан азаматтарын ресми ақпарат пен тексерілген дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

3049
Кілт сөздер:
қару-жарақ, Әзербайжан
Тақырып бойынша
Қарабақ шиеленісі Ақтау мен Баку арасындағы теңіз тасымалына қалай әсер етті
Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Түркі елдерінің "Тұран армиясы" құрыла ма – қорғаныс министрлігі жауап берді
Портфель

Ауыл әкімі қандай жағдайда қызметінен босатылуы мүмкін

27
Заң жобасына сәйкес ауыл әкімдерінің өкілеттігі оны партия ұсынып, партия мүшелігінен шығып қалса, мәслихат сенімсіздік білдірсе, сот шемімімен тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров халық сайлаған ауыл әкімдері қандай жағдайда қызметінен босатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге қатысты әзірленген заң жобасымен оған ілеспе заң жобасы таныстырылды.

Ілеспе заң жобасы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" және "Саяси партиялар туралы" заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Барлығы 20 түзету қарастырылған.

Әбдіқадыров ауыл әкімдерінің өкілеттігі қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты.

"Бірінші, әкімді партия ұсынған жағдайда, ол партия мүшелігінен шығып қалса; екінші, мәслихат сенімсіздік білдірсе, соның ішінде жергілікті қауымдастықтың бастамасы бойынша; үшінші, "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның өзге де негіздемелері бойынша, мысалы, сот шемімімен немесе өз еркімен қызметтен кетуі, азаматтықтан айырылуы және тағы басқа", - деді ол.

Сондай-ақ аудан мәслихатына ауыл әкімінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау өкілеттігін беру көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Ауыл әкімінің сайлауына кімдер түсе алады - мәжілісте заң жобасы таныстырылды

Айта кетсек, биыл екінші жартыжылдықта 800-ден астам ауыл әкімін халық өзі сайлайды. Қазір ауыл әкімдерін жанама дауыс беру арқылы жергілікті мәслихаттар сайлайды.

27
Кілт сөздер:
сайлау, отставка, әкім
сайлау

Ауыл әкімінің сайлауына кімдер түсе алады - мәжілісте заң жобасы таныстырылды

33
Заң жобасына сәйкес, сайлау сол елді мекен әкімінің өкілеттігінің аяқталуына 40 күн қалғанда басталады. Ал сайлаудың өзі әкімнің өкілеттігінің аяқталуына 10 күн қалғанда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ауыл әкімдерінің сайлауына кандидаттар өзін-өзі ұсыну жолымен қатысуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Құжат 67 түзетуден тұрады. Заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған.

Әбдіқадыровтың айтуынша, ауыл әкімінің сайлауына түсетін кандидаттарға мынадай талаптар қойылады:

  • жасы 25-тен асқан Қазақстан азаматы;
  • барлық мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын шектеулер (сотталмағандығы, еңбекке жарамсыздығы және тағы басқа);
  • біліктілік талаптарына сәйкестігі (мемлекеттік қызметте кемінде бір жыл, мемлекеттік органға жатпайтын ұйымдарда кемінде екі жыл басшылық қызмет атқару);
  • арнайы тексерудің нәтижесі (кандидатты тіркегеннен кейін 5 күн ішінде жүргізіледі).

"Үміткерлер екі жолмен ұсынылады. Саяси партиялар өз мүшелері арасынан ұсына алады және өзін-өзі ұсыну арқылы. Өзін-өзі ұсынған кезде үміткер тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1%-нің қолын жинау керек", - деді вице-министр заң жобасын таныстыру барысында.

Сайлау кезеңдері

Заң жобасына сәйкес, сайлау сол елді мекен әкімінің өкілеттігінің аяқталуына 40 күн қалғанда басталады. Ал сайлаудың өзі әкімнің өкілеттігінің аяқталуына 10 күн қалғанда өтеді.

Кандидаттарды ұсыну сайлау жарияланған күннің ертесінде басталып, сайлауға 15 күн қалғанда аяқталады. Яғни, Әбдіқадыровтың сөзінше, үміткерлерді ұсыну мерзімі 14 күнге дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды жинаумен айналысады.

Кандидаттарды тіркеу сайлауға 10 күн қалғанда аяқталады. Осы кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді. Үгіт жүргізуге 8 күн беріледі. Сайлау өткеннен кейін үш күн ішінде дауыс берудің қорытындысы шығарылады. Сайланған әкімді тіркеу 7 күн ішінде жүзеге асады.

Сондай-ақ заң жобасына мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін 7-ден 5 процентке дейін төмендету, сайлау бюллетеньдеріне "бәріне қарсымын" деген жазуды қосу нормалары енгізілген.

33
Кілт сөздер:
әкім, сайлау
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 2018 жылмен салыстырғанда 9 есе өседі

0
(Жаңартылды 20:00 13.04.2021)
Көлгінов үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елорда аудандарын "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз. Аудандар полиорталық қағидатына сай дамуда, яғни қажетті әлеуметтік нысандар жаяу қашықтықта орналасқан", — деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Көлгінов бүгін жеңілдікпен берілетін бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Әлеуметтік тұрғын үй Алматы ауданында орналасқан. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер және тағы басқа әлеуметтік нысандар ашылады.

Әкімнің айтуынша, Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бір мезгілде жаңа ТК тұрғындарының оқушы орындарына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды 

"Үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырдым. Сапасыз жұмыс қабылданбайды", - деді ол.

Көлгінов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өттіз. Биыл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көтеру жоспарланған. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9 есеге артады.

2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы 7 мыңнан астам пәтер салынды.

0