Саясат

Қатар әмірі Тоқаевтың Қазақстанға сапармен келу жөніндегі шақыруын қабыл алды

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече с Эмиром Катара Тамимом бен Хамадом Аль Тани
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече с Эмиром Катара Тамимом бен Хамадом Аль Тани - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қатар әміріне COVID-19 індетіне қарсы күресте қажетті құрал-жабдықтар түрінде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшылары Мәуліт мерекесіне орай құттықтаулармен алмасып, екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны дамытудың нақты жолдары бойынша пікірлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тамим бен Хамад Әл Тани бүгінгі таңда коронавирус пандемиясы халықаралық қауымдастық мүшелері арасындағы толыққанды қарым-қатынастарды айтарлықтай шектеп отырғанына қарамастан, Қазақстан мен Қатардың ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Қазақстан президенті Қатар әміріне COVID-19 індетіне қарсы күресте елімізге қажетті құрал-жабдықтар түрінде көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіріп, бұл қадамды шынайы достықтың көрінісі деп бағалайтынын айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға келген гуманитарлық көмек екі айға жуық қоймада жатқан 

Әлемде қалыптасқан күрделі жағдайда екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды әрі қарай өрістетудің маңыздылығы мен мүдделілік қуатталды. Осы ретте, мемлекет басшылары 2019 жылы жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, екі ел арасындағы банк, қаржы, көлік, логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм салалары мен басқа да бағыттар бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қатысты іс-қимылдарды кеңейту жолдарын талқылады. Аталған мақсатта Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тамим бен Хамад Әл Тани ресми және бизнес делегациялармен алмасуға қолдау көрсетуге келісті.

Сұхбатты қорытындылай келе, шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі жылы Қазақстанға сапармен келу жөніндегі шақыруын қабыл алды.

Жаңалықтар
0