Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына қандай көмек көрсететіні белгілі болды

© Sputnik / Рамиз БахтияровПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Өзбекстан президенті Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан мен Өзбекстан президенті әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанатындарын айтты. Сондай-ақ, әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуалды талқылау кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Пандемия державалар арасындағы сенім дағдарысын ушықтырып жіберді – Тоқаев

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 10 қараша күні Ресейдің төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалады.

Жаңалықтар
0