Нұржан Әлтаев

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр депутат Әлтаев

660
(Жаңартылды 15:45 27.11.2020)
Нұржан Әлтаевқа жаңа партияның басқарушы органына кіру ұсынылды. Қазіргі уақытта ол Nur Otan партиясының мүшесі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы жаңа саяси партия құрылатынын жариялады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев хабарлады.

"Менің білуімше, олар (El Tiregi – Sputnik) әділет департаментіне тіркеуге өтініш беріп үлгерген", - деп атап өтті Әлтаев.

Толығырақ 27 қарашада "El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының 7 бастамасын ашық талқылау" атты алғашқы халықтық ой-талқының отырысында хабарланады.  

Sputnik Қазақстан тілшісі Әлтаевтан Nur Otan партиясында қалуды жоспарлап отырған жоқсыз ба деп сұрады.

"Маған осы бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіру туралы ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын", - деді Әлтаев.  

Сонымен бірге, депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты еске түсірді. Егер ол орындалмаса, Әлтаев одан шығуы мүмкін.

"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда мен бұл партиядан шығуға тура келеді", - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды 

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

2020 жылдың 5 қарашасында Орталық сайлау комиссиясы 6 саяси партияға сайлауға қатысуға рұқсат берді, жаңадан құрылған саяси партия 2021 жылғы науқанға қатыса алмайды.

27 қарашада ЖСДП партиясы съезд  өткізіп, сайлауға бойкот жариялау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Қазақстанның бес саяси партиясы – Nur Otan, "Ақ жол", "Ауыл" "Адал" (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстанның халық партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады.  

660
Кілт сөздер:
Нұржан Әлтаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады
Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады
Қазақстан мен Қырғызстан тулары

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келеді: Тоқаев пен Жапаров не талқылайды

368
Қазақстан Қырғызстаның жаңа президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келетін екінші ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

368
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан
Ақорда

Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні ауыстырды

1105
Ерболат Сембаев Қазақстанның Италиядағы, Болат Сүгірбаев Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Сонымен, Ерболат Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады 

Ал Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі Америка департаментін басқарған.

Интернеттен Ерболат Сембаев пен Болат Сүгірбаевтың бұрынғы жұмысы туралы басқа ақпарат табылмады.

1105
Тақырып бойынша
Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды
Назарбаев Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасын тағайындады
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1736
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1736
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан