Саясат

Тоқаев қалалар мәртебесін өзгерту туралы заңға қол қойды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуДеревня зимой, архивное фото
Деревня зимой, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер аудандық маңызы бар қала мәртебесін өзгертіп, ауылға айналса, онда денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысына кем дегенде 25% үстемеақы қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бұған дейін мұндай түзетулер сенатта қабылданған болатын.

Парламенттің жоғарғы палатасының депутаты Нұрлан Бекназаров ескі нұсқа бойынша облыстық маңызы бар қалаларға кемінде он мың адам тұратын елді мекендер кіретінін атап өткен.

"Бүгінгі таңда халық саны бойынша облыстық маңызы бар 48 қаланың 13-і қала мәртебесіне сәйкес келмейді. Халықтың аздығына байланысты олардың мәртебесін өзгерту қажет болды", – деді сенатор.

Сондықтан да аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру шарттарына қатысты заңға өзгертулер енгізілді.

Қала мәртебесі ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда, онда тұратын азаматтар ауыл тұрғындары үшін заңнамада көзделген мемлекеттік әлеуметтік қолдауға ие болады.

Осылайша, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысына кем дегенде 25% үстемеақы қосылады.

Сондай-ақ, тұрғындар "Дипломмен ауылға", "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде коммуналдық төлемдерге, қызметтік тұрғын үйге, кәсіптік білімге, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға байланысты бірқатар жеңілдіктерді пайдалана алады.

Түзетулерге сәйкес, президент республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру туралы шешімдер қабылдауға өкілетті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мораторийді ұзартатынын мәлімдеді

Сондай-ақ, үкімет президентке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру идеясын ұсынады деп хабарланды.

Жаңалықтар
0