Саясат

Қазақстанда партия өкілдері теледебатқа шығады

CC0 / / Теледидар, иллюстративті фото
Теледидар, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік телеарна эфирінде өтетін пікірсайысқа Айдос Сарым (Nur Otan), Ғазиз Құлахметов (ҚХП), Берік Дүйсенбинов (Ақ жол), Мақсат Толықбай (Адал), Дәулеткерей Кәпұлы (Ауыл) қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Бүгін кешкі сағат 20:30-да Qazaqstan телеарнасында мәжіліс сайлауы бойынша саяси партиялардың пікірсайысы өтеді.

Саяси партиялар ұсынған телевизиялық пікірсайысқа Қазақстанның халық партиясынан – Ғазиз Құлахмет, Nur Otan-нан – Айдос Сарым; "Ак жол" партиясынан – Берік Дүйсенбинов; Adal-дан – Мақсат Толықбай және "Ауыл"-дан – Дәулеткерей Кәпұлы қатысады.

Теледебат "Ашық алаң" бағдарламасында ұйымдастырылады. Сайлауға қатысатын кандидат-партиялардың өкілдері әрбір саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, бір-бірімен пікірталасқа түседі. Сайлаушылардың сұрақтарына да жауап береді.

Сұрақтарды мына телефон нөмірлері бойынша жіберуге болады: 8 (7172) 75-71-71, 8 (707) 697-62-04 (WhatsApp).

30 желтоқсанда өтетін теледебат

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына қатысатын партиялардың теледебат өткізетін орны мен күнін анықтады. Тікелей эфирді 30 желтоқсан күні "Хабар" телеарнасынан көрсету жоспарланған.

Сол кезде Adal партиясының атынан Эльдар Жұмағазиев шықса, "Ақ жол"-дың атынан осы саяси ұйымның төрағасы Азат Перуашев пікірталасқа түседі. Ал "Ауыл"-дан – Әли Бектаев, Қазақстанның халық партиясынан – Айқын Қоңыров және Nur Otan-нан төрағаның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шығады.

Қазақстандағы парламент сайлауы

2021 жылы 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы бір күнде өтеді.

Мәжіліске бес партияның үміткерлері сайланады. Олар:

  • Nur Otan;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның халық партиясы;
  • "Ауыл" халық-демократиялық партиясы;
  • Adal партиясы.

Оқи отырыңыз: ОСК сайлау алдында тұрғызылған биік дуалға қатысты түсініктеме берді

Жаңалықтар
0