Саясат

"Ауыл" партиясының төрағасы мәжіліс сайлауында дауыс берді

© Sputnik / Алина ШашкинаӘли Бектаев дауыс берді
Әли Бектаев дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әли Бектаев өз таңдауын Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейде орналасқан сайлау учаскесінде жасады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. "Ауыл" халықтық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев мәжіліс сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Партия лидері Нұр-Сұлтанда, №66 мектеп-лицейде орналасқан 113-ші сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Ауыл" партиясы не ұсынды

Сайлауалды науқан барысында "Ауыл" партиясы мынадай ұсыныстар жасады:

  • жергілікті өндірісті субсидиялау;
  • коммуналдық шығындарды өтеу;
  • ауыл шаруашылығы жерлерін игеру;
  • агроөнеркәсіп кешенін дамыту стратегиясын қабылдау;
  • азаматтарды отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Мәжіліс сайлауы

Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламенттік сайлауда 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады.

53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады. Олардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін аумақтық сайлау комиссиялары екі күн ішінде Орталық сайлау комиссиясына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елорда бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама ұсынуы тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.

Жаңалықтар
0