Саясат

Халық тұрақты дамуды таңдап дауыс берді – Назарбаев

© Sputnik / Абзал КалиевНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік сайлау бойынша Exit-poll нәтижесімен танысу үшін "Nur Otan" партиясының штабына барған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Елбасы Nur Otan партиясын жеңіспен құттықтады.

"Халық сенім артып, тыныштық пен тұрақты дамуды таңдап дауыс берді. Біз ұлт болып бірігіп, жұдырықтай жұмылып еңбек етуді ұсынамыз. Оны жасамасақ, мына қиын-қыстау жағдайдан шығу оңай болмайды. Пандемия әлі жалғасып жатыр. Қашан аяқталатыны белгісіз болып тұр", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, Nur Otan-ның басты мақсаты - халықтың қамы, елдікті нығайта беру.

"Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп келе жатырмыз. Баршаңызды Nur Otan-ның бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын", - деп тәмамдады сөзін Елбасы.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік сайлау бойынша Exit-poll нәтижесімен танысу үшін "Nur Otan" партиясының штабына барған болатын.

"Қоғамдық пікір" зерттеу институты елорда уақытымен сағат 00.00-де Exit-poll нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, "Nur Otan" партиясы сайлаушылардың 71,97% даусын жинаған. 

Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,18 %, Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) – 9,03%, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,75%, "Адал" партиясы – 3,07% жинады.

Айта кетсек, 7 проценттік межеден асқан саяси партиялар мәжіліске өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың соңғы қорытындысын жариялайды.

Жаңалықтар
0