Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының штабына барды

Назарбаев тағы да үндеу жасады

3864
(Жаңартылды 12:18 11.01.2021)
Елбасы коронавирус пандемиясы Қазақстан бастан өткеріп отырған алғашқы дағдарыс емес екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірлік пен  сенімнің арқасында елде тұрақтылық пен тыныштық сақталып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Осы жылдар бойы Ассамблея этностарды, діни конфессияларды біріктірудің бірегей органы ретінде барлық адамды бірлікке, төзімділікке, сенімге, еліміздің болашағы үшін бірігуге шақырып келеді. Осындай бірлік пен сенімнің арқасында біз елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтап отырмыз", - деді Назарбаев ҚХА сайлайтын мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс бергеннен кейін.

Коронавирус пандемиясы Қазақстан бастан өткеріп отырған алғашқы дағдарыс емес, деп жалғастырды сөзін Елбасы.

"Біз сізбен бірге мұны да еңсеріп шығамыз деген ойдамын. Біз бүгін дауыс берген тоғыз депутат – Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлт пен этностардың өкілдері. Олар әр адамның құқығы мен бостандығына кепілдік беретін заңнаманы қамтамасыз етеді, тарих пен мәдениетімізді сақтайды, барлық этнос пен діни бірлестіктер арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға сеп болады", - деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз: ҚХА депутаттарын сайлау: Назарбаев дауыс берді

Ол ҚХА посткеңестік мемлекеттердің барлығына үлгі болғанын атап өтті.

"Өздеріңіз білесіздер, Ресей де біздің тәжірибемізге сүйеніп Ассамблея құрғалы жатыр. Басқалары бұған дейін құрып қойған. Яғни, біз Ассамблеяны сақтап, оның институттарын дамытуымыз керек", - деді Елбасы.

Дүйсенбі, 11 қаңтарда, Бейбітшілік және келісім сарайында Ассамблея сайлайтын мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша ҚХА-ның XXVIII сессиясы ашылды.

Қазақстанның тұңғыш президенті, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-дан мәжіліске ұсынылған кандидаттарға дауыс берді.

3864
Кілт сөздер:
сайлау, ҚХА, коронавирус, Назарбаев
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы (157)
Бәйтерек монументш

Қазақстанда мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

37
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында сонымен қатар Еуразиялық іскерлік форумын өткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті, деп хабарлады Ақорда. 

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық даму мәселелері және Қазақстан Республикасының ұйымға биылғы төрағалығы кезіндегі басым бағыттары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың толыққанды жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті.

Әңгімелесу барысында өзара саудадағы кедергілерді жоюға және Одақ шеңберінде өндірістік кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылды. Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және кедендік реттеуде цифрлық технологияларды енгізуді жеделдетудің маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ комиссия жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

ЕАЭО-ға төрағалық: Тоқаев Қазақстанның басымдықтарын атады

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен (Еурокомиссиямен, Дүниежүзілік сауда ұйымымен, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен және т.б.) сауда-экономикалық қатынастарды жолға қою қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Михаил Мясникович Комиссияның биылғы жұмыстары мен басымдықтары және 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру жайында айтты. Сонымен қатар ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы үндеуінде айтылған Қазақстан төрағалығының басым бағыттарын орындау жөніндегі Комиссияның жоспарымен бөлісті.

ЕЭК алқасының төрағасы Қазақстан президенті айтқан нақты ұсыныстар мен бастамаларды қолдады. Михаил Мясниковичтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысы бизнес қоғамдастық арасындағы ықпалдастықты жандандыруға, қосымша құн қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашып отырған кәсіпорындарды қолдауға бағытталады. Бұдан бөлек жас кәсіпкерлерді демеуге де басымдық беріледі.

Кездесу қорытындысы бойынша 2021 жылдың мамыр айында Қазақстанда Жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізу жөнінде шешім қабылданды. Аталған жиын аясында Еуразиялық іскерлік форумын өткізу жоспарланып отыр.

37
Нұрсұлтан Назарбаев пен Садыр Жапаров

Қырғызстан президенті Назарбаев туралы не ойлайтынын айтты

11107
(Жаңартылды 20:37 02.03.2021)
Садыр Жапаров Назарбаевты Орталық Азияның көшбасшысы ғана емес, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер ретінде де құрметтейтінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлады Elbasy.kz.

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті болып сайлануымен құттықтады.

"Қазақстанға қош келдіңіз. Қырғызстан халқы өткен сайлауда өзіңізге үлкен сенім білдірді. Халқыңыздың жарқын болашағы жолындағы жұмысыңызға табыс тілеймін", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Елбасы тәуелсіздік жылдары бауырлас екі ел арасында қол жеткізілген ынтымақтастық пен серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан президенттері арасындағы келіссөздердің нәтижелі болғанына тоқталып, бизнес байланыстарды күшейтудің және экономикалық қатынастарды нығайтудың маңыздылығын айтты.

Оқи отырыңыз: Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды 

Ал Садыр Жапаров Қазақстанның тұңғыш президентіне екі ел арасында байланыс орнату және нығайту жолындағы жасампаз еңбегі үшін алғысын білдірді. 

"Сізді Орталық Азияның көшбасшысы ғана емес, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер ретінде де құрметтеймін! Сіз біздің халықтарымыздың достығы мен ынтымақтастығын арттыруға зор үлес қостыңыз", – деді Қырғыз Республикасының президенті.

11107
Кілт сөздер:
Назарбаев, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтан қаласына келді
"Біртүрлі қарайды": Қырғызстан президентінен аумай қалған жігіт қазақ болып шықты
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері бірлескен мәлімдеме жасады
Кісен, архивтегі фото

Атырауда қарақшылық жасады деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды

0
Микрокредит ұйымының кассирі белгісіз біреудің пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Атыраулық полицейлер микрокредит ұйымының кеңсесіне қарақшылық жасады күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.   

5 наурыз күні сағат 10:45 шамасында "102" операторына Атырау қаласы Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан микрокредит ұйымының кассирі медициналық бетперде киген белгісіз біреудің 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткені туралы хабарлама берген.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда екі жігіт банк тонамақ болды – видео 

Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 25 жастағы жігітті ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат заңға сәйкес жарияланбайды.

0
Тақырып бойынша
Қару кезенген қарақшыға тап берді: павлодарлық бойжеткеннің әрекеті видеоға түсіп қалды
Бішкекте қазақстандық әйелдерді асқан жауыздықпен өлтірген: қаскөйлер қалай ұсталды
Kaspi bank бөлімшесіне кімдер қарақшылық шабуыл жасағаны белгілі болды – видео
Полиция астанада болған қарақшылық шабуылдың видеосын жариялады
Қызылордада газ құю станциясына белгісіз біреу баса-көктеп кірді