Саясат

Қазақстан халық партиясынан мәжіліске өткен депутаттар тізімі жарияланды

© Photo : Facebook/Народная партия КазахстанаФлешмоб Народной партии Казахстана
Флешмоб Народной партии Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламент сайлауы нәтижесінде Қазақстан халық партиясына 10 мандат бұйырды, алтыншы шақырылымда партиядан мәжіліске жеті адам барған болатын

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстан халық партиясы атынан парламент мәжілісінің жетінші шақырылымына өтетін 10 депутаттың аты-жөні жарияланды.

Сәрсенбіде өткен съезде партия мүшелері өткен сайлаудың қорытындысын талқылады. Осылайша, депутат мандаты былай бөлінді:

  1. Айқын Қоңыров
  2. Жамбыл Ахметбеков
  3. Ирина Смирнова
  4. Айбек Паяев
  5. Сергей Решетников
  6. Файзулла Каменов
  7. Ғазиз Құлахметов
  8. Ерлан Смайылов
  9. Александр Милютин
  10. Айжан Сқақова

10 қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан мәжілісіне үш партия – Nur Otan (71,09%), "Ақ жол" (10,95%) және "Қазақстанның халық партиясы" (9,1%) өтті. Осылайша, бұған дейін де Қазақстан парламенті құрамында болған партиялар жеңіске жетті, алайда мәжілістегі орын саны өзгерді.

Дариға Назарбаева парламентке оралды: Nur Otan депутаттарының тізімі жарияланды

Бұған дейінгі шақырылымда Қазақстан халық партиясының жеті мандаты болса, жаңа шақырылымда он адам болады. Бұған дейін Nur Otan партиясында 84 (76 мандат – жаңа шақырылымда), "Ақ жол" партиясында 7 (12 мандат –жаңа шақырылымда) адам болды.

Жаңалықтар
0