Пленарное заседание мажилиса

Мәжілістің жаңа құрамы анықталды толық тізім

2877
(Жаңартылды 16:48 13.01.2021)
Парламент сайлауында жеңіске жеткен қазақстандық партиялар депутаттар тізімін анықтады. Олар жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаты қатарына енді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар— Sputnik. Қазақстанда VII шақырылымдағы мәжіліс депутаттарының жаңа құрамы белгілі болды. 

Nur Otan депутаттары

"Ақ жол" тізімі

Қазақстан халық партиясының депутаттары

Ассамблея атынан депутаттар

Мәжіліс сайлауы

Осы жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда парламент сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесі бойынша:

  • Nur Otan партиясы – 71,09%;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы –10,95%;
  • Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%;
  • "Адал" партиясы – 3,57%.

Сайлаушылардың 7%-тен астам дауысын жинаған партиялар парламенттің төменгі палатасына өтті.

12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы үш партияның қанша мандат алғанын жариялады. "Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.

 

2877
Кілт сөздер:
депутат, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы (157)
Тақырып бойынша
Nur Otan-ның жас депутаты неге жұрттың сынына ұшырады
Маңғыстауда дауыс беруге келген ер адам күтпеген әрекет жасады
Дариға Назарбаева парламентке оралды: Nur Otan депутаттарының тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде оқыс жағдай болды
Дауыс беруге барған Кәрім Мәсімовті учаскедегілер танымай қалды – видео
Үкімет үйі

Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

107
(Жаңартылды 10:56 26.01.2021)
Кеңейтілген отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жаңарған үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Отырыс онлайн өтіп жатыр. Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

Журналистер отырыстан жаңалықтарды "Қазмедиа орталығынан" таратады.

Еске салсақ, бұрынғы үкімет 10 қаңтарда өткен парламент сайлауынан кейін отставкаға кеткен болатын.

18 қаңтарда мемлекет басшысы Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті.

Премьер-министр мен министрлердің басым бөлігі өз орнын сақтап қалды. Екі министр ғана ауысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Серік Шәпкенов келсе, ұлттық экономика министрлігін Әсет Ерғалиев басқарды.

Тағы оқыңыз: Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі

Сондай-ақ, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төртінші вице-премьер қызметін қоса атқарады.

Қазақстанда мәжіліс сайлауы 10 қаңтарда өтті. Дауыс беру қорытындысына сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия  – Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер партия) өтті.

"Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.

107
Кілт сөздер:
Үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақстандықтар қызу талқылап жатқан заң жобасына қатысты пікір білдірді
Қазақстанда көлеңкелі үкімет құрылуы мүмкін бе – министр жауап берді
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Су кодексіне түзету енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды
Ауыз су

Су кодексіне түзету енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды

111
Қолданысқа енгізілген заң ауылдық жерлердегі халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендетуді қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Оқи отырыңыз: Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек – Тоқаев

Жаңа түзетулерге сәйкес, енді жергілікті жерде ауыз сумен жабдықтау қызметінің бағасын мәслихаттар анықтайды. Мысалы, мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекіте алады.

Заң жобасының негізгі мақсаты:

  • халықты ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету рәсімін оңтайландыру;
  • жаңадан салынған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін жеңілдікті объектілер тізіміне қосуды жеделдету;
  • ауылдық жерлердегі халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету.

Айта кетейік, бүгінде халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету мақсатында мемлекеттен субсидия бөлініп тұрады. 2021 жылда осы мақсатта 16 миллиард теңге қарастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауыл халқының 87 проценті орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы санатқа 4 078 ауыл кіреді. Олардың ішінде 42 проценті субсидия алған.  

111
Кілт сөздер:
ауыз су, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Министрді де алдаған: Павлодар тұрғындары өңірдегі былықты жайып салды
"Бәрі түсінікті": министрден көңілі қалған Нығматулин қолын бір-ақ сілтеді
Ақорда миллиардтаған қаражаттың жымқырылғанын хабарлады
Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары судың түсінен шошып отыр
Назарбаева сенаттың ұсынысына атүсті қараған үкіметтегі шенеуніктерді сынады  
2025 жылға қарай халық толықтай ауыз сумен қамтылады – Мамин 
Мұхамедқалы Абылғазиев

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды

0
Бұған дейін Абылғазиевке елден шығуға тыйым салынып, егер ол республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, дереу қамауға алынатынын ескертілген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанда бұрынғы премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиев қамауға алынды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан ішкі істер министрлігіндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Абылғазиев үлкен дау-жанжалдан кейін қызметінен кеткен болатын. Енді ұлттық қауіпсіздік комитетінің нұсқауымен ол қамауға алынды. Бұған дейін қаржы полициясы оның елден шығуына тыйым салған. Бұрынғы премьерге республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, бірден қамауға алынатыны ескертілген. Артынан жауап алу үшін шақырды. Бірақ ол кезде нақты қай іс бойынша жауап алынатыны туралы айтылмаған.

Сейсенбі, 26 қаңтарда Абылғазиевті тағы жауап алу үшін шақырды. Содан соң қамап тастады.

Былтыр күзде Қырғызстанның бас прокуратурасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне қатысты бірнеше қылмыстық істің қозғалғанын хабарлаған. Олар пандемия кезінде заңсыз әрекет жасағаны үшін айыпталды. Оған экс-премьердің қатысы бар болып шықса, оны да жазалайды деген ақпарат тараған. Абылғазиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып, алайда нақты қандай айыптың тағылғаны жарияланған жоқ.

Радиожиіліктерге қатысты дау

Абылғазиев радиожиіліктерге қатысты дау-жанжалдан кейін отставкаға кетуге өтініш жазды.

Былтыр мамыр айында мемлекеттік байланыс агенттігінің экс-басшысы Наталья Черногубова ұсталған болатын. Ол мемлекеттік ақпараттық технологиялар комитеті мен ұялы операторлардың бірімен сөз байласқаны үшін айыпталды. Артынан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тағы бес адамның ұсталғаны белгілі болды. Олардың ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бес қызметкері де бар.

Сол кезде Жогорку кенештің депутаты Жанар Ақаев үкіметтің екі радиожиілікті арзан бағаға сатып жібергенін мәлімдеді. Оның ойынша, премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиевтің рұқсаты болмаса, ондай келісімді рәсімдеу мүмкін емес. Ақаев мемлекетке келген шығында 5 миллиард сомға (58,9 миллион доллар) бағалады. Абылғазиев көп ұзамай, тергеуге қысым жасады деген айыптар болмасын деп, қысқа мерзімді демалысқа шығып кетті.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын қай елден бастайтыны белгілі болды

Ал маусым айында осы іске қатысы бар деген күдікпен "Ала-ТВ" компаниясының құрылтайшысы ұсталды деген ақпарат шыққан. Дәл осы компанияның радиожиіліктері ұялы байланыс операторына сатылды. 

15 маусыда Мұхаммедқалы Абылғазиев осы іске қатысым жоқ деп, отставкаға кетуге өтініш жазды. Осылайша, ол 19 күнге созылған демалыстан кейін бірден жұмыстан кеткен болатын.

0
Кілт сөздер:
ұстау, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Павлодар облысында Қырғызстанның екі азаматы үсіп қала жаздады
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғыз елінің жаңадан сайланған президенті Қазақстан халқына алғыс айтты
Қырғызстан барлық шетелдікке елге кіруге рұқсат етті
Қырғызстан президентінің инаугурациясына қарапайым азаматтар қатысады