Саясат

Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

© Sputnik / Владислав ВодневҮкімет үйі
Үкімет үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеңейтілген отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жаңарған үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Отырыс онлайн өтіп жатыр. Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

Журналистер отырыстан жаңалықтарды "Қазмедиа орталығынан" таратады.

Еске салсақ, бұрынғы үкімет 10 қаңтарда өткен парламент сайлауынан кейін отставкаға кеткен болатын.

18 қаңтарда мемлекет басшысы Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті.

Премьер-министр мен министрлердің басым бөлігі өз орнын сақтап қалды. Екі министр ғана ауысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Серік Шәпкенов келсе, ұлттық экономика министрлігін Әсет Ерғалиев басқарды.

Тағы оқыңыз: Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі

Сондай-ақ, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төртінші вице-премьер қызметін қоса атқарады.

Қазақстанда мәжіліс сайлауы 10 қаңтарда өтті. Дауыс беру қорытындысына сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия  – Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер партия) өтті.

"Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.

Жаңалықтар
0