Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент мемлекеттік тілді білетін азаматтарға үндеу жасады

4901
(Жаңартылды 15:50 05.02.2021)
Президент мемлекеттік тілді білетін әрбір азаматты қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөлісуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында қазақ тілін меңгеру біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам екенін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.  

Президент 30 жылдыққа байланысты шаралар халыққа рухани серпіліс әкелуі қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте руханият саласындағы жұмыс бірнеше бағыттан тұрады. Ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың еңбегін насихаттау аса маңызды жұмыстың бірі.

"Биылғы мерейлі жылға бірнеше атаулы дата тұспа-тұс келіп отыр. Жыр алыбы Жамбылдың – 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның – 150 жылдығы, тағы басқа бірнеше тарихи тұлғаның мерейтойы. Біз былтыр Абай мен Әл-Фарабидың мерейтойларын өте  мағыналы өткіздік. Олардың тұлғалық келбеті мен өмір жолы, еңбектері халыққа үлкен ой салды. Бұл тәжірибені алдағы уақытта да ұстанған жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы ядролық сынаққа тыйым салу арқылы өз тағдырымызға өзіміз жауап бере алатынымызды көрсетіп,  еліміздің әлемдік антиядролық қозғалыстың көшбасшысына айналғанын айтты.

Сондай-ақ мемлекеттік нышандарға құрмет отаншылдықтың көрінісі екенін, осы орайда, ел рәміздерін қолдану ережесін қайта қарауды тапсырғанын, қасиетті көк байрақты үй сыртына және басқа да көрнекті жерлерге ілуге тыйым салуға болмайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Тұрмыс түзелмесе, жетістіктерді мақтан етудің қажеті жоқ – Тоқаев 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін меңгеру  біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам деп бағалады. Сондықтан тіл үйренуге талпынған отандастарымызды бәріміз қолдауға шақырды.

"Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз", – деді мемлекет басшысы.

Президент ана тілімізді дамыту жайындағы ойын латын графикасындағы қазақ әліпбиімен түйіндеп, латын қарпіне көшіп жатқанымыз Тәуелсіздіктің жемісі деп бағалады.

4901
Кілт сөздер:
мемлекеттік тіл, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Қазақшаң қалай, шенеунік?": Қазақстанда тағы бір тест жүйесі жасалды
Билік қай тілде сөйлесе, халық та сол тілде сөйлейді – Тасмағамбетов
Терминдердің ішінде көңілге қонбайтын аудармалар аз емес –  депутат
Депутат Қазыбек Иса халыққа заңсыз үстемдік жасап жатқандар жайлы айтты
Ақорда

Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні ауыстырды

952
Ерболат Сембаев Қазақстанның Италиядағы, Болат Сүгірбаев Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Сонымен, Ерболат Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады 

Ал Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі Америка департаментін басқарған.

Интернеттен Ерболат Сембаев пен Болат Сүгірбаевтың бұрынғы жұмысы туралы басқа ақпарат табылмады.

952
Тақырып бойынша
Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды
Назарбаев Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасын тағайындады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған

Тоқаев Түркия президентіне жеделхат жолдады

112
Қазақстан басшысы Түркия президентін туған күнімен құттықтап, түрік халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі

АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтап, жедехат жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Түркия президентіне түрік халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

"Сіздің пәрменді көшбасшылығыңыз бен саралы саясатыңыздың арқасында Түркия өзінің тұрақты дамуын жалғастырып, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, ықпалды аймақтық және халықаралық актор ретінде мерейін үстем етуде мол табыстарға қол жеткізуде. Осы тұста, еліңіздің тың белестерді бағындыруына бағытталған маңызды бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың лайым оңынан шығуына тілектестігімді білдіремін", - делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Президент Тоқаев туған күнін қалай атап өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан-жылға өркендеуіне, стратегиялық әріптестік аясының кеңеюіне қосқан үлесін өте жоғары бағалады.

"Биік деңгейдегі мазмұнды диалог пен екіжақты қарым-қатынастарды халықтарымыздың игілігі үшін нығайта түсуге дайындығымды қуаттап, мемлекеттеріміз мүдделік танытатын күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында өзіңізбен Қазақстанда жүздесетініме үміт артамын", -деп жазылған Қазақстан президентінің құттықтауында.

Мемлекет басшысы Түркия президентіне қажымас қайрат, зор бақыт, ал түрік халқына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Ердоған 1954 жылы 26 ақпанда Ыстамбұлда туған. Биыл 67 жасқа толды.

112
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған
Тақырып бойынша
Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтады
Карантинмен тұспа-тұс келген мерейтой: Назарбаев 80 жасқа толды
Тоқаев пен Мирзиёев не туралы сөйлескені айтылды
Назарбаев Путинді туған күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 28 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

4
Sputnik Қазақстан 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

28 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ  

10.30 – Бэби - "Приключение в лесу" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

10.30 – Бэби – "Коза-Дереза" спектаклі (Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

11.00 – "Туған күн" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

11.00 – Бэби – "Сиқырлы қала" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

12.00 – "Ақшақар" спектаклі ("Жас Сахна" театры, Абай даңғылы 117).  

12.00 - "По-щучьему веленью" спектаклі (La Boheme театры, 2-павильон, Зенков көшесі, 24).

12.00 – "Красавица и Чудовище" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

14.00 – "Көңілді қонжықтар" спектаклі (Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Сыныптастар. Өмір сабақтары" спектаклі ("Жас Сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.00 - "Лист подарочной бумаги" спектаклі (Республикалық неміс драма театры, Папанин көшесі, 70/1).

18.30 – "Телғара (Жас Абай)" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Жүз жылдық махаббат" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.30 - "Дипфейк" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Любовь это... COSTя" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

1 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 –"Мал ұрлығымен күрес" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі. Спикер: Таев Думан Ашкенұлы – Қазақстан ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы.

11.00 – Алғыс айту күніне арналған "Қазақ еліне мың алғыс!" монументінің жанында салтанатты түрде алғыс айту рәсімі. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Салтанатты шара аясында ҚХА жастар қанатының өкілдері сөз сөйлейді. Журналистер аккредитациядан өтуі керек: Ботагөз Жақсымбетова 8771 555 44 89, Данагүл Амантай 8747 688 09 62 (Түркістан көшесі – Бұқар жырау көшесінің бұрышы).

АЛМАТЫ

12.00 – "COVID-19 пандемиясы кезінде Алматы қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерінен өтініш қабылдау үшін "Қауырт желі" телефонының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясының спикерлері: Бақыт Түменова, "Аман-саулық" ҚҚ президенті, Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі жанындағы әлеуметтік әл-ауқат мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Алдын ала аккредиттеу арқылы ғана кіруге болады). Аккредитация мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

4