Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин

Қазақстан мен Ресей премьерлері COVID-19 таралуына жол бермеу шараларын талқылады

78
Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. 

"Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, ғарыш салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және ЕАЭО шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады", - делінген Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларға, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, Қарағанды фармацевтика кешені Қазақстан аумағында коронавирусқа қарсы "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник V") вакцинасын тіркеу рәсімін аяқтады.

Қазақстан "Спутник V" вакцинасын ресми түрде тіркеді

Алдын ала есептеулер бойынша, ақпан айының соңында Қазақстанның барлық өңіріне Қарағанды фармацевтика кешені өндірген "Спутник V" вакцинасының 90 мыңға жуық дозасы жеткізілмек.

Қазақстан – "Спутник V" вакцинасын мақұлдаған 27-ші мемлекет.  

78
Қазақстан мен Қырғызстан тулары

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келеді: Тоқаев пен Жапаров не талқылайды

380
Қазақстан Қырғызстаның жаңа президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келетін екінші ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

380
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан
Ақорда

Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні ауыстырды

1110
Ерболат Сембаев Қазақстанның Италиядағы, Болат Сүгірбаев Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Сонымен, Ерболат Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады 

Ал Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі Америка департаментін басқарған.

Интернеттен Ерболат Сембаев пен Болат Сүгірбаевтың бұрынғы жұмысы туралы басқа ақпарат табылмады.

1110
Тақырып бойынша
Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды
Назарбаев Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасын тағайындады
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1948
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1948
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан