Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Митинг өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті Тоқаев

4869
Бейбіт жиындар өткізу туралы заң қабылдау – қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте бейбіт жиындар өткізу туралы жаңа заңға қатысты пікір білдірді. Видеоны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жариялады.

"Былтырдан бастап Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті. Сонымен қатар, ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиындарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алматыда полиция заңсыз митингіге шыққандарды ұстап әкетті – видео

Президенттің пікірінше, бұл – қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам.

"Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті", - дейді ол.

Мемлекет басшысы азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайтынын баса айтты. Оның пікірінше, бұл халықтың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек.

 

4869
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, митинг
Тақырып бойынша
Президент сырттағы біреулердің арандатуына еретін қазақстандықтарды сынады
Әкімдік Алматыдағы митинг туралы ақпарат берді
Митингке шыққандар бүкіл қалаға вирус жұқтыруы мүмкін – елорданың бас санитары
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үнсіз митингке шықты
Жандарбек Бекшин митингіге шығуға үндейтіндерге ескерту жасады 
Қазақстан мен Қырғызстан тулары

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келеді: Тоқаев пен Жапаров не талқылайды

415
Қазақстан Қырғызстаның жаңа президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келетін екінші ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

415
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан
Ақорда

Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні ауыстырды

1167
Ерболат Сембаев Қазақстанның Италиядағы, Болат Сүгірбаев Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Сонымен, Ерболат Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады 

Ал Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі Америка департаментін басқарған.

Интернеттен Ерболат Сембаев пен Болат Сүгірбаевтың бұрынғы жұмысы туралы басқа ақпарат табылмады.

1167
Тақырып бойынша
Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды
Назарбаев Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасын тағайындады
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді

79
Қазақстан астанасы коронавирус бойынша "қызыл" аймақта 11 ақпаннан бері болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың мартицасы жаңартылды.

28 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа кірді, бұған дейін қала "сары" аймақта еді.

"Сары" аймақтағы өңірлер – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта – Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент пен Алматы қалалары.

Матрицаға сәйкес, Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады

 

79
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, коронавирус