Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Садыр Жапаровпен кездесті

Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  

5306
(Жаңартылды 13:36 02.03.2021)
Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға сапармен келуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге мемлекеттік сапармен келген қырғыз басшысы Садыр Жапаровпен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөздер өткізді. Қырғызстан президенті кездесуде қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің поэмасынан үзінді оқып берді, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда резиденциясында Қырғыз президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін, Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан президенттеріне рапорт берді. Мемлекет басшылары Құрмет қарауылының алдынан өтіп, шағын құрамда келіссөздер жүргізу үшін резиденцияның "Шығыс залына" барды.

Касым-Жомарт Токаев встретился с Садыром Жапаровым в Акорде
© Официальный сайт Президента РК
Қырғыз президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі

Тоқаев Жапаровтың президент ретінде алғашқы мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастағанының маңызы зор екенін атап өтті.

"Бұл Қазақстанға деген үлкен құрмет. Сапарыңыздың рөлі, мағынасы айырықша деп айтуға болады. Себебі бұл сапар екі еліміздің арасындағы қарым-қатынастарға үлкен серпін береді. Шын мәнінде сапарыңыздың бағдарламасы ауқымды. Сондықтан біз бүгін ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасамыз. Құдай қаласа, екі халықтың мүддесіне сай тиісті келісімдерге қол жеткіземіз деп ойламын", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз байланыстары арасында дәстүрлі достықтың бар екеніне, сондай-ақ, Қырғызстан – еліміз үшін тек одақтас мемлекет қана емес, бауырлас мемлекет екенін жеткізді.

"Бұл дәстүрді жоғары бағалаймыз. Алдымызда тұрған міндетіміз осы дәстүрді жалғастыру, нығайту. Сондықтан бүгінгі келіссөздердің маңызы зор", - деді президент.

Касым-Жомарт Токаев встретился с Садыром Жапаровым в Акорде
© Официальный сайт Президента РК
Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөздер өткізді

Өз кезегінде, Қырғызстан президенті Тоқаевқа Қазақстанға мемлекеттік сапармен шақырғанына ризашылығын білдірді. Садыр Жапаров екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең екенін сипаттай отырып, қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің сөздерін еске алды.

"Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным, Бірге тартқан тарланның құйысқанмын. Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки, Бөліп берген егізге уыс нанын", – деп қазақ ақынының поэмасынан үзінді келтірді қырғыз президенті.

Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасында ынтымақ пен бауырластық орнап, ешқашан шешілмейтін мәселелер болмауы керек екенін айтты.

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға сапармен келуге шақырды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты стратегиялық серіктестіктің ауқымды мәселелері, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстарды талқылады.

5306
Кілт сөздер:
президент, Қырғызстан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі сурет

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті Ақорда ресми хабарлама таратты

7357
Әңгіме барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық жайы мен 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады", – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, екі ел басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық жайын және 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысты талқылады.

Оқи отырыңыз: Посткеңестік елдер пандемия жағдайында Жеңіс күнін қалай атап өтеді - видео

Қазақстан мен Ресей президенті екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту саласындағы табысты жұмысын да ерекше назарға алып, қазіргі нәтижелерді айрықша атап өтті.

7357
Кілт сөздер:
Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Жеңіс күніне қатысты қандай шешім қабылданғанын айтты
Тоқаев Қырғызстан президентіне жеделхат жолдады
Тоқаев әскерилер мен полицейлерге генерал атағын берді
Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Тоқаев Үндістандағы жағдайға байланысты үкіметке тапсырма берді
Шавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев пен Мирзиеев телефон арқылы сөйлесті

46
Тараптар өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін көпжақты ынтымақтастықты арттыру қажеттігі туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан  президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады тұңғыш президенттің ресми сайты.

Назарбаев пен Мирзиеев алдымен бір-бірін алдағы мейрамдар – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы мен Ораза айтпен құттықтады.

"Тараптар екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін дәстүрлі тату көршілік, өзара сенім және сан ғасырлық достық рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық қатынасының қазіргі деңгейін жоғары бағалады", - делінген ресми хабарламада.

Ал екіжақты байланыстың жоғары деңгейде дамуына бірнеше дәлел бар. Бүгінде саяси салада тығыз қарым-қатынас орнатылған. Биыл сауда-саттықтың көлемі ұлғайды. Ал шекаралық сауда саласындағы іскер топтардың өзара іс-әрекетіне жаңа мүмкіндіктер жасалып отыр. Бірлескен экономикалық және өңіраралық жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық бағдарламалардың насихатталуы да екіжақты байланыстардың дамуына оң әсер етіп отыр.

Соңында тараптар өңірде бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін көпжақты ынтымақтастықты арттыру және тереңдету қажеттігі туралы пікір білдірді.

46
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Шавкат Мирзиёев, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев: әскери форма киген адам нағыз патриот болып саналады
Назарбаев: Татулықтың арқасында ғана сынақтардан сүрінбей өтеміз
Батут

Орал саябағында тағы төтенше жағдай: батутта ойнап жүрген балалар өлім аузынан қалды

0
Бұл бір аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні орталық бақта орналасқан аттракционнан ақау шығып, сегіз бала жарақаттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Оралда саябақта балалар ойнап жүрген кезде, кенеттен батуттың желі шыға бастаған. Оқиға болған кезде аттракционда 20-дан астам бала болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Оқиға 9 мамыр күні сағат 18.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Саябақта орнатылған батут балалар ішінде болған сәтте аяқ астынан желі шыға бастайды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеороликпен бөлісті. 

"Батут кішкентай емес, биік және көлемді. Оның ішінде түрлі жастағы 20-ға жуық бала болды. Ата-аналар балаларды құтқару үшін бірден аттракционға жүгірді. Кішкентай балалар қорқып, жылап жатты. Кіре берістегі қыз жай ғана бұл оның батуты екенін айтты, тіпті кешірім де сұрамады. Электр қуатының өшірілгенін жеткізді", - дейді Самал есімді қала тұрғыны.

Оның айтуынша, балалар ауыр жарақат алған жоқ, бірақ қатты қорқып қалған.

"Аттракционның иесі ақшаны қайтарғысы да келмеді, кейіннен қайтарып берді. Әңгіме ақшада емес, оқиғада ғой. Егер балалардың бірі ауыр жарақат алса немесе Құдай сақтасын, қайтыс болып кетсе ше? Сонда нағыз қаза болар еді. Бұл аттракциондар неге тексерілмейді? Қосалқы генераторлар неге жоқ? Саябаққа батут неге қояды? Бұл демалыс орны емес пе, аттракционнан аяқ алып жүре алмайсыз. Балаға қауіпті екенін қалай түсіндіруге болады? Жақында ғана аттракционға байланысты оқиға болған еді", - дейді әйел.

Оқи отырыңыз: Оралда ата-аналар әткеншекке мінген балаларын күтіп тұрғанда күтпеген оқиға болды

Бұл арада қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Сәкенов болған жайттан хабарсыз екенін, бірақ тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Кеше демалыс болды, мен кешке дейін жұмыста болдым, бірақ маған бұл жағдай туралы айтылмады. Электр қуаты кеше шынымен сөніп қалды, соған байланысты орын алған оқиға шығар. Бүгін біз қызметтік тексеріс жүргіземіз", - деп атап өтті Жасұлан Сәкенов.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында төтенше жағдай болды. "Калейдоскоп" каруселі кенеттен тоқтап, креслода отырған балалар бір-біріне соқтығысты. Сегіз бала жарақаттанды.

0
Кілт сөздер:
Орал, саябақ, батут
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті
Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды
Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті