Джо Байден

АҚШ президенті Тоқаевқа хат жазды

4215
(Жаңартылды 16:25 12.03.2021)
Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай Америка президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.

"Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ президентінің әкімшілігі өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз. Менің әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған "С5+1" диалог процесін жалғастыруға мүдделі", – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркия президентіне жеделхат жолдады 

Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

4215
Кілт сөздер:
хат, Қасым-Жомарт Тоқаев
Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Назарбаев қорғаныс министрін қабылдады

6441
(Жаңартылды 21:27 14.05.2021)
Қарулы күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес хатшысы Әсет Исекешев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Elbasy.kz.

Кездесуде биыл 19 мамырда өтетін Қауіпсіздік кеңесі отырысының күн тәртібі және жиында қарастыру жоспарланған құжаттар талқыланды.

"Аппарат Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына материалдарды дайындады. Отырыста екі мәселе қаралады. Біріншісі – Қарулы күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі –  шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде. Бірінші мәселе бойынша қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды. Сондай-ақ үкіметпен бірге қаржыландыру және тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды", – деді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев.

Ал қорғаныс министрі жаңа тұжырымдама жобасында көрініс тапқан  армияны құрудың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына бірқатар нақты тапсырма берді.

6441
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті

Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

59
Ашраф Ғани өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Президенттер АҚШ пен НАТО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылып жатқан кездегі ахуал жайында пікір алмасты. Елдегі саяси-дипломатиялық жағдайды ауғандықтардың өзін қатыстыра отырып, бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жол жоқ екені нақтыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанды терроризмнен және заңсыз есірткі тасымалынан ада, біртұтас, бейбіт, бейтарап ел ретінде қалыптастыру жолында барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Осы мақсатта екі ел үкіметтері арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нақты мәселелерін жедел шешуге бағытталған диалогты жандандыру керек.

Ашраф Ғани ауғанішілік диалогты дәйекті түрде қолдағаны және өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мемлекет арасындағы ықпалдастық мәселелерін шешуде іскерлік тәсілді қолданудың маңыздылығы жөніндегі пікірімен келісті. Сонымен қатар Ашраф Ғани Ауғанстандағы ахуалды реттеуге жұмылдырылған халықаралық күш-жігерге Қазақстанның белсенді араласуын өте маңызды деп санайды.

59
Тақырып бойынша
Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды
Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті – Ақорда ресми хабарлама таратты
Тоқаев бес елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан президентін бірнеше елдің басшысы құттықтады
Тоқаев Жапония премьеріне қандай шешім қабылдағанын айтты
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1210
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1210
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы