Саясат

Түркия президенті Қазақстанға келмейді

© AP Photo / DHA / Can ErokПрезидент Турции Реджеп Тайип Эрдоган в защитной медицинской маске в одном из госпиталей Стамбула
Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган в защитной медицинской маске в одном из госпиталей Стамбула - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
Режеп Ердоған 30-31 наурыз күндері Түркістанда өтетін Түркі кеңесінің бейресми саммитіне келуі тиіс болатын

АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Түркия басшысы Режеп Ердоған Қазақстанға жұмыс сапарымен келмейтін болды, деп жазады РИА Новости.

Ол Түркістанда өтетін Түркі кеңесінің бейресми саммитіне бейнебайланыс арқылы қосылады.

"Президентіміздің 30-31 наурызға жоспарланған Қазақстан жұмыс сапары болмайтын болды. Ол саммитке онлайн режимінде қосылады", - делінген Түркия президенті әкімшілігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, Режеп Ердоғанның Түркістанға келетіні туралы өткен аптада хабарланған еді.

2009 жылдың қазан айында құрылған Түркі кеңесі заманауи түркі мемлекеттерін біріктірген халықаралық ұйым. Мақсаты - елдер арасындағы жан-жақты әріптестікті дамыту. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше, ал Венгрия байқаушы рөлінде.

Жаңалықтар
0