Роскошный Дубай занял 36-е место среди самых сексуальных мест планеты

Назарбаев Дубай билеушісіне көңіл айтты

76
(Жаңартылды 10:51 25.03.2021)
Нұрсұлтан Назарбаев Шейх Хамдан ғұмырын халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнағанын айтып өтті

АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға және Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумге Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхаттарын жолдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Назарбаев суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтып өтті.

"Шейх Хамдан саналы ғұмырын халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Ол Біріккен Араб Әмірліктері құрылған уақыттан бері жауапты лауазымдарды атқарып, мемлекеттің гүлденуіне қосқан елеулі үлесі арқылы ел тарихында өшпес із қалдырған отанының көрнекті перзенті. Сондықтан оның жарқын бейнесі әмірліктер халқының жүрегінен өшпес орын алатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің халқына көңіл айтты.

Шейх Хамдан 1945 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келген. Ол Дубайдың марқұм билеушісі Рашид бен Саид әл Мактумның екінші ұлы. 1971 жылы мемлекет құрылғаннан кейін бірден БАӘ өнеркәсіп министрі және қаржы министрі болды.

76
Кілт сөздер:
Назарбаев, Дубай
Тақырып бойынша
Қырғызстан президенті Назарбаев туралы не ойлайтынын айтты
Назарбаев нағыз қауіп туралы айтты
Елбасының баспасөз қызметі Назарбаевтың сөзін жариялады
Назарбаевтың Михаил Горбачевке жазған хаты жарияланды
"Абай аренаға" Елбасының атын беру ұсынылды: Назарбаев өз ойын айтты
Қазақстан әскері

Тоқаев 2030 жылға дейінгі елдің жаңа әскери тұжырымдамасын бекітті

99
Қазақстан тарихында алғаш рет әуе-ғарыштық және зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың тиімді жүйесі элементтерін қалыптастыру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Президент – Жоғарғы бас қолбасшы қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құрудың және дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Ақорда.

"Қорғаныс министрлігі тұжырымдама жобасын мемлекет басшысының 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі халыққа жолдауын іске асыру аясында әзірледі. Бұл құжатты дайындауға ұзақмерзімді перспективадағы дамуға қатысты болжамдарды ескере отырып, қазіргі әскери-саяси ахуал мен шет мемлекеттердегі әскери құрылыстың үрдістері негіз болды", - делінген ақпаратта.

Қауіпсіздік кеңесінің аппараты тұжырымдама жобасын жан-жақты пысықтағаннан кейін, құжат биыл мамырда кеңес отырысында мақұлданды.

Тұжырымдамада әскери қауіпсіздік органдарын 2030 жылға дейін қалыптастырудың және дамытудың негізгі принциптері мен ұстанымдары қамтылған. Бұл құжат аясында атқарылатын іс-шаралар мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге, соның ішінде дағдарыс жағдайындағы әрекет ету  мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Қандай жаңашылдық болады

Қазақстан тарихында алғаш рет әуе-ғарыштық және зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың тиімді жүйесінің элементтерін қалыптастыру жоспарланып отыр.

Елдің орасан зор аумағын және шекаралардың ұзақтығын ескере отырып, әскери-көлік авиациясының күштері мен құралдарын жетілдіру арқылы әскерлердің мобильділігін арттыру шаралары қарастырылған.

Сондай-ақ, арнайы операцияларды орындайтын күштерді дамытуға баса мән берілген.

Қоғамның барлық саласын цифрландыру шеңберінде Қарулы күштердің кибер- және ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттер жөніндегі әлеуеті күшейтіледі.

"Қос мақсаттағы", яғни соғыс және бейбіт уақытта, соның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қолданылатын компоненттерді дамыту жоспарланған. Ең алдымен, мұндай құрамдарға әскери медицина, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері, инженерлік әскерлер, әскери-көліктік авиация жатқызылды.

Жауынгерлік әзірлікті арттыру, әскери бөлімдердің оңтайлы орналасуын, әскери инфрақұрылымның қалыптасуын, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті инфрақұрылымы бар кешенді әскери базаларды құруға біртіндеп көшу жоспарлануда.

Сондай-ақ әскери білім беру, мансаптық өсу, әскери қызметшілерді моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті нығайту, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру шараларын жүзеге асыру көзделген.

"Қарулы Күштерді жарақтандырудың негізгі бағыттары белгіленген. Бұл отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені тарапынан қамтамасыз етілетін болады және кәсіпорындардың өндірісті барынша  тиімді жоспарлауына мүмкіндік береді", - деп жазылған Ақорда сайтында.

Бұл тұжырымдаманы іске асыру мемлекеттің қорғаныс қабілетін және әскери қауіпсіздіктің заманауи қатерлеріне қарсы даярлығын  арттыруға және бейбіт уақыттағы міндеттерді тиімді орындауға бағытталған.

"Отпантау-2021"

Қазіргі әскери қақтығыстарды ескере отырып, жаңа тұжырымдамада көзделген тәсілдерге сәйкес, биыл 6-23 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағында "Отпантау-2021" кешенді әскери оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қатерлер кезіндегі Қарулы күштердің командалық-басқару органдары мен әскери бөлімдерінің, шекара қызметінің, ұлттық ұланның, төтенше жағдайлар министрлігінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы тексерілді.

Алты облыста соғыс жағдайы енгізілген кездердегі облыстардың қорғаныс кеңестерінің жұмысты ұйымдастыруы тексерілді.

Жеті оқу-жаттығу полигонында әскерлер соғыстың жаңа формалары мен әдістерін, құрлықта және әуедегі жауға қарсы тұру мәселелерін пысықтады, сонымен қатар Каспий теңізінің су айдынында десантқа қарсы жаттығу операциясын жүргізді.

Жаңадан алынған қару-жарақ пен әскери техниканың, соның ішінде Су-30СМ ұшақтары, Ми-35 тікұшақтары, жаңа ұшқышсыз ұшу аппараттары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиоэлектронды күрес жүйелерінің жауынгерлік қасиеттері сыналды.

99
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның Қарулы күштері
Тақырып бойынша
Алматыдағы атыс: Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке бір ай уақыт берді
"Бұл компаниялардың тізімі менде бар": Тоқаев кімдерге шүйлікті
Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев
Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды
Алматыдағы атыс: Тоқаев көз жұмған екі полицей мен сот орындаушысын марапаттады
БҰҰ логотипі

"Бауырластықтың шынайы рухы": БҰҰ басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді

32
Гуттериш Қазақстан тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik.  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ миссиясының қашықтағы кеңсесін Алматыда орналастыру туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

Бұл туралы ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу шеңберіндегі кездесу кезінде айтты, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы шара аясында премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Гуттериш Қазақстан тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті.

"Қазақстанның бұл шешімін біз тек көмек ретінде қана бағаламаймыз. Сіз БҰҰ мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін дипломатиялық бауырластықтың шынайы рухын көрсеттіңіз", - деді Гутерриш.

Өз кезегінде министр президенттің БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру жөніндегі бастамасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды.

"Қыс жақындап келеді, екі айдан кейін Ауғанстанның көп бөлігінде жол жабылады, тіпті Кабулдағы әуежайдың тиімді жұмыс істеуі барлық гуманитарлық көмек адамдарға жеткізіледі дегенді білдірмейді", - деді ол БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Осыған байланысты Ілиясов Ауғанстанға халықаралық гуманитарлық көмекті сақтау және тарату үшін баламалы өңірлік хаб құру қажет екенін атап өтті.

БҰҰ бұл идеяны мақұлдады

Оқи отырыңыз: 

32
Кілт сөздер:
БҰҰ, Қасым-Жомарт Тоқаев, алғыс айту
Тақырып бойынша
Кабулдан Алматыға тағы жүзге жуық БҰҰ қызметкері жеткізілді
Ауғанстаннан Алматыға келген БҰҰ қызметкерлері қайда тұрады
БҰҰ Алматыда Ауғанстанға көмек көрсететін хаб құруды мақұлдады – СІМ
Алматылық 5 кісіні өлтірді

Психологтар Алматыда 5 кісіні өлтірген ер адамның әрекетіне пікір білдірді

90
Алматыда бес кісіні атып өлтірген адамда психологиялық ауытқу бар деп айтуға бола ма? Адамдарға қарсы оқ атуға не себеп болды? Басқа адамдар оның бұл әрекетін қайталауы мүмкін бе? Осы және өзге сұрақтарға мамандар жауап берді

АЛМАТЫ, 26 қыркүйек – Sputnik, Ольга Тонконог. Жиырмасыншы қыркүйекте Алматы тұрғыны Игорь Дужнов өзін үйден шығаруға келгендерге оқ жаудырды. Екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі және оның танысы қайтыс болды. Ер адам ұсталды. Бес адамды өлтіргені үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл іске байланысты қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді. Кейбірі банк және сот-атқару жүйесі талапты дұрыс қойды деген пікірде, ал екінші тарап Дужнов және оның отбасының адами құқығы бұзылды деп есептеп, оған жанашырлықпен қарап отыр. Олар сондай-ақ мұндай жағдайға көптеген қазақстандық тап болуы мүмкін екенін айтады.

Сонымен қатар оқиға жария етілгеннен кейін Игорь Дужновтың отбасы мен оның әйелі Анаида Демирчанға қатысты басқа да мәліметтер пайда болды. Бірнеше адам ерлі-зайыпты қарыз алғанын, алайда қомақты қаржыны қайтармағанын айтты. Сондай-ақ 2014 жылы Дужнов Донбаста соғысқан деген қауесет тарады.

Sputnik Қазақстан психология саласындағы бірнеше маманмен сұхбаттасып, бұл жағдай бір адамның мәселесі ме әлде әлеуметтік құбылыс па деген сұраққа жауап іздеді.

Психологиялық ауытқуы бар адамдар сирек қылмыс жасай ма

Соттың түпкілікті шешімі шықпай және ол заңды күшіне енгенге дейін қандай да бір түсініктеме беру, оның ішінде психикалық жағдайына қатысты баға беру этикаға жат. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Ринат Мұзафаров осындай пікірде. Сондай-ақ жеке адам мен оқиға туралы БАҚ арқылы біліп, пікір білдіру кәсіби емес деп санайды.

"Адамның стресс жағдайындағы психологиялық күйі туралы жобалап қана айтуға болады. Бірақ біз әртүрліміз, ал біздің болжамымыз жеке басымыздың, өмірлік тәжірибеміздің, қалыптасқан нанымымыздың призмасы арқылы көрінеді", - деді ол.

Сондай-ақ жалпы денсаулық жағдайын, жеке ерекшеліктерін, микро және макроәлеуметтік ортаның әсерін және оқиғаның алдындағы кезеңдегі психологиялық жағдайды ескеру қажет, - деп толықтырды Ринат Мұзафаров.

Маман құқықбұзушылықтың осы санатына қатысты сот-тергеу шаралары аясында кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу міндетті екенін айтты.

Сондай-ақ ол "жекелеген қару-жарақ айналымын мемлекеттік бақылау туралы" заңға сәйкес, қару алудан бұрын адам рұқсат алуы керек екенін айтты. Шарттардың бірі ішкі істер органдарына терапевт, невропатолог, офтальмолог, психиатр және наркологтан қарсы көрсетілімдері жоқ екенін айғақтайтын анықтама ұсынып, медициналық тексеруден өтуі қажет.

"Атап айтқанда, психиатр мен наркологқа адам динамикалық бақылаудағы жай-күйі туралы деректер базасы бойынша тексеріледі. Психиатриялық куәландыру, психологиялық тестілеу жүргізіледі, психобелсенді заттар метаболиттерінің болу-болмауы зерттеледі", - деді Ринат Мұзафаров.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен азаматтық және қызметтік қару, азаматтық пиротехникалық заттар айналымы саласында рұқсат алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілді.

"Бұл тізімде, органикалық психикалық бұзылулар, шизофрения, шизотиптік және сандырақтайтын жағдайлар, ақыл-ой кемістігі және басқа диагноздар бар", - деді Мұзафаров.

Заңнамаға сәйкес, әр бес жыл сайын медициналық тексеруден өтуі қажет, бірақ барлық тексеру нәтижесі адам жағдайының сол сәтте қандай екенін және содан кейінгі қысқа уақытты ғана көрсетеді. Кейіннен медициналық қарсы көрсеткіштер тізіміне кіретін ауру асқынуы мүмкін.

"Психиатр немесе наркологта тіркелмеген және психикалық ауруы жоқ адамдарға қарағанда қандай да бір тіркеуде тұратын адам атыс қаруын қолданып, адамға қарсы қылмыстар сирек жасайды деп айта аламын", - деп түйіндеді ол.

Нормадан ауытқу ма

Психоанализ институтының директоры, психоаналитик Анна Құдиярова бұл жеке шекара бұзылуы болуы мүмкін екенін айтты.

"Ол адамдардан ақша алып, "лақтырып", қайтармағаны туралы әңгіме...шекараның бұзылуы туралы айтар едім. Ол шекараны бұзады, сөз береді және сөзінде тұрмайды. Содан кейін оның ар-ұяты бар ма деген сұрақ туындайды. Ар-ұяттың болмауы да ауытқу. Себебі баланың жеке басының қалыпты психоэмоционалды дамуы кезінде бес-алты жаста ар-ұят пайда болады", - дейді маман.

Анна Құдиярова ар-ұяты берік адам басқа адамды алдауға және қандай жағдайда да адамды өлтіруге бармайтынын айтты.

"Екінші жағынан, егер ол мұндай қадамға барса, бұл үмітсіздік, шарасыздық. Алайда пайдаға кенелуге келгенде ешкім ар-ұятқа қарамайды, бәрі ұмытылады", - деп атап өтті Құдиярова.

"Банктер адамдардың қайғы-қасіретінен көп ақша жасайды. Бірақ адамдар да әртүрлі. Олар кредит алады, өйткені олардың көпшілігі бала позициясында өмір сүреді : "ең бастысы – алу және жұмсау, ал ертең не болады деп ойлаймаймыз. Анам, әкем мейірімді, олар кешіреді. Банк немесе үкімет несиені кешіреді немесе жабады". Бұл жауапсыз әрекет. Кредитке тәуелділік деген термин бар. Бұл да тәуелділік және кез келген тәуелділік – бұл психикалық ауру", - деді психоаналитик.

Игорь Дужновтың Донбастағы соғысқа қатысуына байланысты Анна Құдиярова соғысты жақсы көретін адамдардан көбінесе жеке шекара бұзылу белгілерін табуға болатынын атап өтті.

"Кем дегенде, бұл социопатия, тіпті психопатия болуы мүмкін. Себебі түрменің орнына олар майданға немесе әскери оқиғаларға барады. Тыныш невротик ешқашан соғыс іздемейді немесе қолына қару алмайды. Бірақ шекара бұзылуы бар адамдар қоршаған әлемге дұшпан көзімен қарайды, агрессивті болады. Сондықтан олар атыс-шабыс фильм көріп қана қоймайды, соның ортасына барады", - деді психоаналитик.

Тығырыққа тірелгендер ессіз әрекетке барады

Психолог-кеңесші Елена Белокурова Дужновтың бастапқыда адам өлтіруді ойламаған болуы мүмкін екенін айтты.

"Біз шабуыл оның аумағында болғанын білеміз, яғни шабуыл оның мақсаты емес еді. Ол өз кеңістігін қорғауға тырысқан және басқа жол таппаған сияқты. Оның іс-әрекеті – бұл адам өз өмірінің қандай да бір оқиғаларын әділетсіз, заңсыз деп бағалағанда және мәселені шешу жолын көрмегенде туындайтын үмітсіздік", - деді Белокурова.

Үмітсіздік шарасыздық, әлсіздік пен қорқыныш сезімдерінен бұрын пайда болады. Белокурова алматылық өзін тығырыққа тірелгендей сезінгенін, ал мұндай жағдайларда адамның әрекетін болжау мүмкін емес екенін жеткізді.

Банк кредит бермес бұрын (әсіресе үлкен мөлшерде) клиенттің төлем қабілеттілігін мұқият тексеретіні белгілі. Егер ол осы қарызды алса, онда өтеуге мүмкіндігі болды.

"Қазір бүкіл әлемдегі өте күрделі, экономикалық тұрақсыз жағдай болып жатыр. Сонымен қатар пандемия және онымен байланысты шектеулер өмірдің барлық саласына кері әсерін тигізді, демек, бұл адам күрделі проблемаларға тап болған", - деді ол.

Елена Белокурова қазір кез келген адам осындай қиын жағдайға тап болуы мүмкін екеніне сенімді. Сондықтан көптеген елде азаматтардың осындай әрекеті мүмкіндігінше аз болуы үшін кредит жүктемесін қалай азайтуға болатыны туралы ойланып жатыр.

"Егер уақытылы шаралар қолданылмаса, онда біздің көптеген азаматымыз өзін тығырыққа тірелгендей сезінуі мүмкін, демек жағдайға байланысты ессіз әрекет етуі мүмкін. Өкінішке қарай, кей адам шешім қабылдайды ал басқалар соның зардабын көреді", - деп толықтырды психолог-кеңесші.

Адам өлтіргеннің бәрі "псих" емес

Клиникалық балалар психологы Жанна Сафиуллинаның айтуынша, адамды өлтіру мен психикалық бұзылыс үнемі бір-бірімен байланысты бола бермейді.

Психолог жеке дағдарыстағы адамдар, көптеген қиын кедергілерге тап болған кезде, қандай да бір қиын жағдайда шешім қабылдау мүмкін болмаған кезде, жасырын депрессиялық күй дамып, суицидтік үрдістер пайда болуы мүмкін деп болжайды. Олар айналадағы адамдар үшін мүлдем көрінбеуі мүмкін, тіпті адамның өзі де біле бермейді.

"Егер адам одан шығудың жолы жоқ деп ойласа, бұл мұндай қылмыстарды тудыратын өте күшті фактор болуы мүмкін. Мен ешқандай жағдайда біреудің жағына шыққым келмейді. Бірақ бұл жағдайда мен әртүрлі жағынан қарауға тырысар едім", - деп кеңес берді Сафиуллина.

Күйзеліс пайда болған қиын өмірлік жағдайда Жанна Сафиуллина көмек сұрауға кеңес береді. Бұл қайғылы жағдайды болдырмауға көмектеседі.

"Мұндай жағдайларда әлеуметтік қолдау қажет. Мұнда тек дәрігерлер немесе психологтар ғана емес, сонымен қатар өте сауатты, жақсы дайындалған әлеуметтік қызметкерлер де көмектеседі. Олар адамды қиын өмірлік жағдайда қолдап, қайғылы жағдай болмас үшін оның туыстарына мамандардың көмегі қажет екеніне назар аудара алады", - дейді психолог.

 

90
Кілт сөздер:
психолог, Алматы, атыс
Тақырып:
Алматыдағы атыс: 5 адам қаза болды
Тақырып бойынша
"Өкінемін, не істегенімді түсінбедім": Алматыда 5 адамды өлтірген адамның соттағы сөзі
"Неге үйіне келіп естіртпеді?": Оққа ұшқан полицейдің туысы жанайқайын жеткізді
"Үйімізді тиынға сатып жіберді": атыс шығарған күдіктінің әйелі оқиғаның мән-жайын айтты
Алматыдағы қанды оқиға: күдікті банкке ғана емес, таныстарына да миллиондап қарыз
Алматыдағы атыс: Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке бір ай уақыт берді