Члены Национального совета общественного доверия

Тайжан министрдің сөзін жоққа шығарды

1508
Ауыл шаруашылығы министрі ақпарат алғысы келетін адам министрлікке келсін деді. Алайда Мұхтар Тайжан ондай жауапқа қанағаттанған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан ауыл шаруашылығы министрінің "жерді ғарыштан бақылау жүйесі істеп тұр" деген сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрметті министр мырза, сіз өзіңіздің баяндамаңызда 1 қаңтардан бастап ғарыш мониторингі республика бойынша істеп тұр дедіңіз. Өкінішке қарай, бұл сөзіңіз шындыққа жанаспайды. Өйткені сіздің шешіміңізбен желтоқсан айында "ИСЖ" ("ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" - Sputnik) деген базаны жауып тастады. Бүгін, үш ай болды, бірінші тоқсан да аяқталайын деп қалды, космомониторинг "соқыр", жұмыс істемейді", - деді Тайжан жер комиссиясының алғашқы отырысында.

Тайжан "ИСЖ" базасын ашу қажеттігін жеткізді. Себебі бұл – мемлекеттік ақпарат. Ондай база ашық болуы қажет.

Ал ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ақпарат алғысы келетін адам министрлікке келсін деді.

"Егер біз ақпаратты ашық бермеген болсақ, онда былтырғы космомониторингті қалай өткіздік? Бұл – бір. Екіншіден, космомониторингке керек ақпараттың барлығын беріп жатырмыз. Бірақ сол космомониторингті жүргізіп жатқан қолдау жүйесіне не керек екені белгісіз. Бір ақпарат сұрайды, екінші ақпарат сұрайды, кей кезде бір-біріне қайшы келеді. Келсін бізге, біздің есігіміз ашық. Қандай ақпарат керек, барлығын береміз", - деп жауап берді Омаров.

Бірақ Мұхтар Тайжан ондай жауапқа қанағаттанған жоқ. Оның айтуынша, министрдің есігі ашық емес, жабық болып тұр.

"Кешірім өтінемін, министр мырза, сіздің есігіңіз, керісінше, жабық қой. Иә, былтыр космомониторинг жыл бойы жұмыс істеді. Иә, миллиондаған жерлер қайтарылды. Ол рас. Бірақ 15 желтоқсанда бұл ақпарат жабылды. Осы мәселені жиналып шешейік. Өйткені космомониторинг үш ай бойы істемей тұр. Жап-жақсы істеп тұрған жүйені не себепті жауып тастадыңыздар? Мен кездесуге дайынмын", - деді Тайжан. 

Айта кетейік, өткен аптада премьер-министр Асқар Мамин "Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы" өкімге қол қойған болатын. Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі көрсетілген. Комиссияның құрамы да жарияланды.

1508
Кілт сөздер:
министр, ауыл шаруашылығы, Мұхтар Тайжан
Тақырып бойынша
"Момын халық". Мұхтар Тайжан қытайлардан неге қорықпау керек екенін айтты
"Көзге көрінбейді": Айдос Сарым парламентке келіп нені түсінгенін айтты
Айдос Сарым жұрттың ашуын келтірген депутаттық төсбелгінің неге қымбат екенін түсіндірді
Мұхтар Тайжан мемлекеттің ақшасын жеп отырғандарды атады
Мұхтар Тайжан Тоқаевқа халықтың көкейіндегі тілекті жеткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады

Қазақстан ЕҚЫҰ-мен тығыз ықпалдастықты нығайта түсуге дайын Тоқаев

20
Президент Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қағидаттары мен құндылықтарына бейіл екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев швед дипломатына ілтипат білдіріп, оның елімізге жасаған сапары ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде де, Швецияның сыртқы саяси ведомствосының басшысы тұрғысынан да өте маңызды екенін атап өтті.

"Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қағидаттары мен құндылықтарына бейіл екенін айтқым келеді. Сіз басқарып отырған Ұйыммен арадағы ынтымақтастық – сыртқы саясаттағы басымдықтарымыздың бірі. Біз аталған Ұйыммен де, оған мүше мемлекеттермен де арадағы тығыз ықпалдастықты нығайта түсуге дайынбыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның тарихи саммитінің қорытындылары Ұйымның дамуына тың серпін бергенін және оның аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты байланыстардың перспективаларын талқылау барысында Қазақстанның Швециямен арадағы өзара ықпалдастықты экономикалық және гуманитарлық салаларға баса мән бере отырып, одан әрі нығайтуды көздейтініне тоқталды.

Министр иностранных дел Швеции Анн Кристин Линде во время визита в Казахстан
© Sputnik / Владислав Воднев
Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линде

Ал Анн Линде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретіндегі осы сапарының өзі үшін маңызды екенін жеткізді.

"ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға зор мән беретінімізді атап өткім келеді", – деді Швецияның сыртқы істер министрі.

Анн Линде Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы лауазымындағы өз жұмысының алғашқы қорытындылары, алдағы жұмыстары, оның ішінде, Орталық Азия бағытындағы жұмыс жоспарлары туралы мәлімет берді.

Әңгімелесу барысында Ванкуверден Владивостокқа дейінгі Еуропа мен Еуразияның ауқымды кеңістігіндегі қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен тәуекелдері талқыланды. Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның алдында тұрған әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адамзаттық сияқты үш өлшемдегі міндетті жүзеге асыру жолдары бойынша пікір алмасты.

20
Архивтегі фото

Тоқаев ІІ Елизаветаға көңіл айтты

3657
(Жаңартылды 13:36 10.04.2021)
Қазақстан президенті Эдинбург герцогі, ханзада Филипптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаға жұбайы ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан мен Қырғызстан тулары
© Photo : пресс-служба правительства Кыргызстана
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбург герцогі, ханзада Филипптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. 

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Ұлы мәртебелі патшайым сіздің және барша британдықтардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. 70 жылдан астам уақыт бойы, әсіресе, Ұлы мәртебелі патшайым сіз таққа отырған сәттен бастап, Эдинбург герцогі тұрақты тірегіңіз және күш-жігеріңіздің сарқылмас көзі болды", – делінген жеделхатта.

Тоқаев ханзада Екінші дүниежүзілік соғыстың құрметті батыры, бүкіл өмірін Біріккен корольдік пен оның тәжіне қызмет етуге арнаған, мұқтаж жандарға көмектесіп, Британия ұлтының, достастық пен одан тыс жерлердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан аса көрнекті, Ұлы мәртебелі биік тұлға болғанын атап өтті.

"Осындай қиын сәтте біздің дұғамыз Сіздің Ұлы мәртебеңізге, корольдік отбасыңызға, сондай-ақ, ханзада Филиппті білетін және қызметтес болған адамдарға арналды. Ол біздің жадымызда парасаттылық пен әділдіктің, батылдық пен өз халқына адалдықтың символы ретінде мәңгі сақталады", – деп түйіндеді Қазақстан президенті.

3657
Газодобывающее предприятие, архивное фото

Еуропаға газды кім жеткізеді: Ресей ме, АҚШ па?

0
Осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ұзаққа созылған қыс еуропаның газ қоймаларын бос қалдырды. Газ қорының үштен бір бөлігі ғана қалды. Америкалықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, көп көлемде сұйылтылған газ ұсынды. Алайда коронавирус дағдарысы Еуропаға мұхиттың арғы жағынан келетін қымбат газға шығындалуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ресейлік шикізатты сатып алуға тура келіп отыр, деп жазды РИА Новости.

Күзде және қыста еуропалықтар 65 миллиард текше метрден астам газ тұтынды. Бұл он жылдық максимумға тең. Бұл туралы Газпром GasInfrastructureEurope-ке сілтеме жасап хабарлады. Алдыңғы жоғары көрсеткіш 2018 жылы болған. Ол кезде ақпан-наурызда Еуропаны қалыптан тыс аяз бен қар жауып қалды.

Ауа райы биыл да тосын мінез көрсетті. Қаңтарда Газпромға аяз құрсауында қалған Еуропаға жеткізілімдерді шұғыл көбейтуіне тура келді. Компания Германияға 32,4 процентке, Францияға 77,3 процентке, Нидерландыға 21,2 процентке, Италияға 100 процентке әдеттегіден артық газ жіберді.

Сонымен қатар суықтың беті қайтпаған Азияға да экспорт артты. Нәтижесінде нарықта тапшылық пайда болып, бұл споттық бағаның шарықтауына алып келді. Ол бойынша тауарлар, бағалы қағаздар немесе валюта шұғыл жеткізу шарты бойынша сатылады.

Мысалы, Азияда баға кесімі мың текше метр үшін 1 000 доллардан асқан сәт болды. Кейбір мәмілелер 1400 бағасы бойынша жасалды. Еуропада баға 300 доллар болып белгіленді. Ал "Газпромның" 2021 жылға арналған бюджетінде 170 деген баға көрсетілген.

Нәтижесінде алыс шетелге жөнелтілген ресейлік экспорт 19,5 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46 процентке көп.

Ақпан айында да ауа райы қуанта қоймады. Осы айда үш күн қатарынан еуропалық қоймалар тәулігіне миллиард текше метр жіберіп отырды. 25 наурызға қарай қоймадағы газ қорының көрсеткіші 29 процентке дейін түсті. Германия мен Автрияда – 26, Нидерландыда – 23, Францияда – 17.

Алдағы қыста суықтан қорғану үшін еуропалықтарға өткен жылғыдан 57,3 процентке артық газ өндіру қажет. Бұл 2020 жылы Франция мен Нидерландыға жеткізілген экспорт көлеміне тең. Қоймаларды толтыру бойынша басталған газ өндіру науқаны 2011 жылғыдан кейінгі ең ауқымды шараға айналмақ.

Еуропа нарығындағы ресейлік шикізаттың үлесі 2020 жылы шамамен 33 процентті құрады. Бұл жөнінде "Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова мәлімдеді. Оның айтуынша, "үшінші тоқсанда-ақ экспорт көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен асып түсті". Импорттаушылар алдындағы барлық міндет толық орындалды. Жыл соңына қарай келісімшарт бойынша баға еуропалық хабтардағы споттық бағадан төмен болды. Бұл да қосымша жеткізулерді орындауға ықпал етті.

Еуроодаққа көгілдір отын Ресейден бөлек Норвегия, Катар, Алжир, АҚШ пен Нигериядан жеткізіледі. Басты тұтынушылар – Германия, Ұлыбритания және Италия. Немістер мен ағылшындар ресейлік газды "Солтүстік ағын" құбыры арқылы алып отыр. Басқа амал жоқ. Әрине сұйылтылған табиғи газға ауысуға болар еді. Бірақ ол тым қымбат. Сонымен қатар ол үшін арнайы терминалдар керек. Ал Германияда мұндай техника қарастырылмаған. Сұйылтылған табиғи газ ол елге Бельгия мен Нидерланды арқылы жеткізіледі.

Италия мен Ұлыбританияда қажетті терминал бар. Бірақ олар да құбыржол газынан бас тартуға асығар емес. Сол себепті ресейлік энергия ресурсын сатып алушылар АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы ашқан соғысын қолдамай отыр. Жалпы ресейлік жобаның қарсыластары аз емес. Олардың қатарында Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия бар.

Жалпы Варшава 2022 жылға қарай Ресей газынан бас тартуға дайын екенін бұған дейін мәлімдеген болатын. Поляктар Солтүстік теңізде норвегиялық қайраңдағы Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр.

Жалпы дағдарыстың беті әлі қайта қойған жоқ. Ал сұйылтылған табиғи газ баяғыдай құбыржол газынан қымбат болып тұр. Оның үстіне "Газпром" бәсекелестеріне қарағанда өндіріс көлемі мен тәуліктік жеткізу көлемін өте жылдам арттыра алады.

Г.В.Плеханов атындағы РЭУ доценті Александр Тимофеев "Солтүстік ағын" жобасының өзін-өзі ақтауы әлі де нақты болмағандықтан, батысеуропалық бағыт басымдықта тұр деп санайды.

"Ұзаққа созылған қыс сұранысты арттырды. Бұл күзге қарай бағаның қымбаттауына алып келеді", - дейді ол.

Ресей ЖЭК даму мәселелері жөніндегі тәуелсіз кеңесшісі VYGONConsulting пікірінше, осы жылы "Газпром" алыс шетелге жөнелтетін экспорт көлемін 210 миллиард текше метрге дейін арттыра алады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 17 процентке, коронавирус дағдарысына дейінгі 2019 жылғыдан 5,5 процентке артық.

Осылайша бірінші тоқсанда "Газпромның" экспорты 30,7 процентке өсті.

"Бұған дейін жабдықтаушы бюджетке мың текше метр газ үшін 170 доллар көлеміндегі бағаны көрсеткенін ескеру керек. Бірақ содан кейін жоспарлар қайта қаралды. Енді орташа жылдық баға 200 доллар деп болжануда. Себебі ұзақ мерзімді келісімшарттар көбіне еуропалық споттық бағаларға тәуелді. Оның үстіне газ бағасы тікелей тәуелді мұнай бағасы да шарықтап кетті. Сондықтан "Газпром" өз тұтынушыларын жоспарының негізді екеніне сендіре алуы әбден мүмкін", - дейді TeleTrade ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Жалпы газ бағасы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін де қымбаттай берді. Қазір нидерландтық TTF (Title Transfer Facility Natural Gas Price Index) хабындағы спотта мың текше метр газ бағасы 252 доллар. Бұл 2018 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткіш.

Нәтижесінде осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting. Ал бұл Ресейдің мемлекеттік бюджетіне майдай жағады.

0